Мемлекет ұғымы кең және тар мағынада қолданады. Мемлекет саяси жүйенің басты элементі, негізгі ұйымы. Арнаулы күштерді пайдалана тоырып, өз аумағындағы азаматтардың мүддесін қорғайды. Алғашқы қауымда болған жоқ. Құл иеленушілік қоғамда пайда болды. Ол туралы мынадай пікірлер бар.
1.Теологиялық –құдайдың күшімен пайда болды.
2.Патриархтық- тайпа-рулардың қауымдастығы арқылы
3.Қоғамдық келісімі- адамдар мен мемлекеттің арасындағы өзара келісім арқылы пайда болды.
4.Зорлық жасау -басып алу арқылы
5.Географиялық –мемлекеттің орналасуы арқылы пайда болды.
6.Психологиялық- бағыну мен құлшылық ету арқылы пайда болды. т.б.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
1.Аумақтық (территориялық) бөлінуі,
2.Ерекше өкімет аппараты (жариялы билік)
3.Мемлекеттің егемендігі
4.Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру.
5.Салық салу.
6.Мемлекет азаматының болуы.
Мемлекеттің қызметтері: ішкі және сыртқы.
Ішкі қызметтеріне: экономика, салық, несие, экономикалық бағдарламалар, әлеуметтік өмірді ұйымдастыру, заңдылықты қамтамасыз ету, мәдени-тәрбиелік салада мемлкет халыққа білім беру, ғылыммен әдебиет өнерге қамқорлық жасау.
Сыртқы қызметтеріне: мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігі, өзін-өзі билеу, басқа елдермен қарым-қатынастары.
Мемлекеттің тағы бір маңызды мәселелері: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруы. Алғашқысы ерте кезеңде пайда болды. түрлі пікірлерде бар. Азаматтық қоғам деп-мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізі-көп укладты экономика. Сонымен бірге азаматтық құқықтарды жүзеге асырады. Осылайша бұл қоғам мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.
Құқықтық мемлекет деп-демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Құқықтық мемлекет- жоғары өкіметтің қаулы-қараларымен кіргізілмейді. Ол үшін мемлекет жан-жақты дамып, пісіп жетілуі керек.