Экологиялық  гуманизм

Экологиялық  гуманизм өзінің дамуында өзінің әсер ету кеңістігін күшейте отырып, экологиялық идеологияға айналады, оның негізінде экологиялық мәдениет жасалады.

              Экологиялық идеология  — бұл өмір идеологиясы, адам мен табиғат арасындағы ынтымақтастық идеологиясы. Бәрінен бұрын бұл адамзат қызметінің барлық саласында табиғи ортаның оған енгізілген өзгерістерге деген реакциясын есепке алу.

Рухани мәдениеттің барлық салалары өзгере отырып экологиялық мәдениетті жасауға үлес қоса алады. Тарихта рухани мәдениеттің бірінші саласы көрінбейтін мәдениет – мистика болды. Қазіргі экологиялық жағдайда актуалды бола бастаған экологиялық апаттың қауіптілігі адамның табиғат күштері алдындағы әлсіздігін табу жолындағы мистикалық көзқарастың туындауына мүмкіндік туғызды.

Қоғамдық сананы экологияландыру үрдісін бірнеше сатыға бөліп қарастыруға болады: біріншіден, адамның табиғатқа қарым – қатынасын әр түрлі сезім формасында көрсетуі(немқұрайлылық, үрей, байбалам т.б); екіншіден, экологиялық мәселеге  аса қызығушылық таныту( биосферадағы эволюциялық өзгерістердің мәнін көрсету, оның тұтастығының детерминациясын  көрсету); үшіншіден, табиғи құбылыстарды түсінуден әлеуметтік іс — әрекетке көшу, жағымды іс — әркетке көшу; төртіншіден, адамның табиғатқа қатысты жауапкершілік деңгейінің жоғарылауы, күнделікті өмір барысында көрініс табатын экологиялық сананың тұлғаның ішкі мәдениетінің элементі ретінде болуы. Бұл аспектіде экологиялық сана мен экологиялық мәдениеттің деңгейі бұл – қоғамның табиғатты әлеуметтік маңызды қызметке оны тану және дамуын практикалық пайдалану негізінде қаншалықты терең және жан – жақты қосуының көрсеткіші болып табылады.

Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазыр өзінің зерттеу облыстарын дамыта отырып адамзат-қоғам-табиғат ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін комплексті ғылымға айналады.

Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте кұрделі. Дара организм мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулермен биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады.Ал, антропогенді факторлар, экожүйелердің өзгерәсә, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастардызерттеу, бақылау және баға беру оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.

Экология – организмдердің арасында болатын қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.

Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адами-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:
— организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
— биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістерді;
— табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;

— адам-қоғам-табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу:
— биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;

— биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру болып табылады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *