Ағылшын тілінде сөзжасамның мынадай түрлері бар:
- түбірлердің немесе сөздердің бірігуі арқылы;
- конверсия;
- аффиксация (префиксация және суффиксация);
Сөздердің құрылымын белгілеу үшін мынадай қысқартулар қолданылады:
А – adjective сын есім
Adv.- adverb үстеу
N — noun зат есім
Num.— numeral сан есім
P.I — Participle I есімше І
P.II — Participle II есімше ІІ
Prep.- preposition предлог
R — root түбір
V — verb етістік
- Түбірлердің немесе сөздердің бірігуі
Ағылшын тілінің сөздік қорын толықтырудың негізгі жолы болып табылады. Жаңа сөз екі немесе одан да көп сөздердің бірігуі арқылы жасалады:
а) күрделі зат есімдерден:
N + N coal – field көмір бассейні
A + N blackboard сынып тақтасы
Prep. + N inside ішкі бөлім
V + N grindstone ұштағыш
N + Prep. + N father-in-law қайын ата
б) күрделі сын есім:
A + A dark-red қара қызыл
Num + N first-class бірінші класстық
N + A waterproof су өтпейтін
A + P.II whitewashed ағартылған
Adv. + P.II well-known өте танымал
N + P.II man-made жасанды
в) күрделі етістіктерден:
A + V to broadcast радиодан хабарлау
- Конверсия
Бір сөз табының басқа сөз табына ауысуы.
а) сөздердің оқылуы және жазылуы өзгермей:
V – N – A to light- light-light жарық беру- жарық (шам)- жарық
V – N to work –work жұмыс істеу –жұмыс
V – A to free- free босату –бос
б) соңғы дыбыс немесе екпіннің өзгеруі арқылы:
N – V ‘increase- to in’crease ұлғаю- ұлғайту
use [ju:s] – to use [ju:z] қолданыс- қолдану
- Префиксация
Жаңа сөздерді префикстердің (приставкалар) көмегімен жасау:
а) re – [ri:] қайталау мағынасын білдіреді:
re + A/N/V recurrent қайталанатын
to re-read қайтадан оқу
б) со – [kou] жалпылау мағынасын білдіреді:
co + A/N/V co-ordinate барабар
co-existence қатар өмір сүру
co-operate ынтымақтасу
в) out –[aut] бір нәрсенің шамадан тыс шығу мағынасын білдіреді:
out+A/N/V outstanding атақты
outhouse флигель
to outweight іліп қою
г) over – [ouver] «жоғары», «шамадан тыс» (сверх, над, пере-) дегенді білдіреді:
over+N overload шамадан тыс
д) pre – «алдында», «дейін» мағынасын білдіреді:
pre+N prewar соғысқа дейін
е) sub – «астында» мағынасын білдіреді
sub+N subsoil топырақ асты
ж) болымсыздық мағынасын білдіретін префикстер (non-, un-, mis-, dis-, in-, il-, im-, ir-):
non+N/A non-agression шабуыл емес
non- existent жоқ болу
un+A uncommon әдеттегі емес
mis+V misunderstand дұрыс түсінбеу
dis+N disarmament қарусыздану
in/il/im/ir+A/N incomplete толық емес
illiterate сауатсыз
impossible мүмкін емес
irregular жүйелі емес
Суффиксация
Жаңа сөздерді суффикстардың көмегімен жасау;
а) іс-әрекет жасаушының мамандығын, ұлтын білдіретін нақты зат есімдердің сөз жасау құрылымы:
V/R+er/or/ent teacher мұғалім
elevator элеватор
student студент
N/R+ary/ist/ian revolutionary революционер
artist артист
librarian кітапханашы
Russian орыс
б) дерексіз түсінікті білдіретін зат есім құрылымы:
V/R+sion/ation/tion/ssion explosion жарылыс
introduction кіріспе
transmission берілім
V/A/N +ance/ence/dom/ment/ness/ship/ure/hood
appearance сыртқы келбет
difference айырмашылық
freedom бостандық
payment төлем
darkness қараңғылық
friendship достық
pressure қысым
childhood балалық шақ
в) сын есім құрылымдары:
V/R+al/a(i)ble/ful/ic/a(e)nt/ive/ish/y
central орталық
changeable өзгермелі
powerful мықты
patriotic патриоттық
distant алыс
active белсенді
Polish польшалық
icy мұздай
г) сын есім құрылымдары:
Num+teen/ty(e)th
fourteen он төрт
fourty қырық
fourth төртінші
fourtieth қырқыншы
д) үстеу құрылымдары:
N+ly namely атап айтқанда
A+ly hardly мүмкін емес
е) етістік құрылымдары:
R/N/A+ate/ute/ish/(i)fy/ize/en
to graduate бітіру (ЖОО-нын т.б.)
to contribute үлесін енгізу
to finish аяқтау
to purify тазалау
to specialize мамандану
to harden тұрақтану
ж) есімше құрылымдары:
V+ing/ed studying оқушы
played ойнаушы
Cуффикстардың көмегімен сөз жасау
Сөз табы |
Суффикс |
Сөзжасам |
Зат есім |
— ance (-ence) |
to perform — performance |
— er |
to work — worker |
|
— ing |
to build — building |
|
— (t)ion |
to decorate — decoration |
|
— ism |
social — socialism |
|
— ist |
social — socialist |
|
— (i)ty |
active — activity |
|
— ness |
happy — happiness |
|
— ment |
to developed — development |
|
Сын есім |
— able (- ible) |
to enjoy – enjoyable |
— an (-ian) |
Russia – Russian |
|
— ant (- ent) |
to differ – different |
|
— al |
continent – continental |
|
— ful |
help – helpful |
|
— ic |
hero – heroic |
|
— ish |
yellow – yellowish |
|
— ive |
to act – active |
|
— less |
help — helpless |
|
— ous |
mountain – mountainous |
|
— y |
rain — rainy |
|
Етістік |
— ize (- ise) |
to organize — organise |
— en |
less – to lessen |
|
Үстеу |
— ly |
nice — nicely |
Бекіту жаттығулары
Жаттығу №1
Берілген суффикстардан жаңа сөздер құрастырыңыз:
-ful – beauty, wonder, care
-less –fruit, help, care
-ous –fame, glory, cure
-ab/e/-ible-convert, comfort, depend
-al –clinic, practice, experiment
— er/-or-work, teach, recard
-ment— require, treat, require
-ance/-ence-enter, exist; evident
-ing-teach, build, admire
-ness-bitter, backward, aware
-tion/- sion-fix, prepare, add
-ist— science
Жаттығу №2
Сөздерді аударып, суффикстардв атаңыз:
Baseless, careless, famous, dangerous, eatable, responsible, clinical, cultural, numerous, noxious, mournful, speakable.
Жаттығу №3
Суффикстар мен префикстерді атап, сөздерді аударыңыз:
Untrue, prehistoric, ultramodern, postwar, ex-champion, anti-body, decompose, decode, deform, depart, discover, disappearance, reread, reconstruct, coauthor, unequal, misunderstand, undress, disarm, anti-fascist, cooperation, co-existence, interaction, superhuman, ultra-violet.
Жаттығу №4
Төмендегі сөздер қай сөз табына жататынын анықтаңыз және аударыңыз:
- Achievement — achieve, resistance — resistant, assistance — assist — assistant, celebration — celebrate, difference — different, city — citizen, nation — national — nationality, measure — measurement, develop — development, act — active — activity, contain — container, discover — discovery — discoverer, literature – literary.
- British, foolish, understandable, heartless, pitiless, successful, experiment, function, musician, socialist, artist, capitalism, professional, fundamental, industrial, doubtful, useful, different, treatment, creative, attractive, peaceful, dangerous, elementary, childish, active, economic, director, worker.
- React, reaction, reactor, reactivity; science, scientific, scientist; industry, industrial, industrious; cold, coldly, coldness; dark, darkness, darken; happy, happily, happiness, unhappy; equal, equally, unequal, equality; free, freedom, freely; attention, attentive, attentively; sun, sunny, sunless; care, careful, careless, carefully, carelessness.
Жаттығу №5
Төмендегі етістіктерден -еr немесе –or суффикстары арқылы зат есім жасаңыз. Қазақ тіліне аударыңыз:
To lead, to write, to read, to visit, to speak, to sleep, to act, to direct, to conduct, to drive, to fight, to mine, to report, to sing, to skate, to swim, to teach, to travel, to sail, to invent, to found, to compose.
Жаттығу №6
-ful, -less және -able, -ible суффикстарының көмегімен сын есім жасаңыз, қазақ тіліне аударыңыз:
Beauty, thank, hope, doubt, care, aim, use, shape, fruit, power, thought, harm, colour. Change, convert, prevent, break, compare, desire, profit, read, comfort, respect, expect.
Жаттығу №7
Сын есімдерді 3 топқа бөліп жазыңыз: 1) адам, 2) жер, 3) зат:
Obstinate, unspoilt, hand-made, waterproof, easy-going, breathtaking, aggressive, deserted, overgrown, overcrowded, cunning, picturesque, arrogant, long-lasting, spoilt, automatic, accurate, artificial.
Жаттығу №8
Төмендегі зат есімдерден етістік жасаңыз. Аударыңыз:
Turn, smile, smoke, snow, start, stay, step, stop, study, talk, visit, rest, air, paper, cover, handle, cause, watch, act, address, answer, brush, clean, cross, crowd, wave, wish, work, dance, doubt, dress, end, fight, help, hope, joke, laugh, lift, light, love, mind, paper, pencil, place, plan, play, post, reply, report, return, sail, show. Red, tight, soft, deep, short, dark, bright, weak, black, white, sweet, sharp, strength.