Абсолютті индикаторлар – индикатордың кездесу жиілігі және жоғары мәнге ие өсімдіктер
Алуантүрлілік индексі – ағзалардың түрлік құрамы, сандық қатынасы арқылы ортаны биологиялық бағалау
Альгобионттар – таза жағалау маңы суының мекендеушілері
Аумақтық индикаторлар – индикаторлық мәнін белгілі бір физикалық-географиялық облыс не аудан шеңберінде сақтайтын индикаторлар
Ауыспалы индикаторлар – экологиялық амплитудасы өте кең өсімдіктер немесе өсімдік қауымдастықтары
Ацидофильді өсімдіктер – қышқыл топырақтың немесе судың индикаторлары
Базифильді өсімдіктер – сілтілі топырақ индикаторлары. Оларға ізбестасты және борлы аймақ өсімдіктері жатады.
Биоиндикаторлар – тірі ағзаның күйі, мінез-құлқы, саны және т.б. бойынша қоршаған ортаның өзгеру деңгейін анықтау
Биотестілеу – су ортасында биологиялық қауіпті заттың жинақталуын және оның жеке гидробионттарға, қауымдастықтарғаәсер ету деңгейін анықтау әдісі
Биотикалық индекс – Ф.Вудвисс әдісі бойынша бағалау, яғни су ортасының ластануын су түбінің жануарларының құрамы арқылы биологиялық талдау
Гидробиологиялық көрсеткіш – су обьектісінің күйін, экологиялық валенттлігін анықтау, су ортасының ағзалардың тіршілік ортасы ретіндегі күйін бағалау.
Жергілікті индикаторлар — өзінің индикаторлық мәнін жеке географиялық ландшафт, фация аумағында сақтайтын индикаторлар
Зоналық индикаторлар — өзінің индикациялық мәнін географиялық зона шегінде сақтай алатын өсімдіктер
Зооплпнктон – көптеген түрлері бірнеше қашықтыққа өз мүшелері арқылы қозғала алатын планктонның жануар компоненттері
Индикатор өсімдіктер – сыртқы орта жағдайын анықтайтын өсімдіктер және өсімдік қауымдасьтықтары
Инддиферентті өсімдіктер – топырақтың рН ортасын талғамайтын өсімдіктер.
Карботрофтар – ескі өрттен кейінгі мекенде тіршілік ететін саңырауқұлақтар тобы
Капротрофтар – жануар экскременттерін мекен ететін ағзалар саңырауқұлақтар тобы
Мезосапробтылар – қалыпты ластанған су ортасында тіршілік ететін ағзалар
Мезотрофтылар – топырақ құнарлығын алыпты қажет ететін өсімдіктер
Микотрофтар — өзге саңырауқұлақтарда тіршілік ететіп, солармен қоректенетін саңырауқұлақтар
Микробиологиялық көрсеткіш – бактерия санынан, сапрофитті бактериялар санынан, бактерия санының сапрофитті бактериялар санына қатынасынан құралатын көрсеткіштер
Олигосапробтылар — әлсіз ластанған су ортасының ағзалары
Олиготрофтылар – топырақ құнарлығына талабы жоқ өсімдіктер.
Панареалды индикаторлар – толық географиялық ареал аумағында өзіндік индикаторлық мәнін сақтайтын индикаторлар
Пестицидтар – бұл арамшөптермен, зиянкес жәндіктермен, кеміргіштермен, фитогенді саңырауқұлақтармен күрес үшін адамзат қолданатын бөгде заттар
Полисапробтылар — өте ластанған су ортасының ағзалары
Симбиотрофтар — сүректі және шөптесін өсімдіктермен микориза түзетін ағзалар саңырауқұлақтар тобы
Субареальды индикаторлар – географиялық ареалдың түрлі аумағында индикаторлық қызметін өзгертетін индикаторлар
Теріс индикаторлар – қандай да болмасын фактордың аздаған әсерін көтере алмайтын өсімдіктер
Топырақтың биологиялық ластануы – ақуыз бен ақуызды – дәрумендік концентраттармен, микробиологиялық туындылармен, энтопатогенді бактериялармен ластану
Топырақтың химиялық ластануы – топырақтың пестицидтармен, тыңайтқыштармен, ауыр металлдармен, мұнайлы көмірсутектермен, радионуклидтармен ластануы
Тура индикаторлар – қызметі индикацияланушы факторлармен тығыз байланысты, тіршілік әрекетіне маңызды индикаторлар
Тұрақты индикаторлар – экологиялық амплитудасы тар, көрсеткіштері нақтылықты қажет ететін өсімдіктер немесе өсімдік қауымдастықтары
Физиологиялық индикаторлық белгі — өсімдіктің зат алмасуының және химиялық құрамының сипаттамасы
Фитоценоздық индикаторлық критерий — өсімдік жабынының құрлымының ерекшелігінің және өсімдік ассоциациясының белгілері
Экологиялық тепе-теңдік – тіршілік ортасы алуан түрлі өсімдіктердің бірдей талаптары
Экологиялық – физиологиялық әдіс – орта жағдайының режиміне байланысты физиологиялық көрсеткіштерді зерттеу.
Экспериментальды вегетациялық әдіс – бақыланып отырған тәжірибе жағдайында табиғи факторлардың түрлі қарқындылығында зерттеліп отырған өсімдікті өсіріп, оның реакциясын бақылау
Экспресс әдіс – су сапасын қарапайымдылар көмегімен тез арада анықтау
Эвтрофтылар – құнарлы топырақта тіршілік ететін өсімдіктер. Оған қара топырақта тіршілік ететін өсімдік түрлері жатады.