Жинақтық сан есімдер

Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа бітетін екі, алты, жеті, деген есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы, -і дауысты дыбыстар түсіріліп қолданылады. Мысалы: екі-еу,— екеу, алты-ау — алтау, жеті-еу — жетеу.
Жинактық сан есімдер әдетте зат есімдермен тіркеспей, жеке қолданылады да заттанып тұрады яғни әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей беріп тұрады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді (мақал) деген сөйлемдегі алтау, төртеу деген жинақтық сан есім заттанып, әрі сандық мағынада (алты және төрт), әрі заттық мағынада (алты адам, төрт адам) бірдей жұмсалған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *