Флоралық индикаторлық белгілер

Флоралық индикаторлық белгілер

 

            Өсімдік жабынының грунт суларымен байланысы сипаты бойынша тұрақты, ауыспалы және теріс гидроиндикаторларды бөліп көрсетуге болады.

            Грунт суларының тұрақты индикаторларына гигрофиттер және фреатофиттер жатады. Олардың тамыр жүйелері (қамыс, гребенщик) грунт суларының қылтүтіктік жиегі мен зеркала  дейін, кейде одан да төмен түседі.             Гигрофиттер грунт сулары жақын орналасқан,  қылтүтіктік ылғалдану басым топырақта таралады. Аридті зонаның гигрофиттері гликофильдер және галофильдер деп жіктеледі. Гликофильдер (Bolboschoenus maritimus, Phragmites communis) шайылмалы су режимі тән топырақта дамиды. Ал тершіме топырақта оларды галофильді өсімдіктер (Suaeda altissima, S. Confuse, Petrosimonia brachiata, Salicornia herbacea ) алмастырады. Гигрофиттер – жақын орналасқан грунт суларының тұрақты индикаторлары гумидті ландшафта кеңінен таралған.

Тұрақты индикаторлардың екінші тобы – фретофиттер, қылтүтіктік жиегі топырақ горизонттарына жетпейтін,  терең грунт суларын пайдаланады. Фретофиттің әрбір түрі грунт суларының грунт сулары деңгейінің оптимальді тереңдігімен, өсімдіктің қарқынды дамуымен,  грунт суының төменгі деңгейінің ылғалдың жеткіліксізідігінен және жоғары деңгейі артық ылғалданудан дамуына кедергі келтіруімен сипатталынады. Тереңді оптимумы  төменгі деңгейге қарағанда, жоғары деңгейге жақын болады. Мыс., Tamarix  ramosissima грунт суының жоғары деңгейі 1 м., ал төменгісі 7 м, ал оптимум 1,8-2,4 м.

Фретофиттердің ішінде гликофильді және галофильді түрлер бар. Гликофильді түрлер тоғайлардың сүректі өсімдіктері (терек, тал түрлері), бұталар, шөптесін өсімдіктер (жалаң мия, донник) жатады. Олар тұщы және әлсіз тұзданағн суларда өсседі, ал минералданған суларға галофильді фретофиттер тән. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *