Ағзалар арасындағы қатынастар
1. Симбиоз немесе мутализм— қарым-қатынаста екі жағына да тиімді. Бұл байланыстардың деңгейі әртүрлі («++»).
Симбиоз – 1) қыналар:саңырауқұлақтар мен балдырлардың бірлесіп тіршілік етуі. Балдырлар саңырауқұлақтарға фотосинтез өнімдерін жасайды, ал саңырауқұлақтар балдырлар үшін субстрат және миниралдық заттарды жеткізіп отырады.
Микориза = саңырауқұлақтар мен өсімдіктер тамырлары.
Микроорганизмдер+ жануарлар асқазанындағы.
1.Комменсализм— екі түрдің арасындағы қарым-қатынас формасы, яғни біреуі басқа түрге(комменсалға) тамақ немесе тұратын орын алып береді. («+-»).
Комменсализм- басқа түрге зиян келтірмей, бір түрдің біржақты пайдалануы. Мыс: арыстан мен шендер арасында , акула мен оның қасында жүретін жабысқақ балықтар, т.б.
2.Нейтрализм, аменсализм— бір территориядағы екі түрдің бірлесіп тіршілік ететін және олар үшін жағымды не жағымсыз әсері жоқ биотикалық қатынастар формасы. Мыс: тиіндар мен бұғы бір орманда мекендейді, бірақ бір-бірімен ешқандай қатынасы жоқ .Алайда орманның құрғақшылығы немесе зиянкестермен орманның құруы екі түрге де әртүрлі деңгейде әсер етеді.
3.Бәсекелестік-экологиялық талаптары ұқсас түрлер арасындағы қарым-қатынастар. Мұндай түрлер бірлесіп мекендейді, бірақ екі жақтада жағымсыз әсер етеді. Г. Ф. Гаузенің «бәсекелестік шығарып тастау заңы», Дарвин өз еңбектерінде «бәсекелестік сәйкестенбеу» туралы ертеден көрсеткен.