Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Гидатофиттер (грек тілінен аударғанда гидора, гидатос — су) – су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығымен суға батып тұрады (элодея, тұңғиықгүл, лотос, балдырлар және т.б.).
2. Гидрофиттер (грек тілінен аударғанда гидора — су) – құрлық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері батып тұрады (жебежапырақ).
3. Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда гидора — ылғалды) – ылғалдылығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрлық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда – батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.
4. Мезофиттер (грек тілінен аударғанда мезос – орташа, аралық) – қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.
5. Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда ксерос — құрғақ) – құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.
А) суккуленттер (латын тілінен аударғанда суккулентус — шырынды) – ұлаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава);
Ә) склерофиттер (грек тілінен аударғанда склерос – құрғақ, қатты) – құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу). Бұл өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа айналған.