Қашықтан оқыту бойынша жаднама
Қашықтан оқу кезінде оқушылар нені ұстануы тиіс.
1. Қашықтағы сабақтар кесте бойынша өткізіледі; қашықтағы сабақтардың ұзақтығы – сабақ нысанына қарай 15-тен 30 минутқа дейін; әр сабақтан кейін үзіліс 15 минутты құрайды.
2. Ата-аналар оқушының жұмыс орнын жабдықтауы тиіс: оқушының жұмыс орнында (көрінетін жерде) сабақ кестесі, оқулықтар, дәптерлер, кеңсе құралдары жатуы тиіс.
3. Бөлме тыныш болуы тиіс, бөтен дыбыс шығаратын құрылғыларды өшіру керек. Сабақ кезінде басқа балаларды, үй жануарларын бөлмеден шығару қажет.
3. Сабақтар қатаң түрде уақыты бойынша өткізіледі (кесте бойынша бақылау).
4. Компьютердің (телефонның) заряды толық болуы тиіс, мұны кешке ойластырыңыз.
5. Сабаққа уақтылы қосылу керек: сабаққа дейін 5–10 мин. бұрын.
6. Сабақ кезінде оқушылар бөлмеден шықпауы, ештеңе жеп-ішпеуі, бөтен іспен айналыспауы, онлайн-сабақтан шықпауы керек.
7. Оқушы мұғалімнің нұсқауларын нақты орындауы тиіс.
8. Сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балалардың чатқа жазуына тыйым салынады, дыбыссыз әрі балаға дауысы естілмейтін жағдайды қоспағанда.
9. Мұғалімнің рұқсатынсыз трансляцияланатын сабақты суретке, видеоға түсіруге және әлеуметтік желіге жүктеуге болмайды.
10. Ата-аналардың онлайн-сабаққа араласуына қатаң тыйым салынады.
11. Егер бала маңызды себеппен сабаққа қатыспаса, онда «Күнделік» журналынан сабақ жоспарын қарап, өз бетімен дайындалуы немесе сынып жетекшісі арқылы пән мұғалімнің жеке кеңес беруін сұрауға болады.
12. Баланың сабаққа қатыспағаны үшін ата-ана жауапты.