Экологизациялық түсінігі

Сабақтастықты біржақты процесс деп қарастыруға болмайды, өйткені ол байланыс орнату механизмінің өзін анықтауы тиіс және сонда ғана сабақтастық кез келген дамудың әдіснамалық ұстанымының негізі бола алады. Сабақтастық кең мағынада алғанда үш бірлікті процесс. Бұл терістеуді терістеу заңын ұстанатын а)деструкция (бұзу, алдыңғыны ығыстырып шығару);    ә)кумуляция (ішінара сақтау, мұра ету, көрсету); б)конструкция (құру, жаңаны жасау, қалыптастыру) және тар мағынада сабақтастық сақтау, мұра ету, беру, көрсету сияқты сандық қасиеттері жағынан қарастырылатын процесс.
Сонымен, философиялық түсінікте сабақтастық дегеніміз – тарихи процестің сатылық сипатын анықтайтын маңызды заңдылық. Экологиялық тәрбие сабақтастығының философиялық мағынасы барлық жақсы, оң нәрселерді сақтау талабымен бірге жаңалық енгізуге, өзгертуге әзірлікті қамтиды. Даму процесін, сондай-ақ терістеудің салыстырмалылығын дұрыс түсіну үшін аталған категорияны ескіні қарапайым түрде жою ретінде емес, мағынасы бар процесс түрінде нақты қарастыру қажет сабақтастық кездейсоқтық емес, ол дамудың сатылық сипатын қамтамасыз ететін қажетті заңды құбылыс.
Дүниеге келген жаңа, ескінің ішіндегі мәдениетті, мәнді әдет-ғұрыпты, өміршең дәстүрлерді, тағы басқаларын өркендетеді. Ескі мен жаңаның арасындағы диалектикалық байланыс сабақтастық жолымен дамытылады. Сабақтастық болмаса, дәуір мен дәстүрдің, қоғам мен қоғамның, ұлт пен ұлттың арасында ешқандай байланыс орын алмайды. Дүниежүзілік өркениет те өткен дәуірдің ұшан-теңіз байлығын кіршіксіз сақтау негізінде пайда болды. Ендеше, бұл сабақтастық- қажетті, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын заңды процесс.    

Табиғи және әлеуметтік өзгерістердің көп болуы және олардың жаһандануы адамзатты оның ары қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу.

Бүгінгі күні экологиялық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі болып қоғамның экологиялық мәдениетінің төмендігі табылады деп сеніммен айтуға болады.

Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоғамның, адамның өмір сүру ортасына деген қарым – қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық мәселелер адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым – қатынасының салдары ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан қалай құтылу немесе оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және экологиялық – мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды.

Табиғатты адамға тәуелсіз, оған қарама – қарсы ретінде қабылдау Жаңа заман дәуірінде болады.  Адам табиғаттың билеушісі ретінде қарастырылады. Қоршаған орта адамға, оны бағындырып, техникалық әсер етудің объектісіне, сарқылмайтын ресурстар көзіне айналдыру қажет болған,қарама –қарсы фактор ретінде болды. Жаңа заманда табиғат адамның тілегін орындаушы ретінде қарастырылады және оны бағындырудағы жетістіктер табиғаттың күштерін жеңу деп түсінілді. Адамның табиғатқа шексіз билігін философия классиктерінің еңбектерінен Ф. Бэконнан бастап  Л. Фейербахқа дейін табуға болады.

Мысалы, П. Гольбах табиғи ортаны бізге көрінетін заттарды өндіру үшін және әрекет ету үшін қажеттінің барлығын қамтитын үлен шеберхана ретінде қарауға шақырды.

Декарт біз қол өнершілеріміздің кәсібін білетініміз сияқты, оттың, жұлдыздың,  судың, ауаның, аспанның, яғни бізді қоршаған денелердің барлығының әсерін және күшін біле отырып, солардың көмегімен «практикалық» философияны жасау туралы айтады. Сол білімдерді барлығына қолдана алатындығымызды және табиғаттың иесі бола алатындығымыз туралы атап көрсетеді.

М. Хайдеггер қазіргі экологиялық ахуалды тудырып отырған негізгі себепкердің бірі техникаға жан – жақты талдау берді. Ол техниканы адам іс –әрекеті, әрі соның құралы деп қарастырудан бас тартып, техниканы табиғи заттарда жасырын қалған құпияның ашылу түрі деп біледі. Машинаны ойлап табу арқылы адам табиғаттың жасырын күшін, құпиясын ашады, сөйтіп, оны өзіне қызмет істеуге мәжбүр етеді [4].

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *