Саясат субьектілері


Саясаттың субьектісіне әлеуметік топтар, таптар, ұлттар, мемлкеттер саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Мәселе «тұлға», «субьекті» турлы болмақ.
Тұлға деп — қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған саналы іс-әрекет ете алатын өз жүріс-тұрысына жауапты еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші адамды айтады.
Субьекті деп — белсенді іс-әрекет жасаушы сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Ал обьекті деп танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса соны айтады.
Саясаттың субьектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласатын басқалардың санасына іс-әрекетіне жағдайына ықпал ететін саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасйтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субьектісінің құрамы оның түрлері мен тәсілдеріне, көздеген ақсат-мүдделеріне, қоғамның нақты тарихи жағдайымен айқындалды. Адамдарды негізінен саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп- мұқтаждық пен мүдде.
Қандай адам болмасын белгілі топқа, тапқа, мемлекетке жатады. Оның өзі де өмір жағдайы мен саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене аралауының жан-жақты маңызы бар.
Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалды әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай олард мынадай түрлерге бөледі.Қоғамның қарапайым мүшесі. Саяси жұмысқа тура араласпайтындар. Өз еркімен саяси жұмысқа араласатындар. Саяси қайраткерлер. Кәсіби саясаткерлер. Жеке адамдардың саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі мол болса, қоғамдағы орны өте жоғары болады. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құққтық алғышарттар қажет. Сондықтан да демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады.
Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні бар мәселелердің бірі- адам бостандықтары мен құқықтары. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар: Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. т.б. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп бергендер болды.
АҚШ-тың «Тәуелсіздік Декларациясында» көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде және Францияның «Адам және азаматтар Декларациясында» бекітілді. Олармен салыстырғанда қазіргі кездегі жеке адамның құқығы туралы ұғым анағұрлым ауқымды.
Адам құқығының іске асып орындалуының зор маңызы бар. Ол адамға өзінің жеке және қоғамдық өмірінің саналы жасаушысы, ішкі және сыртқы саясаттың толық субьектісі болуына, мемлекеттің бірқалыпты прогресті дамуына жағдай жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *