ДАЙЫНДЫҚ ПРОЦЕССТЕРІ МЕН ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Мех кәсіпорындарына келіп түскен шикізат , көбінесе былғаныш, майлы және консервілеуші заттармен бірге келеді. Терілерді өңдеуге жарамды ету үшін дайындық процесстері мен операциялары жүргізіледі. Солардың қатарына жататындар: жібіту, шелдеу, жүнін қырқу және майдан арылту.
4.1. Жібіту
Жаңа сыпырған мал терісінде 70%-ке дейін ылғал болады. Ол ылғал гидротациялық су және терінің сіңіріп ісінген суынан тұрады. Гидротациялық ылғал белоктардың йондалған амин (NН4+) карбоксил (СОО) және басқа топтардың дипольді су малекулаларымен байланысы әсерінен тері құрамындағы иондардың сумен дипольді байланысынан немесе белоктық пептид және гидроксил тобының сумен сутекті байланыс түзуінен болады. Ол ылғал коллагеннің тізбекті болшектерімен малекулалық берік байланыта болады да, тіпті аса үлкен қысыммен механикалық әсер еткенде де бөлінбейді және басқа заттарды еріте алмайды. Гидротациялық ылғал мөлшері әртүрлі зерттеулерге қарағанда белок салмағының 20-60% -дей болады.
Шикізаттағы басқа ылғал сіңірген түрде болады. Шикізатты алғашқы өңдеу, сақтау, консервілеу кезінде ылғалдың біразы кептіріліп, бір-біріне жабысып, тері тканінің микроқұрылымында өзгерулер болады.
Жібіту мех өндірісінің алғашқы процессі. Оның мақсаты шикізатты суландыру дәрежесі бойынша және микроқұрылымы жағынан мал денесінен жаңа сыпырылған күйге мейлінше жақындату үшін сумен (көбінесе электролиттер қосумен) жібіту.
Жібіту кезінде шикізаттан консервілеу заттары, кір, қан, ерігіш белоктар (альбуминдер мен глобулиндер) суға шығады, ал тері белоктары (коллаген, эластин, ретикулин) сумен өзара әрекетке түскен кезде гидротация және ісілу процесстері жүреді.
Шикізаттың сулануы одан кейін жүргізілетін механикалық операциялар мен процесстерге өте қажет. Жібітуде қышқыл немесе сілті ерітінділер қолдану процессті және белоктардың ісінуін жеделдетеді.
Сілтінің әсерінен жүннің тері тканімен байланысы томендеп,
Айсулу
Алдымен илегіш қосыңдылар мен коллаген арасында адсорбциялық әрекет жүріп,кейін одан да берік химиялық байланыс орнайды.
Белок құрылымының молекулалық тізбектері арасында илегіш заттардың әсерімен қосымша көлденең байланыс орнағандықтан илеу коллагеннің кеңістік құрылымының нығаюына әкеледі,өзеңнің формасын қалыптастырады.
Илеу процесіне алдын-ала дайындық процесі,илегіш негізділігі мен ерітінді концентрациясы,температура,процесс ұзақтығы және механикалық қозғалыстар әсер етеді.
Мехты дайындау процесі – пикелдеу мен ашытқымен өңдеуге белокты құрылым босаңсиды.
Талшықтар неғұрлым көп жіктеліп босаңсыған болса,илегіш заттар соғұрлым шапшаң енеді.Пикелдеуге қарағанда ашытқымен өңдеуге босаңсытудың көбірек болатыны белгілі,сондықтан бұл терілер тез,біркелкі иленеді және илегіш аз кетеді.
Пикелдеуге органикалық қышқылдар қолдану да жақсы нәтиже береді.
Хром ерітіндісінің концентрациясы мен негізділігі.Концентрация жоғарлағанда илеу процесі тез өтеді,дегенмен мехтың иімділік қасиеттері төмендейді.Негізділігі жоғарлағанда да байланысы күшейгенімен өте жоғары негзділікті илегіш құрылымның ішкі қабаттарына енбей беткі қабаттарында байланысып өнімнің қаттылығына әкеліп соғады.
Илеу температурасы жоғарлығанда процесс шапшаңдап байланысу артады.Дегенмен илеу температурасын 450С арттырмаған жөн.
Илеу ұзақтығы илегіштерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Илеу уақытын 6-12 сағат аралығы жеткілікті деп есептеледі,одан ары созу мехтің жұмсақтығына кері әсерін тигізеді.
Механикалық әсерлер ерітіндіні араластырып тұруға мүмкіндік бергендіктен процесті жеделдетеді.
Соңғы жылдарда дайындау мен илеудің,негізінен екі тәсілі қолданылып жүр.Көптеген мехтар үшін пикельдеумен илеу бірге жүргізіледі.Қоян,мехтық қой терілері үшін бұл тәсіл өңдеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұл тәсіл бойынша мехтар белгілі уақыт ішінде пикелденіп,сол ерітіндіге тиносульфит пен хром илегіш қосылады.
Тері ткані қалың терілер алдымен пикелденіп одан кейін жатқызылып қойылады.Сонан соң ғана иленеді.Жатқызып қойғанда қаттап жинап қою қажет.Бұл кезде қышқылдың әсері ткані мен жүн құрылымына тарамды жалғасады,белоктың белсенді топтарымен байланысу жүреді,қатталып жиналғандықтан сғылып ылғалы азаяды.Жатқызып қою ұзақтығы әдетте 24 сағат.
Алюминий қосылыстарымен илеу
Мех өнеркәсібінде хром мен алюминий тұздары араластыра илеу көп қолданылады. Алюминий қосылыстары хром секілді негізгі комплекс түзейді.Бірақ негізділігі жоғарылағанда ерімейтін қосылыстар түзеп тұнбаға түседі.Алюминий илегіштерінің коллагенмен байланысуы хром тұздарымен салыстырғанда төмен.Алюминий тұздарымен өңделген тері жылудың,ферменттердің,тотықсыздандырғыштардың әсеріне төзімділігі төмен болады.Сонымен қатар,алюминиймен иленген терілер жұмсақ,толықтырылған және иімелік қасиеттері жақсы болады.Сондықтан да аралас илеу қолданылады.Хром мен алюминийдің илегіштерін бірге қосқанда ерітінді екі металдардың да иоңдары болатын комплекстер түзейді.Алюминий тұздарынан KAI(SO4)2 24 H 2O алюминий ашудасы кеңірек қолданылады.
Хром-алюминий аралас илеу тәсілі қоян,ондатра,мысық,терілерін өңдеуге қолданады. Бұл тәсілді қолданғанда дұрыс майлауға көңіл бөлу керек,себебі алюминийтұздары май қышқылдарымен тотығын ерімейтін сабындар түзейтін қасиеті болғандықтан келесі процестердің жүргізілуін қиындатуы мүмкін.
Цирконий қосылыстарымен илеу
Тондық терілер мен велюр илеуде цирконий тұздарын қолдану тиімді.
Цирконий тұздарымен иленген терілер өзінің табиғи ақшыл реңін сақтайды,велюрдің түгі біркелкі әдемі болады.
Цирконийдің көптеген қосылыстарының илегіштік қасиеті бар. Дегенмен цирконийдің натрий сульфатының илегіштік қасиеті жоғары болғандықтан көбірек қолданылады.Бұл илегішті циркон концентратынан алады.Айта кететін жәй,бұндай шикізаттар бұрын Украинадан алдырылатын,соңғы жылдарда Республикамыздың өзінен Қостанай,Өскемен облыстарынан өңдіріле бастайды.Хром мен цирконий қосылыстарын араластыра илегенде тоңдық терілердің босаңдықтары кеміп,сапалары жақсарады.Соның нәтижесінде өнімнің беріктігі өсіп аудан шығымы артады.
Формальдегидпен илеу
Альдегидтермен илеу ең көне тәсілдердің бірі.Ертедегі,алғашқы қауымдық қоғамның өзінде-ақ адамдар терілерді түтінге ыстып өңдейтін болған.Түтін құрамында формальдегидтер (CH2O) болады.
Формальдегидпен илеудің бірқатар артықшылықтары бар.Олардың қатарына терілердің тотықтырғыштар әсеріне беріктігін келтірілген.
Кестеде анилинмен боялған қоян терілерінің тотықтырғыш әсеріне илеу тәсілдерінің беріктігі келтірілген.
5 кесте
Көрсеткіштер Илеу тәсілдері
формальдегидпен
Жиырылу температурасының төмендеуі,0 С
6
Беріктігінің төмендеуі,% анилинмен бояған соң
18,6
12-ай сақтаған соң 0
Формальдегидпен иленген терілердің жүні таза,температураларға төзімділігі жоғары,басқа илеу тәсілдеріне салыстырғанда ауданы 3-5% жоғары. Формальдегид жағымсыз,иісті газ. Илеуде 40% формалин деп аталатын ерітіндісі қолданылады.Формалиннің химиялық әрекеттесу қабілеті өте жоғары.
Илеу кезінде формальдегид белоктың негізгі топтарымен (аминотоптарымен) полипептидті тізбекке көлденең байланыстар түзейді.
Формальдегидпен илеуде сапалы өнім алу реакциялық ортаның көрсеткішіне,формальдегид концентрациясына,температураға,процесс ұзақтығына байланысты.Формальдегидтің белоктың негізгі топтырмен сіңірілуі,байланысуы бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортада жақсы жүреді.Сондықтан да формальдегидпен илеуді жібітуден соң жүргізген тиімді.Ал пикелдеуді қажетіне қарай илеуден соң жүргізеді.Формальдегидтің негізгі бөлігі алғашқы 30 минуттай байланысады,сондықтан да әлсіз ерітіндісінің жиырылу температурасына әсері көп,сондықтан түгелдей байланысуына өте ұзақ уақыт қажет.Жобамен бір айдай.
Илегіш ерітіндінің температурасын жоғарлатқанда формальдегидтің байланысуы артады.Тәжірибе жүзінде илеуді 25-300С температурада жүргізеді.Формальдегидпен илеуді зиянды,жағымсыз иісіне сонымен бірге иленген терілер қаттылау болуына байланысты кем қолданылады.Сондықтан да бұл тәсіл қажетті жағдайларда ғана қолданылады.Формальдегидпен жұмыс істейтін орынның ауасы әруақытта тазартылып тұруы керек.
5.5. Илеуді іс жүзінде жүргізу
Мехтық терілерге пикелдеу процесі мен механикалық операциялар әсерімен жұмсақ иілмелік қасиеттер беріледі.Бұл қасиеттерді сақтау үшін илеу процесін де тиімді жағдайларда өткізу қажет.Хром илегіш тұздары тек өзеңнің торлы қабаты жағынан ғана енетін болғандықтан біркелкі енбей қалуы мүмкін.Сонымен қатар хром қосылыстары жүннің тазалығын,түсін және реңін өзгертуі мүмкін.Сондықтан да мехты илеу хром тотығының аз мөлшерімен және төмен негізділікте жүргізіледі.
Мех өнеркәсібінде терінің,қолданылатын әрлеу түрлеріне қарай илеудің әртүрлі тәсілдері қолданылады.
Мехтық қой терілерін илеу
Хроммен және хромэмульсиялы тәсіл мен мехтық қой терісін өңдеу кеңінен қолданылады.Формальдегидпен илеу кубты бояғыштармен бояланатын терілерді илеуде қолданылады.
Хромалюминиймен илеу жүнді әрлеуде қиындықтар туғызатын болғандықтан көп қолданылмайды.Жоғарыда айтылғандай майлы терілерді алюминий тұздарымен өңдегенде ерімейтін алюминий сабындары түзіледі де әрлеу процестерін жүргізуде қиындықтар пайда болады.
Хроммен илеуді,әдетте,баркастарда С.К =7 және 200С температурада,6-12 сағат аралығында жүргізіледі.Қолданылатын хром ерітіндісінің негізділігі 35%.
Илегіш ерітіндіге уротропин қосса илену ұзақтығы қысқарады,аудан шығымы мен қыртыс қабатының беріктігі артады.Илеуден соң терілер қатталынып жатқызылып қойылады.
Соңғы жылдары тоңдық және мехтық қой терілерін өңдеуде өнім сапасын арттыратын үздіксіз тәсіл:пикелдеу – хроммен илеу- майлау қолданылып жүр.Бұд тәсіл өңдеудің уақытын қысқартады.
Мехтық қой терісін үздіксіз тәсілмен өңдеуде жабдыққа су толтырылып ас тұзы мен қышқыл құцып,тексерген соң,терілер салынады.4 – сағаттан соң қажетті мөлшердегі хром илегіші мен уротропин беріледі.30 минуттан соң илегіш ерітіндінің рН көрсеткіші натрий карбонаты көмегімен 3,5 жеткізіледі.Сонан соң скипидар мен веретендік майдың эмульсиясы сол ерітіндіге қосып майланады.Өңдеудің жалпы ұзындығы 8-12 сағат,температурасы 420С.
Веретен майынан ерітіндідегі мөлшері 10г/л,скипидардікі -0,5 г/л.Эмулсияға скипидар қосқанда майдың сіңуі артады.
Тоңдық қой терісін илеу
Тоңдық қой терілерін өңдеуде де пикелдеу — илеу — майлау үздіксіз тәсілі қолданылады.
Тоңдық қой терілерінен тігілетін бұйымдардың тері ткані сыртқа қарайтын болғандықтан тері тканінің жақсы иленуіне көңіл бөлінеді.
Қолданылатын хром илегішінің негізділігі 42% болуы қажет.Ашық түсті өнімдер өңдіруде илеуден соң сульфитден соң бұл экстрактпен өңделген терілердің су әсеріне төзімділігі артады,түрпіленген соң беті біркелкі ақшыл – сұр реңді болып шығады.Бұл тәсілмен өңделген терілердің жиырылу температурасы 800С жетеді.
