Мүктерге биотест өткізу

Мүктерге биотест өткізу

 

            Хлорофилл флюросценциясының индукциясы әдісі бірнеше қатар өсімдіктердің қоршаған орта өзгерісі жағдайында фотосинтездік аппарат белсенділігін анықтауға мүмкіндік берді. Хлорофиллдің бұл қасиеті полютант әсерінен туындаған бұзылу индикаторы ретінде қолдануға болады. Зерттеуге ыңғайлы обьект ретінде жапырақты мүк (Mnium hotnum L.) қолданылады, себебі оның гаметофитінің бір қабатты құрылымы жақсы көрінеді. Осы әдіс негізінде судың ауыр металдармен ластануын жоғары сатыдағы өсімдіктер – кіші ряска (Lemna minor L.) көмегімен анықтау әдісін жасақтауға негіз болды.

 

Қыналарға биотест өткізу

 

Қыналар ауаның ластануының сенімді индикаторы болып табылады және биоиндиация мақсатында жиі қолданылады. Негізі қасиеті қыналардың және олардың топтарының атмосфераның ластануына тұрақтылығының аздығы келесі жағдайларға байланысты:

  1. қыналардың балдырлық кешенінің жоғары сезімталдылығы, пигменттердің ластаушы әсерінен тез бұзылуы;
  2. қорғаныштық жабынының болмауы және осыған байланысты қына қабаттарының газдарды еш кедергісіз сіңіруі;
  3. субстрат қышқылдығына жоғары талап қою, оның өзгеруінен қыналардың тіршілігінің жойылуы.

 

Индикаторды қолдану барысында ластаушыға нақты түрдің тұрақтылығы шкаласын қолдану қажет. Қыналардың полютанттарға реакциясы шкаласын С.Б.Криворотов жасақтаған және осы ағзаларды 127 түрін 4 типке біріктіреді:

1 тип – ластануға тұрақты қыналар (25);

2 тип – атмосфералық ластану әсеріне сезімтал түрлер (42);

3 тип – ластануға өте сезімтал түрлер (23);

4 тип – ластануды көтере алмайтын түрлер (37).

            Лихенодиагностика территорияны атмосфералық ауаның ластану деңгейі бойынша картографиялауға мүмкіндік береді. Алайда, лихеноиндикация мүмкіндіктері сезімтал ағзалармен шектеулі, себебі көптеген түрлер атмосферадан ластаушының жинақтап, созылмалы әсерінен аздаған концентрацияда тіршілігін жояды.

            Лаборатория жағдайында, егер қыналар белгілі бір ылғалдылық, температура және ластаушы концентрациясы жағдайында орналастырса, онда биотесттің зақымдану деңгейін құрылымының өзгерісі: көзбе-көз (түсі, морфологиясы, диаспоралардың пайда  болуы) және микроскоп көмегімен (балдыр қабатының тіршілік қабілеттлігі)  арқылы біле аламыз. Флюросценттік микроскопия фотобионт клеткасындағы хлорофилдің бұзылуын анықтаса, электронлық микроскопия балдыр және саңырауқұлақ жасушаларының ультрақұрылымдық өзгерісін, мысалы, цитоплазма тығыздығының жоғарлауы және органеллалардың бұзылуын тіркейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *