қпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау
Ақпараттық қауіпсіздік негізгі ұғымдары (қорғау пәні мен объектісі, ақпараттық
қауіпсіздік және ақпаратты қорғау, қауіпсіздік архитектурасы). Ақпараттың қауіпсіздігіне
төнетін негізгі қатерлер (қатерлер классификациясы, қатерлер көзі). Ақпаратты қорғау
теориясының негізі (элементар қорғаудың үлгісі, көп түйіндік қорғаудың үлгісі, көп
деңгейлі қорғаудың үлгісі). Ақпаратты қорғаудың құралдары мен әдістері. Техникалық
құралдармен қорғау. Объектілерді инженерлі қорғау және техникалық күзету, ақпаратты
бүркеу тәсілдері, электромагниттік сәуленуден мен нысаналаудан қорғау. Ақпаратты
қорғаудың криптографиялық құралдары. Криптоалгоритмдердің классификациясы.
Симметриялық және ассиметриялық, ағындық және блокты криптоалгоритмдер. Сандық
қол технологиясы. Қолдың классикалық схемасы. RSA криптоалгоритмінің негізіндегі
қол. Сандық қолды қолданудың құқықтық негіздері. Кілттерді үлестіру механизмдері.
Симметриялық криптожүйелердегі кілттердің үлестірілуі. Ассиметриялық
криптожүйелердегі кілттердің үлестірілуі. Кілттерді үлестіру орталығының қатысуымен
үлестіру, кілттермен тікелей алмасу. Идентификация және объект пен субъекттің
шынайылығын анықтау әдістері. Субъекттердің шынайылығын анықтау
сипаттамаларының классификациясы. Объектілердің шынайылығын анықтау (жұмыс
станцияларындағы қолданушы идентификациясы, қашықтатылған жұмыс станциялардың
өзара идентификациясы). Компьютерлік вирустар. Компьютерлік вирустардың
классификациясы. Компьютерлік вирустардың құрылымы және жұмыс істеу принциптері.
Ақпаратты құқықтық және ұйымдық қорғау