Глосарий

Валенттілік (экологиялык) — толеранттылық шектері немесе түр, не популяциялардың әртүрлі орта жағдайларында тіршілік ету қабілетінің сипаттамасы.

Ванадий -өндірістіккүкірт қышқылын, селен-фотоэлементтер, теллур-инфрақызыл сәулелерін қабылдағыштар, скандий-ЭВМ есте сақтау элементтерін, рений- мұнай өндеуге қажет платина катализаторларын шығаруда қолданылады.

Вольфрам— балқу температурасы өте жоғары (3 370 ºС). Жоғары температуралы пештердің қыздыратын элементтері мен қәдімгі эелктр шамдарының қызатын жәпшелері вольфрамнан жасалады.

Висмут – қызғылт дақтары бар күміс түсті сынғыш металл. Висмут тұздары айна жасауда, медицинада кең қолданылады. Балқу температурасы төмен болғандықта, жылуды жақсы өткізгендіктен оны онай балқитын құймалар,өткізгіштер даярлауда және атомдық реакторларда тоңазытқыш ретінде пайдаланады.

Газдар (парниктік) — атмосфераға түсіп, парниктік эффект туғызатын, көмірқышқыл газы, метан, көмірсутектер, т.б. газ тәрізді заттардың қоспасымен атмосфераның ластануы.

Гомеостаз — организмдер немесе организмдер тобының қоршаған ортаның түрлі өзгерістерінде динамикалық тұрақты тепе-теңдігін сақтай алу қабілеті.

Геотермальды сулар — жер қойнауындағы ыстық, өздеріне тән химиялық құрамы бар сулар.

Гербицидтер — арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттар.

Гидробиология — барлық су ресурстарыда тіршілік ететін тір организмдерді зерттейтін ғылым саласы.

Гидробиосфера — Жер бетілік суларда мекендейтін тірі организмдердің тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.

Гидробионттар — суда тіршілік ететін организмдер.

Гидросфера — тірі  организмдер мекендейтін  Жердің сулы кабықшасы, барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен бұлақтар.

Гидрохимиялық режим — судың химиялық құрамының уақыт мезгіліне  байланысты өзгерістері.

Гигрофиттер — батпақты ортада тіршілік ететін организмдер.

Глобальды мониторинг — жалпы әлемдік масштабтағы биосферадагы процестер мен өзгерістерді бақылау.

«Гринпис» — ең атақты халықаралық қоғамдық экологиялық ұйым.

Гетеротрофтар— организмдер жасап шығарған дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер.Бұған: адам, жануарлар, кейбір өсімдіктер, көптеген бактериялар, саңырауқулақтар жатады.

Глобалды ластану- жер шарының кез келген нүктесіндегі ластану.  Мысалы, атмосферанынын көміртегі оксидтерімен, күкірт, азот, пестицидтермен, әлемдік мұхиттың мұнай өнімдерімен ластануы.

Демэкология — популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.

Деградация — қоршаған табиғи орта компоненттерінің табиғи және антропогендік факторлар әсерінен бұзылуы, жағдайының нашарлауы.

Дендрарий — ағаш тектес өсімдіктер арнайы топырақта өсірілетін территория.

Детрит — организмдердің ыдырау және бөліну өнімдері, өлі органикалық заттар.

Деструкторлар — органикалық заттармен қоректену арқылы оларды ыдырататын организмдер (редуценттер).

Десиканттар — өсімдік тамырларын жоюға қолданылатын улы химикаттар.

Дефолянттар — өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін қолданылатын улы химикаттар.

Зоопланктон— суда тіршілік ететін консументтер.

Зооценоз — белгілі бір биоценоздағы жануарлардың қауымдастығы.

Зоофагтар — жануарлармен қоректенетін организмдер (каннибализм).

Кадастр — объектілер мен қүбылыстардың сандық және сапалық көрсеткіштері жөніндегі жүйелі түрдегі мәліметтер жинағы.

Коменсализм — белгілі ортада тіршілік ететін бір түрге жататын организмдер екінші түрге жататын организмдерді пайдалана отырып, бірге тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастар типі.

Консументтер — гетеротрофты организмдер (негізінен, жануарлар) басқа организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі фитофагтар) мен жануарлардың (жануар қоректі зоофагтар) органикалық заттарымен қоректенетіндер.

Ксеробионттар — құрғақ ортада тіршілік ететін орга-низмдер.

Климатотоп — қоршаған ортадағы климаттық жағдайлар.

Қызыл кітап — сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар жануарлар, өсімдіктер мен саңырауқүлақтардың түрлері туралы үнемі толықтырылып отыратын мәліметтер жинақталған ресми қүжат.

Қышқыл жаңбырлар — атмосфералық қалдықтардың реакция ортасының жауын, қар, түманның қүрамындағы техноғенді калдыктар әсерінен қышқылдығының қалыпты мөлшерден артуы.

Қоректік (трофикалык) тізбектер — биоценоздың әртүрлі трофикалық деңгейлердегі мүшелерінің алдыңғыларының соңғыларымен қоректенуі арқылы заттар мен энергияның тасымалдануы.

Конкуренция- бәсекелестік, белсенділік, бірдей ресурстарды қажет ететін организмдер.

Қоршаған ортаны қорғау— табиғат  ресурстары  мен космос кекістігін қайта өндіру мен тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми, құқықтық, техникалыќ  шараларды  жиынтыѓы.

Қоршаған орта- тіршілік  ету ортасы, табиғаттың барлың материалдық денелері,күштері мен құбылыстарының, заттары мен кеңістігінің жиынтығы, тірі организмдермен тікелей байланыста болатын адамның  қызметі.

қышқылдық жаңбырлар- рН 5,6- дан төмен болады. Мұндай  жауын- шашынның  түсуі  атмосфераның күкірт диоксидімен, азот оксидтерімен антропогендік ластануымен байланысты.

Қорғасын- бұл аккумуляторлар, подшипниктер, радияциядан қорғану құрал-жабдырқтары (рентген кабинеттерінің жабдықтары, радиактивті  калдықтар сақтайтын контейнерлер), электр кабелінің  қорғаныс қабаты, хрусталь жасайтын қоспалар.

Интродукция — өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір түріне жататын особьтардың тіршілік ету ареалынан баска жаңа табиғи климаттық жағдайларғаауысуы.

Ил — сулардағы минералдық және органикалық косылыстардан күралған түнба.

Импактілі мониторинг — ластаушы заттар таратушы көздерге жақын орналасқан аса қауіпті аймақтар мен орын-дарды бақылау.

Ирригация — егістікті жасанды суару — мелиорацияның бір түрі; медицинада дәрілік сұйықпен емдеу.

Ихтиология — балықтар туралы зерттейтін зоологияның саласы.

Ластану-табиғи немесе тікелей антропогендік ортға бұл тән емес физикалық, химиялық, биологиялық агенттердің әкелінуі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *