Тәуелдік жалғау

 

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді.

В казахском языке притяжательная форма существительных показывает принадлежность предмета.

Жақ (Лицо) Сан (Число) Есімдік (Местоимение) Жалғаулар (Окончания)
1 жақ (1 лицо) жекеше (ед.ч.) Менің ым/ім, м
2 жақ (2 лицо) жекеше (ед.ч.) Сенің ың/ің, ң
2 жақ (2 лицо ув.) жекеше (ед.ч.) Сіздің ыңыз/іңіз, ңыз/ңіз
3 жақ (3 лицо) жекеше (ед.ч.) Оның сы/сі, ы/і
1 жақ (1 лицо) көпше (мн.ч.) Біздің ымыз/іміз, мыз/міз
2 жақ (2 лицо) көпше (мн.ч.) Сендердiң ың/ің
2 жақ (2 лицо ув.) көпше (мн.ч.) Сіздердің ыңыз/іңіз
3 жақ (3 лицо) көпше (мн.ч.) Олардың ы/і

 

Мысалы (Например):

Жақ (Лицо) Сан (Число) Есімдік (Местоимение) Мектеп (Школа)
1 жақ (1 лицо) жекеше (ед.ч.) Менің мектебім
2 жақ (2 лицо) жекеше (ед.ч.) Сенің мектебің
2 жақ (2 лицо ув.) жекеше (ед.ч.) Сіздің мектебіңіз
3 жақ (3 лицо) жекеше (ед.ч.) Оның мектебі
1 жақ (1 лицо) көпше (мн.ч.) Біздің мектебіміз
2 жақ (2 лицо) көпше (мн.ч.) Сендердiң мектептерің
2 жақ (2 лицо ув.) көпше (мн.ч.) Сіздердің мектептеріңіз
3 жақ (3 лицо) көпше (мн.ч.) Олардың мектептері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *