Осыдан 10-15 жыл бұрын таңертең көшеде жұмысына асыққан немесе өзінің жеке шаруасына бет алған жаяу жүргіншілерді кездестіретінбіз. Ал қазір ше? Үйлерінен шыға сала таксиге мінеді я болмаса өзінің жеке көлігіне отырады. Тұрғындар жаяу жүруді мүлдем ұмытқан. Америкалық ғалымдар зерттеу жүргізіп, таза ауада серуендеу мен жаяу жүру – жүгіруден де пайдалы екенін анықтаған. Мамандардың айтуынша, жаяу жүру – жүрек, қан тамырлары жұмысының қалыпқа түсуіне өте пайдалы. Сол арқылы қан бүкіл ағзаға тарап, қан айналымы жақсарады. Сондай-ақ өкпеге де пайдасы мол, тыныс алу жолдары кеңейеді. Жаяу жүрген адамда физикалық күш холестерин дейгейін төмендетіп, қан қысымын қалпына келтіреді және диабеттің даму қаупін азайтады. Денедегі барлық органдар қимыл-қозғалысқа түсетіндіктен, ішкі құрылысымызға өзінше бір массаж сияқты әсер етеді. Яғни аяқтың, т.б. органдардың бұлшық еттерінің жұмысы жақсарады.
Бір сөзбен айтқанда, ауырмаудың жолы – аяқтың қызметін пайдалану. Сондықтан баратын жерімізге бір мезгіл көлікпен емес, жаяу баруды әдетке айналдырсақ екен.
Айнұр НАЗАРОВА.
osken-onir.k