Экологиялық құқық. Экологиялық мәдениет және білім

А. Хунинг техниканы адамның өмір мен билікке деген талпынысынан туындаған дүние деп қарастырады. Оның ойынша адам жаны мен адамзат рухы техника қарқынынан қалмай, одан да басым күйде дамуы қажет деп жазады. Солай істегенде ғана адам техникалық жаңашылдықтарға дайын болады. Тек солай болғанда ғана адам экологиялық мәселелерді шеше алатындай жағдайға жетеді, өз ұрпағының жарқын болашағын қамтамасыз етеді.

Табиғат негізгі қызметі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырушы пассивті жақ ретінде қабылдана бастады. Бүгінгі күні адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынас және экологиялық дағдарыстың болуын еуропалық өркениеттің даму ерекшеліктерінен іздеу керек деген пікірмен келісуге болады.  Ол ерекшеліктер мына пайымдауларда көрініс табады:

      Табиғат адам үшін жаратылған, адам оның иесі болып табылады.

      Табиғат ішкі моральдық құндылықтардан жұрдай, тек адам ғана оған мән, маңыз бере алады.

      Табиғат адаммен жетілдірілу керек және жаңартылған күйінде адамның жердегі табысының, жеңісінің куәсі болу керек [5].

Қарқынды нарықтық шаруашылық – тұтыну идеалдарының мәдениетіндегі басым мәдени құндылықтардың шкаласын түбірімен өзгертті. Табиғатты негізінен таусылмайтын қазына ретінде қарастыра бастады. Егер онда бір нәрсе жетіспесе, соған лайықты техникалық жобалар пайда болды, олардың іске асырылуы қоршаған ортаға зиянды әсерлердің болуын қарастырусыз жүзеге асырылды. Адамдар өздерінің іс – әрекетінің нәтижесі туралы енді ғана, техногендік мәдениеттің жаңа жетістіктерінің салдары аймақтық және ғаламдық деңгейде болғанда ғана ойлана бастады. Техника мен технологияға негізделген материалдық мәдениет тек өндірістік іс – әркетті ғана емес сонымен қатар экологиялыққа зиян келтіретін, адамды инженерлік, технологиялық ойлау стиліне бағыттады. Ондай стиль табиғат объектілерін зерттеуде, қоршаған ортаны техногендік сфераға қайта құруда пайдалы болды, бірақ ол тіршіліктің қайталанбайтындығын, оның бірегейлігін саналауға мүмкіндік бермеді. Ондай ойлау жүйесі Жаңа заман дәуірінде қалыптасты. Ол мәдениеттің техногендік типінің жасалуын қарастырды, онда табиғатқа тең құқықты, жетілген субъект емес, экспансия объектісінің рөлі берілді.

Ұзақ уақыт бойы адамзат табиғатты шексіз пайдалана беруге болады деп ойлады және ол адамға пайдалану үшін берілген деген көзқарас болды. Табиғат ресурстарын жөнсіз, олар таусылмайтындай пайдаланды. Бірнеше уақытқа дейін бұл үдерістер, радикалды экологиялық дағдарысқа әкелмегендіктен салыстырмалы түрде аса маңызды емес болып саналды. Осыған байланысты экологиялық көзқарасы, санасы дамыған қоғам қалыптастыру қажеттілігі туындады.

Экологолиялық сананың экоцентрлік типі бұл –адамның өзін табиғи ортаның бір бөлшегі ретінде санау және қоршаған ортаның сақталуына бағытталу тән адамның көзқарастар жүйесі.

Экологиялық сана деп, күрделі жүйе мәнінің көрінісін, табиғи ресурстарды пайдалану, қайта құруға байланысты адамдардың бір – біріне және қоршаған ортаға қарым – қатынасы түсініледі.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап рухани мәдениеттің жағдайы қауіп туғыза бастады. А. Печчейдің пайымдауынша «адамзаттың алдында оның эволюциясының өткен сатысындағы мәселенің мәні адамдар осы әлемге өздері әкелген өзгерістерге сай өздерінің мәдениетін бейімдей алмауында. Экологиялық мәселелерді шешу ең алдымен адамның ішкі болмысының, адамның өзінің өзгеруінен басталу керек» [2,6].

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *