Қоршаған ортадағы антропогенді ластаушыларды анықтау
Кіріспе: Автотранспорт-атмосфераны азот оксидтерімен (NO және NO2 азот оксидтерінің қоспасы), көміртегі (II ) оксидтері (СО), негізгі ластаушылардың бірі.Ауаның транспорттық ластану үлесі осы газдар бойынша жалпы ластануының СО 60%,NOх 50 % астам үлесін құрайды.
Автотранспорттың зиянды заттарға бөлінген қалдықтары белгілі уақыт аралығында атмосфераға шығарылатын газдардың мөлшерімен сипатталады.
Шығарылатын зиянды заттарға көміртегі оксидтері (концентрациясы 0,3—10%), көмірсутектер-жанбай қалған отын (3%) жәнк азот оксидтері (0,8%), күйе жатады.
Автотранспорттың атмосфераға бөліп шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептік әдіспен бағалауға болады.Шығарылатын қалдықтардың мөлшерін есептеуде гі бастапқы мәліметтерге мыналар жатады:
7-кесте
Автотранспорт типі
|
Отынның орташа шығын мөлшері (100км/л) |
Отынның меншікті шығыны Уі (1км/л) |
жеңіл автомобиль |
11-13 |
0,11-0,13 |
жүк автомобилі |
29-33 |
0,29-0,33 |
автобус |
41-44 |
0,41-0,44 |
Дизельді жүк машинасы |
31-34
|
0,31-0,34 |
Жанармай түріне байланысты автотранспорттың бөліп шығарған зиянды заттарын анықтайтын импирикалық коэффициенттерінің мәні 8-кестеде берілген.
8-кесте
Отын түрі |
Коэффициенттер мәні (К) |
||
|
Көміртегі оксиді (СО) |
көмірсулар |
азот оксиді |
бензин |
0,6 |
0,1 |
0,04 |
Дизель отыны |
0,1 |
0,03 |
0,04 |
К коэффициентінің шамасы сандық жағынан 1км жол жүруге қажет (яғни меншікті шығын), отын мөлшері жанған кездегі берілген компонеттің (литрмен) бөлінген зиянды заттардың шамасына тең.
Мақсаты: қоршаған ортаның антропогенді ластаушыларының негізгі түрлерімен және оларды жедел сараптамалау әдістерімен танысу.
1-тапсырма. Автотранспорттың ауаға шығаратын зиянды заттарының мөлшерін есептеу.
Құрал-жабдықтар:қалам, қағаз, микрокалькулятор.