Сын есім — The Adjective

 

Заттың сынын, сапасын, түр-түсін білдіретін сөз табын сын есім деп атайды.

Ағылшын тілінде сын есімдер тек шырайлар арқылы өзгереді. Үш шырайы бар: жай, салыстырмалы және күшейтпелі.

Сын есім шырайларының жасалуына байланысты 3 топқа бөлінеді:

  1. Бірбуынды – long, short, big және т.б., сонымен қатар –у, -le, -e, -er, — ow –ға аяқталатын екібуынды сын есімдер – easy, early және т.б.
  2. Көпбуынды – interesting, difficult және т.б.
  3. Ережеге бағынбай жасалатын сын есімдер good, bad, little, far, many, much.
  4. Бірбуынды сын есімдерден салыстырмалы шырай жасау үшін сын есім түбіріне – er жұрнағы, ал күшейтпелі шырай жасау үшін –est жалғанады.

Мысалы: long –longer – the longest (ұзын- ұзынырақ- ұп-ұзын)   

                 short – shorter – the shortest (қысқа – қысқарақ – қып-қысқа)

                 big – bigger – the biggest (биік- биігірек – ең биік)

                 easy – easier – the easiest (оңай- оңайырақ – оп-оңай)

ІІ. Екібуынды сын есімдерден салыстырмалы шырай жасау үшін сын есімге more, ал күшейтпелі шырай жасау үшін the most сөзі тіркеседі.

Мысалы: interesting – more interesting – the interesting (қызық – қызығырақ – ең қызық) 

                  difficult – more difficult – the most difficult (қиын – қиынырақ – ең қиын)

III. Ережеге бағынбай жасалатын сын есімдерді есте сақтаған жөн.

           good – better – the best (жақсы – жақсырақ – ең жақсы )

           bad – worse – the worst (жаман – жаманырақ – ең жаман)  

           little – less – the least (кішкене – кішірек- кіп-кішкентай)

           far – father, further – farthest, furthest (алыс- алысырақ – ап-алыс)

           many, much- more- the most (көп – көбірек- ең көп)

Ағылшын тілінде салыстырмалы шырайда than жалғауы қолданылады.

Мысалы: My daughter is younger than yours. – Менің қызым сіздікінен жасырақ.

Сындары бірдей зат есімдерді салыстырғанда as….as тіркесі, ал сындары әр түрлі (арттық, я кем) болғанда not so….as тіркестері қолданылады.

Мысалы: This book is as interesting as that one – мынау кітап анау кітаптай қызықты.

This girl is not so tall as that one- мынау қыз анау қыздай ұзын бойлы емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *