Ағылшын тілінде 2 етіс бар: Active Voice (ырықты етіс) және Passive Voice (ырықсыз етіс).
Іс-әрекеттің иесі, орындаушысы белгілі, қимыл субъект арқылы істелетінін білдіретін етіс ырықты етіс деп аталады. Мысалы: John cooked the dinner last night. – Джон кеше кешкі ас дайындады.
Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінетін етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады. Мысалы: The dinner was cooked last night. – Кеше кешкі ас дайындалды.
Passive Voice көмекші етістік to bе + Participle II (өткен шақ есімшесі) арқылы жасалады.
Қолданылуы:
- Егер бастауыш белгісіз болса: Rome wasn’t built in a day.
- Егер бастауыш болса, бірақ by предлогымен берілген толықтауыш болып келсе: The music was composed by Beethoven.
- Мынадай етістіктер қолданылса: to build, to composed, to damage, to design, to destroy, to discover, to invent, to make, to write. Who designed St.Paul’s Cathedral?
Ырықсыз етісте келесі шақтар қолданылады:
Aspect |
Tense |
Present |
Past |
Future |
Indefinite |
am is asked are |
was were asked |
shall will be asked |
|
Continuous |
am is being asked are |
was were being asked |
———— |
|
Perfect |
have has been asked |
had been asked |
shall will have been asked |
Мысалы:
Active Voice |
Passive Voice |
Present Indefinite Tense |
|
Dana washes the room. |
The room is washed (by Dana) |
Past Indefinite Tense |
|
Dana washed the room |
The room was washed (by Dana) |
Future Indefinite Tense |
|
Dana will wash the room |
The room will be washed (by Dana)
|
Present Perfect Tense |
|
Dana has washed the room |
The room has been washed (by Dana) |
Past Perfect Tense |
|
Dana had washed the room, before I came. |
The room had been washed, before I came. |
Future Perfect Tense |
|
Dana will have washed the room by 10 o’clock. |
The room will have been washed by 10 o clock. |
Present Continuous Tense |
|
Dana is washing the room |
The room is being washed (by Dana). |
Past Continuous Tense |
|
Dana was washing the room. |
The room was being washed (by Dana). |
Future Continuous Tense |
|
Dana will be washing the room at 10 o clock. tomorrow. |
——— |
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Сөйлемдерді ырықсыз етіске айналдырыңыз:
Үлгі: Do they sell clothes in this shop? — Are clothes sold in this shop?
- 1. Liz showed me some holiday pictures.
- 2. Someone is cleaning the windows.
- 3. She tapped him on the hand with her pen.
- 4. I don’t like people laughing at me.
- 5. People spend a lot of money on food.
- 6. Is Sue washing the car?
- 7. Who made this mess?
- 8. Grandfather is going to tell the children a story.
- 9. They will open the new sports centre soon.
- 10. They made him confess to the robbery.
Жаттығу №2
Сөйлемдерді Present Indefinite Passive-ке қойып жазыңыз:
the documents / print
the window / open
the shoes / buy
the car / wash
the litter / throw away
the letter / send
the book / read / not
the songs / sing / not
the food / eat / not
Жаттығу №3
Сөйлемдерді аударыңыз:
- Мен айттым. – Маған айтылды.
- Мен көрсеттім. – Маған көрсетті.
- Ол әкелді. – Оны әкелді.
- Біз сұрадық. – Бізден сұрады.
- Біз жауап бердік. – Бізге жауап берілді.
Жаттығу №4
Жақшаны ашып, етістіктерді ырықсыз етіске қойыңыз:
- The postbox (to empty) every day.
- The stamps (to postmark) at the post office.
- The letters (to sort) into the different towns.
- The mail (to load) into the train.
- The letters (to deliver).