Кейде сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін, айтқан ойын келтіріп отырады. Сөйтіп, бір сөйлемнің ішінде екі адамның сөзі, пікірі, ойы қолданылады. Мысалы: Ол айтты: «Мен бұны ертең істеймін». He said: «I’ll do it tomorrow». Бұл мысалда «Мен бұны ертең істеймін» — «I’ll do it tomorrow» деген оның сөзі өзгерілместен сөйлемнің ішіне енген. Міне, осындай біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде берілуін төл сөз дейміз (Direct Speech).
Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын сақтап беруін төлеу сөз дейміз (Indirect Speech). Ол оны ертең істейтінін айтты. He said that he would do it in the next day.
Ағылшын тілінде төл сөздің алдында үтір немесе қос нүкте қойылады, ал төл сөз тырнақша ішінде жазылады.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда шақтардың қиысу ережесін қадағалаған жөн.