Жанат Аймаков
АРЫЛУ
Академик Сұлтан Сартаевтың өкініші. (Болған оқиға ізімен)
ҮЗІНДІ…
«….Міне, отыз жыл бойы біздің халқымыз менің сол қателігімнің зардабын тартып келеді. Шексіз билік адамды қатты өзгертіп жібереді екен. Ол кісі мүлдем басқа адамға айналып кетті. Менің үмітім мен сенімім тас-талқан болып күйреді. Елдің жағдайы қандай күйге түскенін ойласам, жүрегім езіледі. Жанымды қоярға жер таппаймын. Әттең! Әттең!!!
Парламенттік жүйемен жүрсек қазіргі жағдайымыз Балтық жағалауы елдерінен әлдеқайда жақсы болар еді. Әлемдегі дамыған елдермен де тереземіз теңесер еді… Қап, әттеген-ай!.. Бәріне мен кінәлімін! Иә, солай! Мен кінәлімін! Өмірімнің соңы орны толмас өкінішпен өтіп барады. Осы өкініштен өртеніп кететін шығармын. Біз де енді бұл жарықта қанша күн жүрер дейсің? Бәрің мені кешіріңдер! Мен оған сеніп қалдым. Сенген адамым алдап кетті. Кешіріңдер!!!
Академиктің дауысына діріл енді. Оның жанын табадағы балықтай шыжғырып жатқан ар сотының үкімі еді.
Құдай сездірді ме, осы оқиғадан оншақты күннен кейін ол кісі келместің кемесіне мініп кете барды. Ең бастысы, жағада тұрып кешірім сұрап, арылып үлгірді. Біреулер арылуға асығар емес…
Жанат Аймаков
06.08.2020. ФБ