Күнікейдің жазығы

 
Күнікейдің жазығы
КҮНІКЕЙ ҒОЙ БҰ ЖАТҚАН
Жаялықша жалпиған, жарқанатша қалқиған, жермен-жексен шым қора, бейнеуі жоқ сұм қора. Шым қорада-
жер үйде, желпіндірмес кор үйде, арса
-арса болып сүйегі, қалақтай болып иегі, жаңқадай жоқ жақ еттен, саусақтары шілбиіп, көлеңкедей кілбиіп, бұ жатқан қай аруақ? Әлсін-әлсін демігіп, тық-тық еткен жөтелі өңменіңнен өткендей, алма еріні кезеріп Бетпақ кезіп кеткендей, кимешегі қолқылдап қуыршаққа тіккендей, сатпақ-сатпақ жастығы жастық емес кетпендей, сар төсек боп сарғайып-бұ жатқаның қай әйел?
Білмесеңіз айтайын
Күнікей ғой бұ жатқан. Күзден жатқан Күнікей-жазға жетті ілініп: күндері ғой, жан шіркін, үзілмейтін созылып.
Көктем күні күледі, күліп еді жер түледі. Түлегені емес пе ақ кебінін сыпырып, көк
торғынға бөленді. Қызыл жасыл, ақ көкшіл бейне кілем түріндей, гүлдер гүл гүл жанады, күлкілдеген гүл жапырақ, сағымданған күлім бел терезеден көз салса, Күнікейдің көңіліне жазылмас жара салады.
Аһ, дариға, дариға! Күнікей сау боп жүрер ме еді! Қырдан тезек терер ме еді! Қырдан қия кезер ме еді! Шырқап
әнге салар ма еді! Әнге салса, ол бітіп, қапқа қары талар ма еді!..
Жалғыз әйнек жаман үй, төсеніші-жалаң ши. Жаман шидің төр жағы-ала сырмақ
текемет, текеметте-
Күнікей, жалғыз әйнек түбінде. Алты көзден үшеу жоқ, лақтар ойнап
сындырған. Қалғаны аман қалсын деп, әйнекті жүдә жұлдырған. Күн жылыда не керек?
Бала-шаға, қозы-лақ жол қып алды әйнекті. Лақ ойнақтап көрпеге, жығып кетеді шәйнекті.
Шәйнекте шалап сусын бар, шалабын қорғап Күнікей айтып қояды: «Шай»!
-деп те.
Ойнақтаған құлдыр лақ-шай дегенді біле ме? Лақ қарғыса әйнектен, запы болған Күнікей, қолын созады шәйнекке.
Күнікейдің серігі
әйнектен ескен жел болады. Күнікей жалғыз жатқанда, қозы
лақ пен
қарлығаш
бейне бір дүйім ел болады. Ауыл
үйден Күнікейге келушілер кем болады.
Қашан
жа
тқан Күнікей? Қашан өлген Күнікей? Қашанғы көңілін сұрарсың? Соған қарап
отыр ма? Шаруасы бар әркімнің.
Оқта
текте Күнікейге бір айналып, кіші үйдегі Айдарлым келеді.
Айдарлым
ау, жап
жас боп аяуды қайдан білесің? Мүшелге жаңа жеттің ғой…
Айналайын өзіңнен! Сусының бар ма, апатай?.. Қалайсың деген сөзіңнен!.. Сен болмасаң,
қарағым!..
деп қояды Күнікей, деміге сөйлеп ентігіп. , Айдарлым кетсе, Күнікей жалғыз
жатады
күркілдеп:
Уһ… алла
ай!..
деп күңкілдеп.
Күнікейдің серігі
әйнектен ескен жел болады. Күнікей жалғыз жатқанда қос қарлығаш ел
болады.
 
 
Түйірлеп тасып топырақ, қыл
қыбыр, шөп
шар, жанырақ, біріне
бірі жапсырып, қос
қарлығаш қалбаңдап, ұя орнатты дөңбек
ке: балалап, өсіп
еңбекке. Жалығу жоқ шіркінде:
жаралғандай еңбекке. Күнікей жатыр бақылап, қарлығаштың өнерін жатқандай
ақ
көрмекке.
Қарлығашта
дамыл жоқ: есі
дерті ұясы, бірі кетсе, бірі кеп, ақ қанаты дірілдеп, қос
құйрығын қалақ қып, құртымтай боп құнт
иып, бұғып қана қылтиып ұясына жатады.
Зайыбы ұя басқанда, байы жүреді бәйек боп: әлсін
әлсін келгіштеп, жарының жайын
білгіштеп.
Қарлығаш
екеш қарлығаш бір
біріне қайырылғыш, бірін
бірі сыйлағыш. Адамзатқа не
болды? Күнікейден безгендей, Күнікей мәңгі өлг
ендей, суық топырақ көмгендей,
Айдарлымнан өзгесі шетінен түге үмытып.
Баласы қайда Күнікейдің «апалап» бір уақ келетін? Жұбайы қайда Күнікейдің, қияметтік
жолдасы? Күнікей бүйтіп жатқанда, жастық қойып басына, қолынан сусын беретін?
Ауылы қайда Күнікейдің
, келіп
кетіп жүретін?
Жалғыз перзент демесең, аулы да бар он шақты үй, байы да бар соқталдай, бауыры да бар
байының
немерелес әмеңгер. Күнікей сауда үйінен, үйірімен шықпайтын, өңшең қортық
кеген кез.
Бар болса, олар қайда жүр, бірі басын көрсетпей? Ауы
лды қойшы, ауыл ғой, жайшылықта
бауыр ғой. Байы қайда Күнікейдің? Қосағы бүйтіп жатқанда, қолының ұшын бір бермей,
жанына жақын бір келмей?
Келмек тұрып сұнқа адым, шұлық жамап қаңғып жүр, қатқан бар деп қай үйде
көкше
түтін аңдып жүр, жамауменен жан сақ
тап, қара басын қамдап жүр.
Қамдағаны
құрысын! Күнікейдін көзі тіріде бір қатынмен сөз байлап, алуға соны оңтайлап,
төртті
бесті қараның бір
екеуін беруге, бүгін
ертең қам қып жүр.
Күнікейдің көзі төрт, көкірегі жанған өрт. Бәрінен де жанына Батып жаткан о
сы дерт.
Ауыл
аймақ, абысын, не жақыны
алысы, не тамыры
танысы, не алған серігі, жеті жылғы
жолдасы
бәрі бірдей безгендей, Күнікей сонша не жазды?
Не жазғанын бейбақтың мен айтайын, жігіттер, құлағыңды сала бер, көкейіңе ұнаса,
мәнісіне қана бер.
О
Л КҮНДЕ
Ол күнде Күнікейдің бала кезі, сүю мен жек көруден таза кезі.
Сонда да:
Мені сүйген жігітте не арман бар? Айтып тұрған секілді отты көзі. Күнікейдің әкесі
Құлтума
ды. Құлтума құл боп туды, ұл тумады. Құл туғанын сонан біл: Ордабайдың өмірі
қойын ба
ғып
қолтаулады. Шешесі Күнікейдің ІІІекер еді, өзі де Шекер десе шекер еді,
Құлтуманы «Шекердің байы» деуші еді, Шекерді «катыны» деу бекер еді.
 
 
Өйткені
:
Ак жаулык, кылаң ұрған. кылаң Шекер, Етегі аяк басса, бұлаң етер. Мықынын қысып
қалсақ
:
Ой қағынды! Қ
ойшы!
деп еркеленер, бұраң етер. Ордабайдың ауылы
өңшең боз
бас, Қолы бос, делебесі неге қозбас? Қызды ауылды торудан торықса да,
Немесе оңайына обықса да, Шекерден айналып кеп әйел озбас! Күнікейдің ағасы бар:
Жұматай таз. Тамақ беріп жұмсаса, ол соған
мәз. Көп бала бұралқы итше түйе бас қып,
Желін кап тақиясын алып кашып: «Тазым, тазым. таққан таз, Тазды құдай қаққан таз, Бес
ешкісін баққан таз. Үй айнала кашқан таз, Туырлыққа тышкан таз… Әуескі, жынды көкек,
коңыр ала қаз…»
деп ажуалап, ыза қылуш
ы еді.
Әкесі
қойшы Құлтума, ағасы Жұматай таз, «қоңыр ала қаз, алпыс үйрек, бір тырна, жата
қалып жер тырна» болса да, Күнікей Құлагердің баласындай үздік туып, он үшке жетер
жетпесте бозбаланың көзін тартып, баласынбай «сөз айтуға» жарап қап еді. Қыз
бозб
ала
жиылып сауық құрғанда, орамалдың бетін Күнікейге бұрғанда:
Қолыңның
айналайын саласынан! Көзіңнің көңіл қояр карасынан. Сүйрік боп жалғыз өзі
кайдан шыққан Қамыс пен кара өлеңнің арасынан?
деп, бозбала көзді бір қадап қоюшы еді.
Қадаса
да сұмдықты ерт
е сезгіш, жырынды Шекер қызына қарлығаштай шыжбақ боп,
жүрсе
тұрса көзінен таса қылмай, тұтқындағы жаннан бетер бағушы еді.
Бірақ Шекер шеше болам деп бекер арам тер болды. Баланы іспен емес, сөзбен, үлгімен
емес, ақылмен үйретпекші адам сорлы ғой. Шекер ө
зіне «құдайжұқтырмағанды» қызына
оқыды. Қызы көргенін тоқыды. «Бозбаламен өзі неге ойнайды?» деген сұрау Күнікейдің
ойына ерте бекілді. Он төртке аяқ басқан соң
ақ көзі жанып тұрған Күнікей апасынан
құрық әкетті.
Жә, жә, өзім де білем, бала емеспін ғой..
.
деп, бұрымын арқасына бір ыршытып, етегіне
айнала бір қарап, шығып кететін күйге ұшырады.
Күнікейдің ерлігіне апасы өңін бұзғанмен, көмейі бос: өзіне тартқанын, бозбаланың көз
салғанын бір есептен теріс те көрмейді. Қай есептен екенін кім білсін, ананың
мақ
танышы да. Күнікей оны сезеді.
Апасы жылтырағанды Күнікейдің үстіне жапсырады, шашын жылтыратып тарайды, өреді,
омырауын қызыл, жасыл жіппен кестелейді, тана моншақты қамзолына тағады, уақ
күмістен сылдырмақай шашбау да істейді. Құлтуманың тыққыштап ә
келген пұшпақ
жабағысына бақалшыдан айна, тарақ, жұпар сабын, шаш майын әперді.
Эһ! Кімнің қызынан кем?
Баласын оннан асқан соң
ақ Шекер теңіне атастыруды ойлаған. Бірақ әркімдер
ақ ауызға
алса да, бірінің жетесін, бірінің қабын, бірінің сабын, бірінің малын, бірінің мұрнын,
бірінің кеңірдек сақалын жаратпай, Шекер аяғына отырғызбаған.
 
 
 
 
 
 
 
 
Домбай келе жатыр екен. Деңгейіне таянғанда ІІІекердің көзі от боп жайнап, шобырын
борбайға бір көміп, сиырдан оқша
улана беріп:
Әй, Домбай! Қайырылшы,
деп, қамшысын шошайты.
Домбай байдың көп жылқысын өз маңдайына біткендей
буланып жүретін есерлеу жігіт еді, өйткені көшкенде көршілерге ептеп өз таңдауымен де
ұстап
беруші еді. Анда
санда байдың, бәйбішенің көз
і түсіп: «Пәленшеге ол атты несіне
бердің» дегенде: «Содан қолайлы аттың реті болмады, таң асырып жіберейін деп ем,
жылқы өріп кетіп, өзге аттың жөні келмей қап еді» деп жоқтан өзгені сылтау қылып
жұбата беруші еді.
Осы Домбай ана жылы бір түні Шекерге қол
салғанда, ІІІекердің онда іріленіп жүрген кезі
ме, өзге себеп болды ма, кім білсін, әйтеуір меселі қайтып еді. Содан бері Домбай түйеші
Жаманайдың жаман Тәукішін талшық қып, ІІІекерден күдер үзіп кетіп еді. Енді көк
көйлегі көлеңдеген, байбатшалармен айна
лыс қылатын Шекер медіресін қылған соң не
жаны тұрсын, қысырақты «Вшщит!» деп, бір ыршытып жіберіп, айғырын шаужайлай берді.
Е, Шеке, жақсы ма?
Жақсы емей, жаман деймісің?
Атың келісіпті ғой.
Ой, құдай атқыр! Осынша жылқ
ыдан бір тәуір мал қолыңа түспеді ме?
дегеннен
ақ
Шекер мойнын былғаң еткізіп, көзін төңкеріп жіберді, іш білді, мұрт күлді.
Шекер бірталай сөйлесіп, жымиып қайтты.
Немене апа?
дегенде:
Саған бір жақсы ат бер деп тапсырдым. Ертең жүгенді өзің апар!
деді (бұрын атты Жұматай таз әкелетін). Ертеңгі көште Күнікей құйрық
жалы Шәмшидің
шашындай төгілген жарау тобылғы торы биені алып келді. Көк байталдың жанында
дүлдүл т
әрізді
.
Шекер бұрын да айтқан ғой, жаман шомыттарын сиырларына артып, өзі жөнеліп бара
жатып, Күнікейге тағы да:
Бар ана Шәмшилердің қасында бол! Елеңдеген мал көрінеді, жығылып қалма!
деді.
Күнікей қызылшаң белбеуімен қыпшасын кылдай қып буынып, қызыл тақиясының үк
ісін
дөңгелете сілкіп, желпілдетіп, кебісін тазалап киіп, атын жетелеп, байдың жұртына барды.
Байдікі он шақты түйеге жүгін артып болған екен. Тұрғызған түйелерді салды балақ
малшы қатын жетелеп тіркеп, алдыңғы түйені тау кеншіктей қара сирақ Қырықбайына
ұ
статып қойған екен. Жаулығы қоқырайған Қара бәйбіше күптей боп жұртта шалқиып
тұрып, кейбір жүгі ауған түйелерді көріп:
Дүйсенбай, Дүйсенбай! Сен қайда жүрсің ана ауған түйені бұрамай?
деп шаңқ
шаңқ
етеді.
 
 
 
 
 
 
 
 
Баурында Шұбартаудың қос балапан. Сол таудан дария толқып су тараған. Сұлу қыз, әсем
жігіт
бәрі
сонда Япырым
ау неге келдім сол арадан? Сол арадан а, ай Әкуда
дай…
деп, сайын даланы жаңғырықтырып, көшті басына көтеріп, сұңқылдатып қоя берді.
Қыздар
: «Мынау қай жақтан шыға келді?!» дегендей ауыздарын ашып қарай қалды.
«Өзімді кошемет қып, ән салды
ғой» деп, Күнікей бір ауыз өлеңді
бітіре бергенде Шәмши бір қопарылып, мойнын бұраң еткізіп:
Әй, Күнікей
ай! Сен бір жанып тұрған отсың ғой! Е, көңіл ашар деп осыны айт!
деп
көпшіктеген болды. Өйткені бұрынғы көште бүйтіп суырылып соғып жібереті
н қыз
қасында болмаушы еді. Күнікей Шәмшидің ол қошаметіне құлақ қойған жок, жүдемелете
жүдемелете 2
3 әнді тастап
тастап жіберді. Сол
ақ екен:
Біржанның төңкерілген дауысымен, «Ешкіөлмес ел жиылды бауырында!…» дегендей
ақ
Күнікейдің аққудай сұңқылдап, к
үмістей
сыңғырлап, бұлақтай сылдырлап, бұлбұлдай
құбылтып, бұлқындай жұтынып, жүйкені босата, сүйекті шымырлата сорғалатқан,
кестедей нақысты, ботадай сүйкімді, балдай тәтті, күндей сұлу әніне көш бойындағы қыз
бозбала, қатын
қалаш жиналып қалды.
Е, базар мұнда екен ғой!
Көп жаса, шырағым!..
Қалғып
шұлғып келе жатқанда, ұйқымызды шайдай ашты ғой… Ой тілеуің берсін!..
Тағы да, қарағым тағы да… десіп қатындар да көтермелеп:
Шешесі Шекер ғой! Бұ қыз тег
ін өледі деймісің?..
деп аңыз қылысты.
Астындағы торы бедеудей, бауыры жазылып алған Күнікей, құдай берген өнерді аясын ба?
Жұрт анталап, топ көбейген сайын, аруақтана, дәуірлете соқты, делебесі қозған бір
екі қыз
да Күнікейге қосылып кетті. Күнікей бірта
лай айтып, айызын қандырған соң, ерігіп келе
жатқан жұрт:
Ал, бозбалалар! Сендер де айтыңдар! Қыз екеш кыз да айтып келеді,
деп кеу
кеулеген соң Мұсатай, Әйтікен сияқты бозбалалар да керіліп, ырғалаңдап, көзін ашып
жұмып, айғайды салып, бүгінгі к
өшті
ойын
сауық қылып жіберді. Сауықтың арты «ұйқы
ашарға», «аударысқа», «көкпарға» айналып, жұрт дырду
думанмен қонар жерге келіп
қалғанын да білмеді.
Жолшыбай шидің, қарағанның, томардың түбінен үйректің жұмыртқасын тауып алысып,
бозбалалар қаншыр қуысып
, көк шалғынды жосылтып, өңшен саусылдаған, дулаған
жастар көштен бұрын келді. Келсе
Арқалықтың бөктеріндегі Атшоңқайға көш басшылар
да жетіп, жатық көгалдан ауылдарына жұрт сайлап, көп жүмыс тындырған немеше
шіреніп
шіреніп тұр екен. Күнікейлер 22
де ат
тан түсті. Бозбалалар ат ұстап, кантарып, матастырды. Ат екпіні күн кызуымен
алқынып, қызара бөртіп, ісініп келген жастар белбеулерін шешіп, шапанын тастап,
келпініп, Күнікей сияқты көршілердің қызы көш келгенше тезек теруге жөнелді.
 
 
 
 
 
 
 
 
Күнікей оған қорықпады, булығып, қақалып:
Ойбай
ай, ойбай!
деп құлында
ғы
дауысы құраққа ұшты.
Сол
ақ екен, Күнікейдің оң жақ беті де ду ете түсті: Қасым жақтан тартып
тартып
жіберген еді. Күнікей күйіп кетті, бетін тырнап кеп алды. Қасым: «Ә, ә аузынды…»
деп
бетін ұстай алғанда, тулап жүрген Күнікей коянша бұлт етіп, сыты
лып шыға берді. Сол
кезде дүбірлетіп бір атты кісі де келіп қалған екен. Қасым қайта ұмтыла алмады? Күнікей
үкідей ұшып үйіне тартты.
Шаш будыраған, қамзолдың түймелері үзілген, көйлек жыртылған, өңі өрт сөндіргендей
Күнікей күркесіне келе етпетінен түсіп,
ышқынып, солқылдап жыламасын ба? Шешесі:
«Ойбай
ай! Құдай атқан
ай! Кім тиді? Не болды?»
деп жұлмалап еді, қолын итеріп тастап,
бүк түсіп, жастықты құшып, одан жаман кеңкілдеді. Биенің екі сауымындай жылап, әбден
сілесі құрып, мауқы басылған соң, апасын
оңаша шығарып алып кетіп сөйледі. Апасы
үрейленді, таңдайын қақты, күйіп пісті. Бірақ «тірі адамға ауыздан шығар
майық, жабулы
қазан жабуымен қалсын» деген ойға келіп тоқтады. Кімді қиратсын? Кім теңдік әпереді?..
Со күні түнде Күнікей ұйықтай алмай жатқан
да, бір адам шөпті сыбдырлатып, ептеп
басып, іргеге келгендей болды. Күркенің о жақ
бұ жағына шығып тыңдады. Қайта
Күнікейдің іргесіне келіп біраз отырды. Бір мезгілде іргеден суық қол кіріп келді. Күнікей:
Бұ кім?
деп, шап беріп ұстай алды.
Қол
ақырын ғана:
Мен,
деп еді Күнікей:
Мені кім өзі? Кет аулақ!
деп, даурығып қолды итеріп жіберді.
О қай көргенсіз өзі? Кімді тәлкек қып жүр?
деп ІІІекер де шаңқылдап, басын көтеріп
алды. Қол жылысып жөнелді. Ол манағы жеңгесінен сөз айтқызып жүрген Мәжікен еді.
Таң алды кезінде Күнікей шырт ұйқыда жатыр еді, жып
жылы төсіне бір суық қол тағы
кеп тиді. Күнікей жұлқып кеп тастады.
Бұ қайсының?
Мен… Мұса…тай…
Тәйт, әрмен!
Со кезде Шекер тағы ояна келіп:
Өңшең көргенсіз аузыңа с… Осы үйде әкелеріннің көз құпы қалды ма?~ деп аузы
мұрнына шай қайната баста
ған
соң, Мұсатай итті абалата, дүрсілдеге жөнелді.
О не? О не?
деп ұйқылы көзімен қоңқылдап Құлтума да бір аунап түсті…
БАС БӘЙГЕ БАЙМАНДІКІ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *