Жануарлар мен өсімдіктердің өмірінде температура, қысым электромагнит өрісі, теңіздердің толуы мен қайтуы маңызды рольі

Жануарлар мен өсімдіктердің өмірінде температура, қысым электромагнит өрісі, теңіздердің толуы мен қайтуы маңызды роль атқарады. Аталған факторлардың Жердің өз осінен және Күнді айналуы, Айдың Жерге қатысты айналуы нәтижесінде туындайтын маусымдық және тәуліктік өзгергіштігі тән. Сонымен қатар бұл факторлар географиялық белдеулерге байланысты заңды түрде өзгереді.

Жануарлар мен өсімдіктерде ұзақ уақытқа созылған табиғи сұрыпталу барысында белгілі бір ортаға бейімделуге мүмкіндік беретін анатомо-морфологиялық, физиологиялық және басқа да арнайы белгілер мен қасиеттер пайда болған. Әр түрдің өзіне тән жылдық циклы: өсу мен даму интенсивтілігі, көбею қысқа және қыстауға дайындығы қалыптасқан.

Уақыт бойынша бірізділікпен кезектесіп келетін ағзаның қандай да бір жағдайын биологиялық ырғақ деп атайды. Бұл ырғақтарды ішкі механизмдер ұстап тұр. Биологиялық сағаттың көмегімен әр түрлі физиологиялық процестердің тәуліктік, маусымдық, жылдық басқа да ырғақтары белгіленеді.

Ағзаның ырғақтары ішкі немесе физиологиялық және сыртқы, яғни геофизикалық табиғаты бар сыртқы ортадағы циклды өзгерістерден соң жүретін болып бөлінеді.

Ішкі ырғақтар тарихи қалыптасқан. Қалыпты өмір сүру үшін келген ағза жоғары физиологиялық белсенділік жағдайынан физиологиялық тыныштық күйге өтеді. Анаболизм (түзілу) процестері катаболизм (ыдырау) процестерімен алмасады. Егер катаболизм бұл процесс болмаса, онда ағзаның физиологиялық функциялары бұзылады.

Тірі ағзалар сыртқы ортаның ауытқуларын қабылдауға бейімделе отырып, оларға сәйкес өздерінің физиологиялық процестерін реттейді. Бұл негізінен үш фактордың әсерінен жүзеге асырылады: Жердің Күнге қатысты айналуы күндік тәулік, Айға ай тәулігі, жұлдыздарға жұлдызды тәулік. Бір-біріне әсер ететінін ескере отырыа, бұл факторларды ағзалар 24 сағаттық периодқа жақын ырғақ түрінде қабылдайды. Бұл – эндогенді биологиялық ырғақтардың дәл тәуліктік периодтан ауытқуының себебі болып табылады. Сондықтан оларды циркадтық (латын тілінен аударғанда цирка – шамамен, жуық, диес – тәулік) ырғақтар, яғни тәулікті ырғаққа жақын деп аталады.

Егер тиіндерді толық қараңғылық жағдайында ұстаса, бастапқыда олар бір мезгілде оянып, белсенді тіршілік етеді, біраз уақыттан соң әр түрлі уақытта оянып, өзінің әр түрлі ырғағын сақтайды. Содан соң күн мен түннің дұрыс кезектесуін қалпына келтіргенде, жануарлардың ұйқы мен белсенді тіршілігінің периодтары болады. Олай болса, сыртқы тітіркендіру (күн мен түннің ауысуы) туа пайда болған циркадтық ырғақтарын реттейді.

Көптеген

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *