Тоқаев жаңа оқулық жазуға бұйрық берді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай – рухани реформатор» атты мақала жазып, онда ұлттың бас ақынын кеңінен насихаттау және оның сөздерін іске асыру мәселелері жайлы айтты. 
Сонымен қатар мемлекет басшысы алдағы уақытта «Абайтану» оқулығын әзірлеп, сабақты гуманитарлық бағытта білім алатын оқушыларға тереңдете оқыту керек екенін жеткізді. 

«Абайдың даналық сөздері қазақ халқының алтын тұғыры, түп негізімізге үңіліп, ұлттық ұстынымызды іздеген көп­теген ұрпақтың басын біріктіретін мәң­гілік рухани тірек болып қала бермек. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» деген бо­латын. Бұл тұжырым бізді ақын әлеміне терең бойлауға, жаңаша ойлауға мін­деттейді. 
Қазір елімізде абайтанумен айна­лы­сатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталығы бар. Осылардың жұмы­сын жүйелеп, елордамыздағы Абай акаде­миясының төңірегіне топтастырған жөн. Академия барлық зерттеу меке­мелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіруші міндетін атқара алады. 
Алдағы уақытта гуманитарлық пән­дер­дің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абай­тану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абай­та­ну» оқулығы мен хрестоматиясын әзір­леу қажет. Сондай-ақ Абайдың «толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс. 
Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек. Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз. 
Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абай­мен мақтануға тиіс! Халқымыздың ұлы перзентінің торқалы тойы құтты болсын!» — деді ол.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *