Тәуелдік есімдіктері (possessive pronouns)

 

Тәуелдік есімдіктері тәуелділікті білдіреді және whose? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Олардың екі формасы бар: жай және абсолюттік.

 

Жақ

Жіктеу есімдіктері

Тәуелдік есімдіктері

Жай формасы

Абсолюттік формасы

1

I

мен

my

менің

mine

менікі

2

you

сен

your

сенің

your

сенікі

сіз

сіздің

сіздікі

3

he

ол

his

оның

his

оныкі

she

ол

her

hers

it

ол

its

its

1

we

біз

our

біздің

ours

біздікі

2

you

сендер

your

сендердің

yours

сендердікі

сіздер

сіздердің

сіздердікі

3

they

олар

their

олардың

theirs

олардікі

 

Тәуелдік есімдіктерінің жай формасы анықтауыш қызметін атқарады және анықтайтын сөзінің алдында тұрады:

I know him and his brother.                              Мен оны және оның ағасын білемін.

Тәуелдік есімдіктердің абсолюттік формасы да анықтауыш қызметін атқарады. Бұндай жағдайда ол of предлогымен енгізіледі және зат есімнен кейін тұрады:

He is a friend of mine.                                      Ол менің досым.

Тәуелдік есімдіктердің абсолюттік формасы сонымен қатар атау тұлғалы баяндауыштың қызметін атқарады:

This book is mine.                                           Бұл кітап менікі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *