Қазақстандағы радиациялық жағдай

Қазақстандағы радиациялық жағдай
Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Семей полигонында 1949 жылдан 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс, оның 90-ы ауада, 354-і жер астында және 26-ы жер бетінде жүргізілген.
Олар Қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Шығыс Қазақстан тұрғындары Хиросима-Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен йондаушы сәулелену дозасын алған. Радияциялық әсерге байланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.
Қазақстан территориясында радияциялық ластану себептеріне мыналар жатады:
 Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары
 Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық өнеркәсіп орындары
 Ғаламдық жауындар
 Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар
 Табиғи радиоактивтілік
 Радиоактивті қалдықтар.
Семей ядролық полигоны. 1995 жылы Шығыс Қазақстан облысының Орталық бөлігіндегі жүргізілген аэрограмма, спектрографиялық суреттер жер бетіндегі цезий – 137 активтілігі 65 – 100 мкр/сағ. болғаның көрсетті. Кейбір жерлерде 120-500 мкр/сағ. байқалған. Зайсан көлінің Оңтүстік Батыс жағалауында цезий 137 радиациялық фоны 120-150 макр/сағ. құраған. [1.,290б]
Бұрын жүргізілген ядролық жарылыстар табиғи сулардың, тек ядролық полигон зонасында ғана емес, оған жақын жатқан территорияда да қалыптасуынан теріс әсер етеді. Стронций-90 ең көп мөлшері Сарыөзек жылғасы мен Мұржық тауының етегінде «Мұржық» және «Дегелең» аймағында байқалған. α және β белсенділіктің жоғарғы деңгейі Семей облысының Қайнар селосында, Абыралы колхозындағы барлық дерлік құдық суларында анықталған. Сонымен қатар, Семей қаласынан оңтүстікке қарай, Тарбағатай маңында су алмасу белсенді жүретін аймақта — α және β белсенділік салыстырмалы түрде төмен болған.
Халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатындағы жер асты ядролық жарылыстар. 1995 жылға дейін Қазақстан территориясында әскери полигондардан тыс 32 жер асты ядролық жарылыстары жасалған. Олар әр түрлі халық шаруашылық шешу үшін, соның ішінде жер қыртысын сейсмикалық зерттеулер, Каспий маңы ойпатында тұзды мұнараларда жер асты кеңістіктерін жасау үшін жүргізілген. Қазіргі уақытқа дейін бұл территориядағы жер асты суларының ластану дәрежесі және мониторингі бойынша ешқандай жұмыстар жүргізілмеген.
Радиоактивті материалдарды пайдаланылатын атомдық кәсіпорындар. Қазақстан территориясының техногенді қызмет әсерінен радиоактивті ластануы уран өндіру кен орындарымен, ядролық зерттеу және энергетикалық құрылғылар, полиметалдық, мұнай және газ кен орындарындағы өндіру және өндеу жұмыстарымен байланысты. Бұл жұмыстар уран-радий және торий қатарының элементтерінің әсерінен радиоактивтіліктің жоғарғы болуымен сипатталады. Республикамызда 80000-нан астам кәсіпрындар жұмыс істейді. Олардың жалпы белсенділігі 250 мың кюриден астам. Аталған йондаушы сәулелер көздерінің жалпы санынан, шамамен 20000 (80 мың кюри) өндірістен шығарылып, көмілуі қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *