Сын есімнің заттық мәнде қоланылуы

Қай тілде болмасын, сөз топтары арасында бір-біріне ауысу, алмасу процестері болып отыратындығына ғалымдар ертеден көңіл бөлген. А.Байтұрсыповтың “Тіл-кұралында” “сын есімнің кейбіреулері зат есімнің орнына жүреді, мәселен, арзан еттің сорпасы татымас” деғеннің орнына “арзанның сорпасы татымас” деп айтылады. “Арзан еттің” деген екі сөздің орнына “арзан” деген жалғыз сөз жарап тұр. Сондықтан мұндай зат пен сын орнына бірдей жүретін сөздерді зат-сын (7,219),-деп атаған, әрі зат-сынның зат есім секілді түрленетіндігі айтылган.

Сын есімнің бұл ерекшелігі кейінгі окулықтарда да ескерілді. Өйткені сын есімдердің заттык ұғымда қолданылуы- тілімізде жиі кездесетің кұбылыс. Мысалы, Үлкен бастар, кіші қостар. Жақсының шарапаты тиер тар жерде, жаманның кесапаты тиер әр жерде.

Осы сәйлемдердегі үлкен, кіші сөздері үлкен адам, кіші адам дегеннің орнына, жаксының, жаманның сөздері жақсы адамның, жаман адамның дегеннің орнына колданылып, зат есім секілді түрленіп тұр.

Сын есімдердің осылайша заттық мағынада зат есімге ауысып қолданылуы ғылымда сын есімнің субстантивтену процесі деп аталады. 

Сонымеи бірге грамматнкаларда сын есімдердің заттану процесі біркелкі емес, кейбіреулері бүтіндей заттанып, біржола субстантивтенетіндігі де корсетілген (31, 91). Мысалы, сықпа, жайма, шайқор, жүлдегер т.б. Бұл сөздер сындык магынада да қолданылады: сықпа кұрт, жайма нан, шайқор адам, жүлдегер студент.

Осылайша сын есімдердің “эрі заттық, эрі сындык мағына білдіруінің негізгі себебі о бастағы зат есімнің атрибутивті қолданылуымен байланысты. Мұндай колданыс тілде анықтауыш деп аталатын синтаксистік қызметтегі сөйлем мушгсін қалыптастырган, ал бұл синтаксистік қатынастың тұрақгануы тілдің морфологиялық құрылымында сын есімнің дербес грамматикалық топ

ретінде калыптасуына негіз қалады. Қазіргі казак тіліндегі жас, бала, кедей, бай, ауру, жүдеу т.б. сөздердің атрибутивтік мэнде орнығуы-осы синтаксистік колданыстың нәтижесі(32 ,468),”-деп түсіндіріледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *