Дауысты дыбыстар


 екіге бөлінеді: 1) дауысты дыбыстар; 2) дауыссыздыбыстар. Дауысты дыбыстар саны – 12.Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у). Дауысты дыбыстар — өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы шықққан дыбыстар.

Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай екіге бөлінеді: 1) жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, у. Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл кейін шегініп, тіл үсті дөңестенеді. 2) жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, у. Жіңішке дауысты дыбыстар айтқан кезде тілдің ілгері созылады.

Қазақ тілінде сөздер не тек жуандауысты дыбыстардан, не жіңішкедауысты дыбыстардан құралады. Мысалы, тек жуан дауыстыдыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, дауылпаз, тасбақа, т.б. Тек жіңішкедауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем, жүгері, мереке, күміс, ілгіш, т.б.

Басқа тілден енген сөздер, қос сөздер мен біріккен сөздер жуан дауысты мен жіңішке дауыстының араласып келуінен жасалады. Ондай сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы, емтихан, синтаксис, жөн-жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас, т.б.

Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып екігебөлінеді: 1) ашық дауыстылар жақтың кең ашылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, о, ө, е, э. 2) қысаң дауыстылыр: ы, і, и, ұ, ү, у. Қысаң дауыстылар жақтың тар ашылуы арқылы жасалады. Тек ашық дауыстылар арқылы жасалған сөздер: орман, өлең, әке, әдеп, бақыт, т.б. Тек қысаң дауыстылар арқылы жасалған сөздер: қызықты, ыдыс, ірімшік, ілгіш, киік, қырқу, т.б.

Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай еріндік және езулік болып екіге бөлінеді: 1) еріндікдауыстылар: о, ө, ұ, ү, у. Еріндік дауыстылар еріннің алға қарай созылып, дөңгеленуінен жасалады. 2) езулік дауыстылар езудің кейін тартылуы арқылы жасалады. Олар: а, ә, е, и, э, ы, і. Тек еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: қосу, өру, ұлу, күлу, т.б. Тек езулік дауысты дыбыстар қатысқан сөздер: ақыл, әдемі, отырықшы, егінші, еңбекшіл, т.б.

Қазақ тілінде сөздің алғашқы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындардағы езулік дауыстыларды айту кезінде өзіне ұқсатып, еріндік дауыстығаайналдырып алады. Бұл ерін үндестігінемесе айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер деп айтылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *