Тест Биоиндикациялық зерттеулер

1.Фитоценоздық индикаторлық белгілердің құрылымдық бөлігі анықтайды:

А) жиілілік, жобалы жабын, кездесу жиілілігі, дисперстілік

В) қауымдастықтың синузиялық құрылымын (ярустылық пен мозайкалылық) және өсімдік жабынының құрылымдық белгілерін (кешен формасы, фитоценоз үйлесімділігі өзара орналасуы)

С) кездесу жиілілігі, дисперстілік, қауымдастықтың синузиялық құрылымын

Д) жиілілік, жобалы жабын, кешен формасы, фитоценоз үйлесімділігі өзара орналасуы

  1. Анатомиялық өсу белгілеріне жатады?

А) жиілілік, жобалы жабын, кездесу жиілілігі, дисперстілік

В) ярустылық пен мозайкалылық

с) жапырақ тақтасының көлемі, пішіні, түсі

Д) діңнің жылдық сақиналарының ені мен санының өзгерістерін және сүректің өсу жылдамдылығы 

            3.Жеке өсімдіктердің көрсеткіші индикаторлық белгі ретінде қолданылады. Бұл индикаторлық белгілердің қай түріне жатады?

А) фитоценоздық

В) морфологиялық

С) анатомиялық

Д) флористикалық       

  1. Темір жетіспеген жағдайда өсімдікте қандай өзгерістер жүреді?

А) жапырақта сары-қоңыр, сары-жасыл сызықтар мен дақтардың пайда болуы

В) жапырақтың қою жасыл, сұр-күлгінге боялуы

С) жапырақтың жүйкеден бастап, ортасына қарай жартылай түссізденіп, сарғаюы

Д) шұбар хлороздың түзілуі     

  1. Уорен мен Хаутсон бойынша өсімдіктің қандай мүшесінде мыс пен мырыш аралық мөлшерде жинақталады?

А) жапырақ пен қылқанда

В) сүректе

С) тұқым, бүрде, қабықта       

Д) жапырақ пен сүректе

  1. Тіршілік формалары, экотип, өсу формасы, сондай-ақ өсімдіктердің механикалық зақымдануы, табиғи қалпының өзгеруі қанда индикациялық белгіге жатады?

А) морфологиялық         

В) флористикалық                    

с) фитоценоздық

Д) физиологиялық

  1. Галофиттерде морфологиялық өзгерістер топырақтың тұздану типіне байланысты өзгереді. Сульфатты тұздану барысында қандай өзгерістер пйда болады?

А) суккулентілік белгілерінің дамуы: жасушаның ірілігі, бағаналы және борпылдақ паренхиманың дамуы

В) ксероморфоздық белгілердің дамуы: клетканың ұсақтылығы, склерофильділік 

С) ксероморфизм мен сукулентіліктің араласа дамуы

Д) гироморфизмдік өзгерістердің жетілуі

  1. Никель, кобальт, уран және өзге металдар әсерінен өсімдіктерде байқалатын, индикациялық мақсата қолданатын көрсеткіштер қандай?

А) арнай өсу формалары мен теротологиялық ауытқушылқтардың дамуы   

В) бойы биік, бұтақтары тік орналасқан, жартылай бұташық пішінді

С) төмпешік тәрізді пішінді, бұтақтары қысқарған және көлденеңнен орналасқан

Д)  гүлдердің пішіндерінің өзгерісі, аталық пен аналықтың санының азаюы

  1. Қоршаған ортаның белгілі бір жағдайында тіршілік етіп және ондағы өзгерістерді көтере алмайтын ағзалар.

А) эврибионттылар

В) индикатор-ағзалар

С) стенобионттылар          

Д) гомойотермділер

  1. Бір реакцияның бір ғана фактор арқылы туындауы қандай әдіске жатады?

А) тіркеуші

В) далалық

С) арнайы емес

Д)  арнайы

  1. Берілген тіршілік ортасында белгілі бір табиғат жағдайларының бар екенін көрсететін өсімдіктер немесе өсімдіктер тобы қандай индикатор болып табылады?

А) оң

В) теріс

С) жанама

Д) тұрақты

  1. Негізінен тамыр жүйесінің құрылысы мен бейімделуін зерттеуге негізделеген әдіс түрі қалай аталады?

А) далалық экологиялық морфологиялық  

В) далалық геоботаникалық

С) далалық бонитирлік

Д) экологиялық географиялық

  1. Далалық бонитирлік әдісті анықтаңыз:

А) Түрлі тіршілік жағдайында қауымдастықтың фитоценоздық белгілерінің өзгерісін талдауға негізделеген әдіс қалай аталады?

В) Тіршілік ортасының режиміне байлнысты экологиялық көрсеткіштерді зерттеуге неізделеген әдіс қалай аталады?

С) Экологиялық профил құра отырып, ондағы өсімдік жабынының рельефке, топырақ тұзыдылығына, ылғалдылыққа, топырақтың механикалық құрамына, қарашірікке, тау жыныстарының құрамына грунт суының тереңдігіне, микроклиматқа, адам әрекетіне байланысты өзгерісін зерттеу әдәсі қалай аталады?      

Д) Тіршлік ортасының жағдайына байланысты көпжылдық өсімдіктердің тіршлілік деңгейін, жасы мен биіктігінің қатынасын, жылдық өсімін, орташа өсу жылдамдығын анықтауға негізделген әдіс қалай аталады?

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *