Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Есту ағзаларының профессионалды зақымданулары кезіндегі әртүрлі деңгейдегі айқындылықтағы естудің төмендеуінде жұмысшылардың еңбек қабілетін анықтау үшін, келесі жағдайларды ескеру керек: 1) еңбек жағдайы мен істейтін жұмыстың сипатын (санитарлық-гигиеналық мәліметтер бойынша жұмыс жағдайының жұмыс орнындағы шу параметрлерінің көрсеткіштерімен сипаты); 2) барлық жыл бойындағы кәсіптік маршруты бойынша жұмысшының негізгі кәсібінің еңбек ісәрекеті (еңбек кітапшасының көшірмесі); 3) есту қызметтерінің және ЛОР ағзаларыың тексеру нәтижелері (аудиометрия мәліметтері); 4) «шулы» мамандығындағы жұмыс кезінде және шу жағдайындағы жұмысқа дейінгі есту қабілетінің төмендетуіне әкелетін, бұрындары басынан кешкен аурулары; 5) сандық критерилер бойынша бағалау мәліметтері. Аурудың ағымы мен сипатын, естудің төмендеуімен даму ерекшеліктерін әрбір маңызды жағдайларда ескеру қажет.
Есту жағдайының төрт категориясын қарайтын естуді бағалау критерилері, «шулы» мамандықтағы жұмысшылардың есту жағдайын салыстырмалы бағалау үшін, кәсіптік естудің төмендеуін дер кезінде алдын алу және еңбек ету сараптамасының қабілеттерін шешу кезінде қажет. Жұмысшыларда есту дің төмендеуінің І деңгейі анықталған кезде, естудің төмендеуінде кәсіптік ауру шешімі қойылмайды және осыған сәйкес шұғыл хабар парағы толтырылмайды. Есту қабілетінің төмендеуінің І деңгейі бар жұмысшылар өз мамандығы бойынша жұмысты жалғастыра береді және міндетті түрде шуға қарсы заттарды қолданады, жылына бір рет есту қабілетінің жағдайын тексеріп отырады.
Егер кохлеарлы невритпен естудің ІІ деңгейлі төмендеуі қойылса (жеңіл), жұмысшы есту жағдайы бойынша өз мамандығымен еңбек ете беруге болады. Бірақ келесі жылдарындағы аудиометриялық тексерулердегі есту босағасының көрсеткіштері тұрақты болып қалса. Егер динамикалық бақылау кезінде есту босағасы жоғарлайтын болса, есту жағдайының 3 жағдайы бойынша бағаланады.
Егер жұмысшыларды кохлеарлы невритпен естудің ІІІ деңгейлі төмендеуі қойылса (шамалы), шулы жағдайда 10 жыл жұмыс істеу нәтижесінде дамыған болса, оны ДЕСК бағыттайды. Үлкен стажы бар маманданған жұмысшыларда естудің төмендеуімен кохлеарлы неврит дамыса жәнеөршуі болмаса, жұмысшылар өз мамандығы бойынша жұмыс істей береді. Егер кереңдіктің өршу белгілері болса, жұмысшыларды шудың әсерінен шығарып ДЕСК бағыттайды.
Егер кохлеарлы неврит айқын естудің төмендеуімен (ІҮ деңгей) жүрсе, қарқынды шу жағдайында жұмыс істеу көрсетілмейді. Жұмысшыларды ДЕСК бағыттайды және өндірістік шу жағдайынан шығарады. ІІ,ІІІ,ІҮ деңгейдегі естудің төмендеулері анықталған кезде, есту ағзасының кәсіптік аурулары туралы шұғыл хабар беріледі.
Есту қабілетінің сараптамасының принциптері, біздермен ұсынылған есту қабілетінің жоғалту деңгейінің жіктелуіне негізделген. Берілген еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақтарын шешу тек, І-ІҮ деңгейдегі естудің төмендеуімен кохлеарлы невриті бар «шулы» мамандықтағы жұмысшылар үшін арналған. Бұл сұрақтарды жеке және есту қабілетінің жоғалуын ғана емс жіне басқа ағзалар жағынан өзгерістердің айқындылығын, тұрақтылығын, және ең бірінші орталық жүйке жүйесі және жүрек тамыр жүйесі жағынан өзгерістерді ескеру керек.
Барлық жағдайларда жұмысшының басқа жұмысқа ауыстыру кезінде зақымдану деңгейінің жеке медициналық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар жасын, шудың әсері жоқ мамандықта жұмыс істеу мүмкіндігін де ескеру керек.