Сан есімнің ережесі

Заттың санын, ретін, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сездердің қанша? неше? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін тобын сан есім дейді. Мысалы, бір, екі, жиырма бес, қырық, бір мың тоғыз жүз тоқсан, біреу, жетеу, бірінші, бес-алты, жиырма шақты т.б.
Сан есім тұлғасына қарай дара және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Дара сан есімдер бір сөзден тұрады. Олар: бес, он, елу, бесінші, екеу, жүз, мың, миллион т.б. Күрделі сан есімдер екі не одан да көп сан есімдерден құралады. Олар: он бес, тоқсан тоғыз, жүз бес, қырық-елу, екі мың төртінші, отыз қаралы, үштен бірі т.б.
Сан есімнің өзге соз таптарынан ерекшелігі: ол басқа сөз таптарынан жасалмайды. 

САН ЕСІМНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

Мағыналық ерекшелігіне қарай сан есім алты топқа бөлінеді: есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, топтау, бөлшектік сан есімдер.
Заттың дәл, нақты санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап беретін сандық ұғымдағы сөздерді есептік сан есім дейді. Мысалы, бір, екі, үш, он, мың, отаз үш, тоғыз жүз тоқсан т.б. Сан есімнің басқа түрлері есептік сан есімдерден жасалады.
Заттың рет санын білдіріп, нешінші? деген сұрауға жауап беретін сан есімнің түрі реттік сан есім деп аталады. Ол есептік сын есімге -ыншы, 
-інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, Отыз бес-інші, қырқ-ыншы, бір-інші, жет-інші т.б.
Заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап беретін сан есімді сан есім дейді. Жинақтық сан есім есептік сан есімге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жетіге дейінгі сандарды қамтиды. Мысалы, бір-еу, екеу, үш-еу, төрт-еу, бес-еу, алт-ау, жет-еу. Екі, алты, жеті сан есіміндегі соңғы -ы,-і дыбыстары дауысты дыбыстан басталған қосымшаның әсерінен түсіп қалған.
Заттың санын топтап көрсететін, қаншадан? нешеден? деген сұраққа жауап берстін сан есімді топтау сан есімі дейді. Топтау сан есімі дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдер мен екінші сыңарына шығыс септігінің жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, елу-ден, алпыс-тан, бес-бестен, он-оннан т.б.
Заттың санын дәл атамай шамамен, болжалмен көрсетіл, қанша? неше? қаншадан, қай шамалы? деген сұрақтарға жауап беретін сан есімнің түрін болжалды сан есім дейді. Болжалды сан есім септік сан есімдерге -лаған, -леген, -даған, -деген, таған-теген, лап — леп, -дап, -деп, -тап, -теп, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы: мың-даған, жүз-деген, мың-деп, жүз-деп, мың-дай, жүз-дей; есептік сан есімдерге көптік және жатыс септігінің жалғауы жалғану арқылы: жиырма-лар-да, жүз-дер-де, елу-лер-де жасалады. Болжалды сан есімдер есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы да: отыз-қырық, бес-алты, отыз-қырықтарда және есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, жуық, таман, тарта деген сөздердін тіркесуі арқылы да жасалады: жүзеге тарта, елу шақты, мың қаралы, отызға тарта т.б.
Бүтін санның білгілі бөлшектерін есепке алып қанша? неше? деген сұраққа жауап беретін сан есімнің бір түрі бөлшектік сан есім аталады. Бөлшектік сан есім есептік сал есімдерге жарым, жарты, ширек сөздерінің тіркесуінен: бес жарым, екі жарты, төрт ширек және жай бөлшек түрінде: онның екісі немесе оннан екі 10,2 жүздің бесі немесе жүзден бес 100,5 т.б. жасалады.

САН ЕСІМНІҢ ЕМЛЕСІ

1.Кұрделі тіркескен сан есімдер сөзбен жазылғанда әр сыңары бөлек-бөлек жазылады. Мысалы, екі мың төртінші жыл, жиырма бес, отыз тоғыз, алпыс үш т.б.
2.Күрделі қосарланған сан есімдер сөзбен жазылса да, цифрмен (санмен) жазылса да (-) дефис арқылы жазылады: еш-екіден, отыз-қырық, алпыс-жетпістей, 2-2-ден, 30-40-тан, 60-70-тей.
3.Цифрмен таңбаланатын дара, күрделі сан есімдерге жалғанатын қосымшалар (-) арқылы жазылады. Мысалы, Менің жасым 60-қа жақындады. Сағат 6-да келемін.
4. Рим цифрымен таңбаланған реттік сан есімге -ыншы жұрнағының орнына дефис (-) қойылмайды. Мысалы, I курс, ІV том І.Есенберлиннің ІІ томын оқыдым.
5.Араб цифрымен таңбаланған реттік сан есімге -ыншы жұрнағының.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *