
Сұрау есімдігі
Жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар сұрау есімдігі болады. Сұрау есімдіктері: кім? не? қай? қандай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? қашанғы? Зат есімге және зат есім орнына колданыла алатын (заттанған) сөздерге қойылатын сұрақтарға көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулар қосыла алады. Мысалы: кім? кімім? кімдер? кімі? кімдерің? кімге? неге? қайсысы? нешеуі? кіммін? т. б.
Кейбір сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі.
| Тәуелдіктің
жақтары |
кім | не | қайсы | нешеу |
| / менің | кімім? | нем? | қайсым? | нешеуім? |
| біздің | кіміміз? | неміз? | қайсымыз? | нешеуіміз? |
| II сенің | кімің? | нең? | қайсың? | нешеуің? |
| сіздің | кіміңіз? | неңіз? | қайсыңыз? | нешеуіңіз? |
| сендердің | кімдерің? | нелерің? | қайсыларың? | нешеулерің? |
| сіздердің | кімдерңіз? | нелеріңіз? | қайсыларыңыз? | нешеулеріңіз? |
| III. оның | кімі? | несі? | қайсысы? | нешеуі? |
| олардың | кімі? | несі? | қайсысы? | нешеуі? |
| кімдері? | нелері? | қайсылары? |
Сұрау есімдіктерінің септелу үлгісі.
| Сеп-тік | кім | не | кімдер | нелер | нешеу | қайсы? |
| А. | кім? | не? | кімдер? | нелер? | нешеу? | қайсы? |
| I. | кімнің? | ненің? | кімдердің? | нелердің? | нешеудің? | қайсынын? |
| Б. | кімге? | неге? | кімдерге? | нелерге? | нешеуге? | қайсыған? |
| Т. | кімді? | нені? | кімдерді? | нелерді? | нешеуді? | қайсыны? |
| Ж. | кімде? | неде? | кімдерде? | нелерде? | нешеуде? | қайсыда? |
| Ш. | кімнен? | неден? | кімдерден? | нелерден? | нешеуден? | қайсыдан? |
| К. | кіммен? | немен? | кімдермен? | нелермен? | нешеумен? | қайсымен |
Сұрау есімдіктерінің адамға қатыстылары ғана I, II жақтарда жіктеледі. Себебі I және II жақ яғни айтушы (мен, біз) және тыңдаушы (сен, сендер, сіз, сіздер) адам ғана болады. III жақ адамнан басқа да бөгде затқа қатысты бола береді.
Сұрау есімдіктерінің жіктелу үлгісі.
| Жіктіктің жақтары | кім? | қайсы? | нешеу? | қандай? | не? |
| I мен
біз II сен сендер
сіз |
кіммін? кімбіз? кімсің? кімсіңдер?
кімсіз? |
қайсымын? қайсымыз? қайсысың? қайсысың—
дар? қайсысыз? |
нешеумін? нешеуміз? нешеусің? нешеусіңдер?
нешеусіз? |
қандаймын? қандаймыз? қандайсың? қандайсың-дар? қандайсыз? | —
— — —
— |
| сіздер
III ол олар |
кімсіздер?
кім? кімдер? |
қайсысыздар?
қайсы? қайсы? |
нешеусіздер?
нешеу? нешеу? |