Достық — адамдардың бір-бірімен адал, сенімді қарым-қатынасы.
Достық туралы айтылар әңгіме көп. Тіпті, ақын-жазушылар бұл тақырыпты шығармаларына арқау еткен. Достық кең ұғым болған соң оның болмысын білуде көбінесе қате ойлаймыз.
Адамның шын дос екенін байқап көру үшін оған қарызға ақша беріп көру керек, онымен сапарға бірге шығып көру қажет, т.б. сынақтардан бірге өту керек. Қазақ халқы: «Бір дос — мұрныңнан қан шыққанша, бір дос — қораңнан мал шыққанша, бір дос — кеудеңнен жан шыққанша», — дейді. Жаны ашитын достың аз болғаны да жақсы емес. Досың көп болса, жау алмайды.