Макроэкология — классикалық экологияның ең негізгі түжырымдары, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың проблемалары туралы ілім, адам экологиясымен біріктірілген ғылыми пән.
Мелиорация — ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің жағдайын жақсарту.
Метаболизм — организмдердегі, биологиялық жүйелердегі зат пен энергияның алмасуы.
Мониторинг — белгілі бір объектілер мен кұбылыстарды, олардың жәй-күйін үздіксіз бақылау.
Мониторинг (экологиялык) — қоршаған орта компоненттерінің сапасын, жәй-күйін бақылау.
Мутуализм — бірге тіршілік ететін организмдердің бір-біріне пайдалы әсері жағдайындағы түр аралық қарым-қатынастар типі.
Мырыш— 2/5 бөлегі болатын қорғаныс қабатын жасауға және 1/4 –і жез шцғарыға қолданылады.
Мыс— әлемдегі мыстың 1/2 бөлігі электротехникада (сым, тоңазытқыштардың жылу алмастырушылары, вакуумдық апараттар) және 40%-ы қорытпа құюда қолданылады. Мыс электр тоғын жақсы өткізеді. Оны көп жағдайда басқа металдармен қорытпа түрінде қолданады. Мыстың мырышпен қорытпасын жез деп атайды.Мыстың никельмен қорытпасын мельхиор деп атайды.
Парниктік эффект — Күннің жылу сәулелерін сіңіретін газдар мөлшерінің көбеюі нәтижесінде атмосфера температура-сының жоғарылауы.
Пестицидтер — өсімдіктер, жануарлар, ауыл шаруашылық дақылдарын басқа организмдердің- арам шөптердің (герби-цидтер), насекомдардың (инсектицидтер), саңырауқүлақтардың (фунгицидтер), т.б зиянды әсерінен қорғау үшін қолданылатын химиялық улы химикаттар.
Пирамида (экологиялык) — биоценоздардың қоректік деңгейлері — продуценттер, консументтер және редуценттердің арасындағы сапалық қатынастардың, олардың саны (сандық пирамда), биомассасы (биомасса пирамидасы) немесе энер-гиясы (энергия пирамидасы) бойынша графиктік бейнеленуі.
Поллютанттар — ортаның техногенді ластаушылары: ауада — аэропланктондар, суда- гидропланктондар, топырақта -террополлютанттар.
Популяция — генофондысы ортақ, салыстырмалы бірдей экологиялық жагдайлардағы ортаны мекендеп, бір-бірімен еркін будандасып, ұрпақ бере алатын, бір түрге жататын особьтардың жиынтығы.
Продуценттер — органикалық емес заттардан алғашқы өнім түзетін автотрофты организмдер.
Редуценттер — органикалық заттарды жай минералдық заттар: су, көмірқышқыл газы, күкіртсутек және түрлі түздарға дейін ыдырататын гетротрофты организмдер (бактериялар мен саңырауқүлақтар).
Рекультивация — бүзылған табиғи ландшафтарды қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар комплексі.
Нектон — сулы ортада еркін қозғалып жүзіп тіршілік ететін организмдер.
Нейстон — судың бетінде тіршілік ететін организмдер, мысалы, масалардың личинкасы.
Ноосфера — ойлаушы қабат, ақыл-ой сферасы, В.И. Вернадс-кийдің сөзімен айтқанда, биосфераның адам ақыл-ойы мен әрекеті нәтижесінде сапалық жағынан жаңа, жоғары сатыдағы даму кезеңі.
Сапрофагтар — өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар (детритофагтар).
Синэкология — көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.
Сукцессия — белгілі тіршіілік ортасындағы организмдердің түр қүрамы өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.
Симбиоз — екі немесе одан кµп түрлерге жататын организмдердің бірігіп тіршілік етуі.
Смог- улы тұман, тұманның тамшылары мен шаң бөлшектерінің қосылуымен сипатталатын атмосфераның қауіпті ластануы.
Терратогендер — организмдерге әсер ету арқылы олардың үрпақтарында аномалиялар туғызатын заттар, не физикалық агенттер.
Техногенез — адамды қоршаған және табиғи ортада өзгерістер туғызатын техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі
Тірі зат— биосфераның тірі организмдерінің жиынтығы.
Тантал — медицинада таптырмайтын металл. Оның ерекшелігі – адам организімінің дұрыс қабылдауында. Сондықтан, танталдан хирургиялық қысқыштар мен импланттар жасалады. Әрбір ұялы телефонна 6-дан 12-ге дейін (сандық камераларда 30-дан астам) конденсаторлары бар. Сонымен қатар, электр зарядын өзіне жинақтайды.
Озон қабаты — тірі организмдер үшін аса қауіпті Күннің қысқа толқынды ультракүлгін сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының жоғары концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.
Озондық ойық — атмосфераның озон кабатындағы озон молекулалары жоқ аймақ.
Ойық не қуыс (экологиялык) — түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі немесе белгілі бір түрдің қауымдастықтағы алатын орны.
Урбанизация — қалалардың өсуі мен дамуы, ауылдың қалаға айналуы, ауыл түрғындарының қалаларға көшуі, қоғам өмірінде қалалар ролінің артуы
Фенотип — организмдердің сыртқы белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.
Фитопланктон — суда тіршілік ететін өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер.
Фитофагтар — өсімдік қоректі организмдер.
Фитоценоз — көптүрлі өсімдіктер қауымдастықтары.
Фильтраторлар — суды майда планктон организмдер мен детриттерден тазартатын суда тіршілік ететін организмдер-гидробионттар.
Фотосинтез — Күннің жарығы әсерінен жасыл өсімдіктердің хлорофилл дәндерінде атмосферадағы көмірқышқыл газы мен судан органикалық заттардың түзілуі.
Цунами — жер сілкіну, вулкандар атқылауы немесе т.б. табиғи қүбылыстар кезінде мүхит түбі бөліктерінің ауысуына байланысты туатын теңіз толқындары.
Цитология — тірі организмдердің клеткалық құрылымын зерттейтін биологияның саласы.
Хемосинтез — кейбір минералдық заттардың тотығуы кезінде бөлінетін энергияны пайдалану арқылы хемо-автотрофты бактериялардың органикалық зат синтездеу процесі.
Хромит кені-металлургия, химия және отқа төзімді материалдар өнеркәсібі үшін аса бағалы шикізат. Хромит кенінен маркасы жоғары, өте сапалы болат дайындауға пайдалынатын хром қорытпалары алынады. Хром негізінде алынған отқа төзімді материалдар көп уақыт бойы жоғары температураның әсерінен бұзылмайды.
Экологиялың жүйе — бір-бірімен тығыз байланысты, әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ететін бірнеше түрге жататын организмдер жиынтығы.
Эрозия — топырақтың қүнарлы қабатының жаңбыр, қар суларымен шайылып, не желмен үшып бүзылуы.
Экологиялық сараптама — адамның шаруашылық және басқа қызмет түрлерінің экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтайтын сараптама.
Экоцид — өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы, атмосфера, су ресурстарының немесе басқа да табиғи ортаның зиянды заттармен улануына әкеп соғатын экологиялық апаттар.
Эпизоотия — жануарлар арасында аурудың таралуы.
Этология — жануарлардың мінез — қылықтарының биологиялық непзі жөншдеп ғылым.
Эвтрофикация — табиғи суларға минералдық тыңайтқыштар, жуғыш заттар, мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтары түрінде азот, фосфор, күкірт, т.б. биогенді элементтердің көп түсуі нәтижесінде фитопланктон (әсіресе, көкжасыл балдырлар) биомассасының күрт өсіп, олардың оттегін белсенді сіңіріп, улы заттарды бөлуіне байланысты басқа гидробионттардың тіршілік жағдайлары нашарлап, қырылып қалуы.
Экожүйе- жүйе ішіндегі түрлердің көптүрлілігі мен зат айналымын түзетін энергия ағымымен қамтамасыз ететін, берілген учаскедегі белгілеу үшін қолданылады.
Экологиялық пирамида— биотоптың кері пирамидасы, 1966 ж. Ч. Элтон тұжырымдаған концепция.
Ядролық катастрофа — жаппай қырып-жоятын ядролық қаруды қолдану нәтижесінде қалыптасатын глобалды экологиялық апат.
Церконий— уран ядросы бөлінген кезде шығатын нейтрондарды өзіне ілестірімейді. Сондықтан оны атом реакторларын жасаған кезде қолданады.