Қоян терісін илеу
Қоян терілері,тері тканінің қалындығына байланысты пикелдеу мен илеуді бірге немесе бөліп жүргізеді.Тері ткані жұқа терілерді пикелдеуден соң сол ерітіндіге белгілі мөлшерде гипосульфит қосып бір сағаттан соң негізділігі 5% болатын хром илегішін 0,5 г/л мөлшерде қосады.
Бір сағаттан соң негізділігі 35-40% хром илегішінің қалған мөлшерін қосады.Алдымен төменгі негізділікті илегішті қоса илегенде илегіштің тері тканіне біркелкі таралуына мүмкіндік жасалынады.
Тері ткані қалың терілерді өңдеуде пикелдеуден соң терілерді жатқызып қойып илеу гипосульфит,хром илегіші мен алюминий тұздары қосып бөлек жүргізіледі.
Илеу процесін бақылау
Илеудің негізгі көрсеткіші тері тканінің жиырылу температурасы болып табылады.
Оны анықтау үшін 2-3 теріден 50х55 мм өлшеммен жолақтар кесілініп алынып,жүнін қырқыады.Жолақтарды төменгі шеті термометр ұшының деңгейінде болатындай етіп резиналы сақиналармен бекітеді.Термометрдің төменгі ұшы стакан түбіне тимейтіндей етіп штативке бекітіп суы бар стаканға салып қыздырады.Тері ткані жиырыла бастаған кездегі температура анықталады.Бұл температура жиырылу температураыс деп есептелінеді.
Жиырылу температурасын анықтауда әртүрлі арнайы жасалынған аспаптар қолданылады.
Жинақталған тәжірибелер мен ғылыми зерттеулер негізінде әртүрлі мехтарға қасиетіне сәйкес әртүрлі жиырылу температураларын беру керек.Мысалы,мех қой терісіне 700С,ал тондық қой терісіне -800С жиырылу температурасы қажет.
Қажетті жиырылу температурасына жетпеген жағдайда илеуді ары қарай жүргізеді немесе илегіш негізін жоғарылатылады.
Хроммен илеуден соң тері ткаінің құрылымында белгілі мөлшерде хрои болуы қажет.Илеу процесін жүргізуде илегіш ерітіндісінің температурасы,С.К. және илеу ұзақтығы бақыланады.Илеу процесі дұрыс жүргізілмегенде тері ткаінінің қатты болып қалуы ықтимал.
Сонымен қатар илегіштердің біркелкі таралуына байланысты өнім сапасының төмендеуі мүмкін.
5.6 Майлау
Майлау кезінде тері тканіне енген майлар оның құрылымындағы талшық топтарымен жеке талшықтарды жұқа қабыршақпен қаптайды.Тері тканінің құрылымындарындағы майлар талшықтардың бір-біріне желімденіп қалуынан сақтайды,және өзара қозғалуына жағдай жасап тері тканінің иілмелік,жұмсақтық және беріктік қасиеттерін арттырады.
Майлы заттар сипаттамасы
Мех өндірісінде: жануарлар майлары,өсімдік майлары,олардың өңделген өнімдері,минералды заттар,синтетикалық майлар қолданылады.Қолданылатын майлы заттар негізінен глицериннің және жоғары молекулалы май қышқылдарының күрделі эфирлері болып келеді.Химиялық құрамы жағынан көмірсутектері мен оттегінен тұрады.Майларды жалпы мынандай формуламен сипаттауға болады.
CH2 — OR 1
CH — OR 2
CH 2 — OR 3
Мұндағы R 1, R 2, және R 3, май қышқыл қылдықтары.Май сипаттамасының негізгі көрсеткіштері:тығыздығы /0,91-0,97/,балқу температурасы және сәуленің сыну коэффициенті.Осы көрсеткіштерді пайдаланып,майдың тазалығын,кейде түрінде қарап анықтауға болады.Сонымен қатар майлардың химиялық қасиеттерін:майдағы байланыспаған қышқылын немесе қыщқылдық санын,сабындану санын,иодтық санын,анықтайды.
Мал майларынан сиыр,қой,жылқы,шошқа майлары қолданылады.Теңіз жануарлары,балық майлары кеңінен қолданылады.Теңіз жануарлар майлары /ворвандар/киттердің,дельфиннің,тюленнің денесінен сығып алынатын сұйық майлар.
Акуланың және т.б балықтардың бауыр майлары қыздырылып алынады.Балық майлары сығылып та,қыздырылып та алынады.
Өсімдік майларынан зәйтүн /косторка/ майы көп қолданылады.
Майлау мен эмульсия алу қасиетін жақсарту үшін майлағыш заттарды модификациялайды.Өңделген модификацияланған майлар қолдануға тиімді болғандықтан кеңінен қолданылады.
Модификациялауды сульфаттау,сульфиттеу,гидрогендеу,қышқылдау т.б жолдармен жүргізеді.Теңіз жануарлары майын 25-400С температурада күкірт қышқылымен өңдегенде құрамы және қасиеттері жағынан да өзгешелінетін сульфатталған ворвань деп аталатын май алынады.Бұл май суда жақсы ериді,басқа майлармен жақсы араласады.Осының негізінде сульфатталған ворванға,сульфатталынбаған ворван техникалық және веретен майын қосып,майлауға дайын,дегрин деген май қоспасы алынады.
Зәйтүн майын сульфаттау нәтижесінде химиялық құрамы өте күрделі қою,сарғыш-қоңыр түсті,суда жақсы еритін ализарин майы алынады.
Мұндай өнімдеріне жататын синтетикалық /жасанды/майлар мал майларын алмастырады.
Синтетикалық майлағыш заттарды көмірсутектілеу,хлорлау мен күкірт қышқылымен өңдеу жолымен алады.Мех өңдірісінде,майлауға алдын-ала дайындалған өңдіріске тиімді майлағыш заттар қолданылады.Әдетте олар майдан,эмульгатордан және пластификатордан тұрады.
Майлау тәсілдері
Майлағыш заттар терінің жүн жабынын белгілі дәрежеде ластайтын болғандықтан,тері тканін жақсы майлап,жүн жабынды мүмкіндігінше таза сақтайтын тәсілді таңдау қажет.Бұл тұрғыдан қарағанда суда майдың бөлшектеніп біркелкі еріген май эмульсиялары тиімді. Эмульсия жасау үшін май мен суға эмульгаторлар қосу қажет.майлардан эмульсия жасау арнайы жабдықтарда /эмульгатор/жүргізіледі.Суға эмульгаторды қосқан соң бірқалыпты белгілі температурада үздіксіз араластыра отырып май мен аммиак қосады.Әдетте,40-450С температурасында жүргізеді.
Эмульсияның майлағыштық қасиеті көптеген факторларға байланысты.Әлбетте алғашқы кезекте майлағыш және эмульгаторлық заттарға тікелей байланысты.Қолданылатын майлағыш заттар түрлері өңделетін өңімнің түріне де байланысты.
Май қоспаларына балық майы мен жануарлар майын қосып дайындаған тиімді.Ақ және ақшыл түсті жүні бар терілерге жүн реңін өзгертпейтін жануарлар майы мен минералды майларды пайдалану керек.Эмульгатор орнына сульфатталған ворвань мен ализарин майын қосқан дұрыс.
Майға эмульсия жасауға мүмкіндік беретін және эмульсияға тұрақтылық беретін сілті мөлшерін дұрыс таңдап алғанда,эмульсия тері тканімен әрекеттесе келе,өзінің эмульсиялық қабілетін жоғалтады да,май құрылымының элементіне сіңіп байланысады.
Эмульсия тұрақтылығы кем болса тері тканіне сіңбей беткі қабаттарына жабысып қалып қояды.Эмульсия тұрақтылығы өте жоғары болса эмульсия бұзылмастан майлағыш зат байланысқа түспейді.Сондықтан бұл екі жағдайды да майлау процесі дұрыс жүрмегендіктен қолдануға болмайды.Әдетте,эмульсия тұрақтылығы 2 сағатқа жететіндей етіп дайындалады.Ол үшін сілті,негізінен аммиак қосады.Май эмульсиялар дайындау үшін арнайы жабдықтар қажет. Кейбір кәсіпорындарда оңдай мүмкіндіктер бола бермейді.Эмульсиялардың тұрақсыздығына байланысты ұзақ сақтауға болмайды.Бұл көп уақытты талап етеді.Сондықтан майлағыш қоспалар жасалынады.Өндірісте қолданылып жүрген дигрен М қоспасы 23,5% — сульфатталған балық майынан,21,6 % — N2 веретен майынан және 3,4% — нафтен қышқылының аммонийлы тұздарынан тұрады.Дегрин М қоспасын қолданғанда жақсы сапалы тоңдық терілер алынады.
Тотыққан және сульфатталған балық майынан алынған липодермликер 2 қоспасы да қолданылады.Бұл қоспа балық майы иісі шығатын қоңыр түсті қоймлжың май.Тері тканіне сарғыш-қоңыр өң береді.
Липодермликер 0 қоспасы табиғи май қоспалары,тері тканінің реңін өзгертпейді.Сондықтан да боялмай өндірілетін өнімдер өңдеуге қолданылады.
Майлаудың жағу және батыру тәсілдері қолданылады.Жағу тәсіліне май эмульсиясы илеуден соң тері ткані жағынан жағылады.Жағуды қолмен немесе арнайы жабдықтармен жүргізеді.Май жағылған терілер кептіруге жіберіледі.
Толық біркелкі майлану үшін терілерге белгілі мөлшерде май эмульсиясын жағу қажет.Ауданы орташа терілерге 40мл,үлкен терілерге 100мл эмульсия жағу қажет.Жағып майлау үшін арнайы қоңдырғылар да қолданылады.Мысалы,қоян терілерін жағып майлау үшін өтпелі МЖ-260-ПС қоңдырғысы жасалынған.Транспортер лентасының үстіне көлденең щеткалы цилиндр орналастырылған.Жұмыс күнінің еңбек өнімділігі 11000тері.
Жағып майланғанда терілер біркелкі майланбайды,жұмысы ауыр,еңбек өнімділігі төмен.Бұл кемшіліктер малып немесе батырып майлағанда жөңделеді.Бірақта бұл жағдайда жүн жабынының ластанбауын қадағалау қажет.Ол үшін май мөлшеріне,сапасына көңіл аудару керек.Негізінен синтетикалық майлар мен сульфатталған майлар қолданылады.Есте сақтайтын жәйт,жүн жабыны қышқыл ортада майды жақсы сіңіреді,сондықтан да майлауды сілтілі ортада жүргізген дұрыс.
Эмульсиялармен малып майлау,негізінен баркастарда немесе барабандарда жүргізіледі.Бұл жағдайда тері ткані майды жақсы сіңіреді.Майлау ұзақтығы 40-60мин. Май эмульсиясының тұрақтылығын жою үшін 50г/л натрий хлориді қосылады.Бұл тәсілдің кемшілігі жағып майланғанмен салыстырғанда май мөлшерінің артық шығыны/ 2 еседей/.
Эмульсиямен малып майлаудың бір артықшылығы илеу процессімен бірге қосып жүргізуге мүмкіндік береді.
6. ЫЛҒАЛДЫ АЗАЙТУ
Мех өнеркәсібінде ылғалды кетіру /азайту/тәсілдері технологиялық талаптарға байланысты.Өнеркәсіпте негізінен центрифуналарда,гидравликалық немесе білекті престерде сығып ылғалды кетіру және кептіру тәсілдері қолданылады.
Центрифугада сығу
Өңдеу кезінде мех жартылай фабрикаты бойына өте көп мөлшерде ылғал сіңіреді.Кей жағдайларда сіңірілген ылғал мөлшері 80% -ке дейін жетеді.Келесі процестерді жүргізу үшін ылғалдылықты төмендету қажет,сондықтан да жартылай фабрикат центрифугада сығылады.Центрифуга өз-өзінде айналатын ұзақ тесікті цилиндр формалы барабан.Барабан айналған кезде оның ішіне салынған терілер орталықтан тепкіш күш әсерінен цилиндрдің сыртқы тесікті қабырғаға қысылып су сығылады.Центрифуганың көмегімен ылғалдылықты 50%-ке дейін төмендетуге болады.
Гидравликалық прессте сығу
Қоян терілерін сығу үшін роторлы гидравликалық престер қолданылады.Центрифугамен салыстырғанда ,салып-түсіруге кететін жұмыс күші мен уақыты қысқарылып еңбек өнімділігі 8-10 есе артады.Гидравликалық пресс қолданғанда сығу жәрежесін бақылау мүмкіндігі болады.
Гидропресстің қысқаша техникалық сипаттамасы
Еңбек өнімділігі/тәулігінде
өңделетін терілер саны,мың дана/ 32
Бір мезгілде салынатын терілер саны,дана 1000
Сығу ұзақтығы,мин. 5-10
Білікті/валды/ машиналарда сығу
Мехтық қой терілерін сығуға білікті /валды/машиналарды жиі қолданылады. Бұл кезде сығумен бірге терілер керіледі.Білікті машиналардың жұмыс істеу негізі ММ2-47 шелдеу машиналарына ұқсас.Білікті машина (14- сурет)пышақты біліктен -1,жоғарғы -2 және төменгі -3 сыққыш біліктермен итеріліп қысатын қысқыш -5 біліктен тұрады.Өңделетін тері -4 төменгі сықықш білікке жүні бетіне /жоғары/ қарап салынады.
Машинаны іске қосқан кезде төменгі сыққыш және қысқыш біліктер көмегімен айналып тұрған пышақты білікке қысылып ылғалы сығылады.
Пышақты біліктің пышақтары винт сияқты орналасқандықтан мех кері тартылады.
Кептіру
Кептіруде тек ылғалды төмендету процесі деп қарауға болмайды.Кептіру кезінде мех жартылай фабрикатында келесі өзгерістер болады: 1) илегіш заттар белоктың активті топтарымен қосымша байланысады; 2) тері тканінің құрылым элементтері нығыздалады; 3)май эмульсиясы ыдырап,өзең құрылымына біркелкі тарайды.
Кептіру процесін шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.Бастапқы кезеңде жартылай фабрикаттың байланыспаған ылғалы кемиді.Екінші кезең тұрақты кептіру кезеңі деп аталады немесе ылғалды кетіру кезеңі.Үшінші кезеңде ішкі құрылымдағы ылғалдардың белоктың сыртқы қабаттарына ауысуы жүреді де кептіру процесі баяулайды.
Екінші кезеңде жартылай фабрикаттың қалыңдығының құрылым ерекшелігінің аса әсері болмағанымен үшінші кезеңде бұл көрсеткіштер негізгі орынға шығады.
Кептіру ыстық ауа көмегімен жүргізіледі.Кептіру процессін үздіксіз жүргізу үшін,ылғалдық бумен қаныққан жылы ауа желдеткіштер көмегімен алмастырылып отырылады.
Кептіру процесі негізі үш параметрлермен; ауа температурасы; салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалыс жылдамдығымен сипатталады.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы су буларының ауадағы мөлшерінің,оның осы температурадағы жоғарғы көрсеткішіне қатынасы.
Салыстырмалы ылғалдылықты психрометр деп аталатын аспаппен анықтайды.Ылғалдылық процентпен белгіленеді.
Кептіруді шапшаңдату үшін процесті жоғары температурада,төменгі салыстырмалы ылғалдылықта және ауа қозғалысының жоғарғы жылдамдығында жүргізу қажет.
Кептіру процесінде ылғалдың кемуімен мехтық жартылай фабрикаттың ауданы да кемиді. Бұл құбылыс ауданның отыруы деп аталады. Кептіру мен одан кейінгі процестердің орындалуының ауданның отыруына әсері мол.Жартылай фабрикатқа майлағыш заттар мен толықтырғыштарды енгізу жіктелген коллаген талшықтарының бір –біріне жақындап бірігіп қалуына мүмкіндік бермейді. Соның әсерінен құрылымның иілмелік қасиеттері мен аудан отыруы жақсарады. Жартылай фабрикатты керіп кептіргенде ауданның отыруы кемиді.Иленген тері тканінің жиырылу температурасы жоғарылайтыны белгілі.Ол неғұрлым жоғары болса,соғұрлым кептіруді жоғары температурада жүргізуге болады.
Шынжырларға тері ілінетін көлденең таяқтар бекітілген.Арнайы бөлшектер көмегімен конвейер камераны қатар орналасқан сегіз қабатқа бөледі.Әдетте,кептіргіш үздіксіз тәсілімен жұмыс істейді.Конвейер қозғалыс жылдамдығы кептіру уақытымен сәйкестендіріледі,кептірілетін және кепкен теріні алып салу бас жағында бір жерден жүргізіледі.Қоян терілерін кептіру үшін өнімділігі сағатына 500-600 дана кептіретін ДРС-2-60 қоңдырғысы қолданылады.Кептіргіш қоңдырғы қатар орналасқан екі қабаттан тұрады.Тері бекітілген рамалар конвейер көмегімен соның бойымен жылжиды.
15- сурет
Сегіз қатарлы кептіргіш жүйесі.
Ылғал терілер көлденең таяқтарға жүні сыртына қаратып ілінеді.
Соңғы жылдарда барабанды кептіргіш қоңдырғыларға көңіл бөлінуде.Бұл кептіргіштер іші ағашпен / тақтаймен/ қапталған тесіктері бар өз осінде айналатын барабандар.Ішіне қаланған тақтайлар терілердің қызған темір барабанға тиіп пісіп қалуынан сақтайды.Қажетті температура авотматты жабдықтармен реттелініп отырады.Барабанды кептіргіш қоңдырғылардың өнімділігі сағатына 45 100 тері.
Майда терілерді кептірумен қатар жұмсарту үщін КБ2-2М барабанды қоңдырғылары қолданылады.
Мехтық терілерді әдетте,40-450С температурасында,0,5-1м/с ауа қозғалыс жылдамдығына және ауаның 45-500С салыстырмалы ылғалдылығына кептіреді.Ұзақтығы терілердің түрлеріне байланысты 3-4 сағат.Рамалы кептіргіш қоңдырғыларға терілер жүні төмен қаратып керіп тартылып бекітіледі.Кептіргіш тері тканінің ылғалдылығы 12-14% болуы қажет. Кептіруден соң терілерді 4-6 сағатқа жатқызып қояды.Бұл кезде ауаның ылғалын бойына сіңіру және өз бойындағы ылғалдың біркелінеліп таралуы нәтижесінде мех ткані жұмсарады.
Мехтық жартылай фабрикаттарды кептіруде кептіргіш камерасының температурасына аса көңіл бөлуі қажет.Кептіру дұрыс жүргізілмеген жағдайда өзеңнің беткі қабаттары тез кеуіп жарғақтанып қалып,кептіру менк елесі операциялардың жүргізілуіне кедергі болуы мүмкін.
7. ӘРЛЕУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Мех өндіруде әрлеу операцияларының (бояу,жұмсарту,былғары ткані мен жүн жабынын әрлеудің) үлкен маңызы бар.Мех терілерін үзілісті тәсілмен өңдегенде бояуға дейін және бояудан кейін екі рет әрлеу операциялары жүргізіледі.Бұл қайталанып жүргізілетін опеарциялардың мақсаттары мен міндеттері бір болғандықтан кітапта тек бір рет келтірілген. Үздіксіз тәсіл бойынша боялған соң кептіріліп әрлеу операциялары жүргізіледі. Операциялардың орындалу реттілігі өңделетін тері мен алынатын өнім түрлеріне байланысты.Қоян терісін мысық терісіне ұқсатып өңдегенде біркелкі тегіс қырқылуына мән беріледі.Табиғи реңімен өңдеуде жүннің түсі мен былғары тканінің жұмсақтығына аса көңіл бөлінуі қажет.
Дегенмен, әрлеу операциялары барлық терілер үшін ұқсас болып келеді,тек тері өзгешелігіне байланысты ерекшеленеді.
7.3 Тотықтырғыш бояғыштармен бояу
Мехты бояуда тотықтырғыш бояғыштар кең қолданылады.Тотықтырғыш бояғыштарда түс беретін хромофор топтары болмайды,әдетте олар түссіз немесе өте әлсіз боялған,бензол немесе нафталин туындылары болып келетін жай органикалық заттар.
Талшықты бояу алдында ауыр металл тұздарымен өңдейді,соған байланысты белгілі түс алынады.Олар молекулалық массасы аз және суда жақсы еритін болғандықан талшыққа жылдам сіңеді де,тотықтандырғыштың әсерінен молекулалық массасы үлкен суда ерімейтін болуға айналады.
Барлық дерлік тотықтырғыш бояғыштар белгілі ортақ қасиеттерімен сипатталады:
1. Жүн талшығын протравтаудан (көбіне хроммен) соң бояйды.Әртүрлі протравтауды қолдана отырып алынатын түсті өзгертуге болады.
2. Кей жағдайларда боялған жүн,ауаның әсерінен реңін көбінесе,қызғылтым түске өзгертеді.
3. Ерітіндінің қышқылдық көрсеткішіне байланысты рең мен түс өзгереді.Мысалы, сары бояу сілтілік ортада қызғылт-қоңыр түске бояйды.Сондықтан да ортаның қышқылдық көрсеткішін мұқият бақылау қажет.
4. Бояғышты тотықтырғыштар адамның тыныс алу жолдарына,терісіне кері әсері болғандықтан жұмыс істеу кезінде ұқыпты болу қажет.
5. Тотықтырғыш бояғыштар тері тканінің иілгіштік қасиетін төмендетеді,ауданын кемітеді.
Көрсетілген кемшіліктеріне қарамастан,тотықтырғыш бояғыштар кең қолданылады.Себебі,бояуды төменгі температурада жүргізілгенмен,бағалы аң терілеріне ұқсас түс береді.
Хром тұздарымен протравталвнған мех терілерін тотықтырғыш бояғыштармен бояуды төмендегіше түсіндіруге болады.Бояғыш ертінтіге тотықтандырғыштың ( сутек перекисі) әсерінен тотықтырғыш бояғыш бояуға айналып талшық құрылымына сіңеді. Сонымен қатар тотықпаған бояғыштар сіңіп хроммен байланыстар түзейді.Сонымен жүн жабының боялуы сіңірілген мен тотықтырғыш әсерінен түсін өзгеруіне байланысты.
Химия өнеркәсібінде өңдірілетін тотықтырғыш бояғыштарды мехқа арналған бояғыштар деп атайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. imurat.kz/teri-bylgary-ondiru/
2. fk.kz/…/too-semejjskijj-kozhevenno-mekhovojj-kombinat/
3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Шелдеу_машинасы