Дүние жүзінің кейбір ірі елдері үшін халық санының жағдайы
мен өсуінің болжамы (млн. адам)
|
Елдер |
1993 |
2025 |
|
Қытай
Үндістан
Индонезия
Бразилия
Нигерия |
1200
900
190
150
120 |
1500
1400
280
220
290 |
Кейбір Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім жылына 4 % -ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық жаралас жағдайы ертерек – ХІХ ғасырда байқалған. Бұл елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән.
Популяция ұғымы.
Экологияда популяция дегеніміз – бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.
Шварцтың берген анықтамасы бойынша :
Популяция — дегеніміз, бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы.Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда « Populus» — халық , тұрғындар деген мағына дереді.Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән,яғни популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.
Популяцияның негізгі қасиеттері:
Даралардың кеңістікте таралуы.
Популяциялардың күйі мен тіршілігі популяцияның жалпы санына және олардың кеңістікте орналасуына байланысты. Популяцияны құрайтын даралардың кеңістікте таралуы әр түрлі болуы мүмкін . Даралар мен олардың топтарының таралуы кездейсоқ, бірқалыпты және топтық болып бөлінеді. Ағзалардың таралу типін білудің популяцияның тығыздығын іріктеп алу әдісімен бағалаудың маңызы зор.
Іріктеп алу — популяция тығыздығын бағалауға арналған эксперименттер қатарын атаймыз.
Іріктеу санын п-деп белгілейміз.Әр іріктеудегі даралардың орташа санын т –деп белгілесек , онда даралардың кеңістікте таралу сипатын s2— дейміз.
< ( m- x)2
S2= — ————-
n-1
мұндағы: s2 — таралу шамасы
х- шамасының орташа т ауытқуы ( дисперсия)
Бірқалыпты таралу жағдайында s2 =0. Себебі: әр іріктеудегі даралар саны тұрақты және орташаға тең. Кездейсоқ таралу кезінде орташа т мен дисперсия s2 тең (п- іріктеу саны жеткілікті болғанда)
Топтық таралу кезінде дисперсия орташадан жоғары және неғұрлым жиналуға қабілеті күшті болса олардың айырмашылығы да күшті болады. Даралардың бірқалыпты таралуы табиғатта өте сирек кездеседі . Кездейсоқ таралу тек біртекті ортада және жиналуға қабілеті жоқ түрлерде байқалады. Топтық таралу табиғатта жиі кездеседі.
Популяция саны — берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және көбею мен өлімнің интенсивтілігінің қатынасына байланысты. Көбею процесінде популяцияның өсуі жүреді де , өлім оның санының кемуіне әкеледі.