Табиғаттың құпия сырлары

 

Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы 5.9.2 Аспан әлемінің құпиялары
Күні : 07.03.2018 жыл Мектеп:
Мұғалімнің тегі, аты:
Сынып : 5 Қатысқан оқушылар саны: 16 Қатыспаған оқушылар саны:0
Тақырыбы Табиғаттың құпия сырлары. Сапалық және қатыстық сын есімдер
Оқу мақсаттары 5.Т/А 4 Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
ӘТН4.1.Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
1.Берілген мәтіндегі тірек сөздерді табады.
2.Жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
3.Сапалық және қатыстық сын есімдердің мағынасын түсініп, ажырата алады.
4.Жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімдермен сөйлемдер құрайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
1.Мәтіндегі негізгі ойды жылдам анықтауда белсенділік танытады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
1. «Үркер жерге түспей, жер қызбайды» амалының мағынасын анықтап, зерттеу парақшасын толтырады.

Бағалау критерийлері 1.Берілген мәтіндегі тірек сөздерді табады және жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
2.Сапалық және қатыстық сын есімдердің жасалу жолдарын түсінеді және сөйлемдер құрайды.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Табиғаттың құпия сырларымен танысады.Сапалық және қатыстық сын есімдерді ажырата алады.
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
Маусым, табиғат, жұлдыз, ай, тоғысу, амал, үскірік, сүңгі, сапалық, қатыстық сын есімдер, қатыстық сын есім тудыратын жұрнақтар.
Диалог құруға/мәтін құруға арналған пайдалы тіркестер: Қара суық, аспан әлемі, дала құстары, «Қызыл жұмыртқа»,Үркердің жерге түсуі.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Табиғаттың құпия сырларына қандай құбылыстар жатады?
2. Амал деген не және оған қандай белгілер тән?
Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?
Сіз қазақ халқының неліктен аспан әлеміне қатысты болжам жасағанын айта аласыз ба?
Алдыңғы оқу Тіршілікке қолайлы ғаламшар. Сын есім
Пәнаралық байланыс Тарих, Жаратылыстану
Құндылықтарға баулу Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу;
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
Өмір бойы оқуға дайын болу.
Сабақ жоспары
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Сабақтың басы
7 минут

2 минут

5 минут


Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесемін.
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын.
3.Оқушылардың бүгінгі көңіл-күйін білу және «Жүректен-жүрекке» тренингімен топта жағымды психологиялық ахуал туғызамын.
4. Өткен тақырыпқа шолу барысында сын есім сөздерді сапасына, түсіне, салмағына, дәміне байланысты ажырата алатынымызды еске түсіру. Тақтаға осыған байланысты сөздер ілінген, сол сөздерді алып осы ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді.
1-топ. Зеректер.
2-топ. Алғырлар
3-топ. Тапқырлар
5.Сабақтың тақырыбымен, бағалау критерийлерімен оқушыларды таныстырамын.
Үй тапсырмасын сұрау.
Сын есім және оның мағыналық түрлері туралы «Ыстық орындық» әдісін пайдаланып,оқушы білімін тиянақтаймын.
1.Сөз таптары дегеніміз не?
2.Сын есімді қандай мысалдармен түсіндірер едіңдер?
3.Сын есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығы қандай?

Қима қағаздар


ҚБ. «Бағдаршам» әдісімен оқушылар бірін-бірі бағалау.
Оқушылардың назарын тақтадағы бейнежазбаға аудару. Бейнежазбадағы табиғат құбылыстармен оқушыларды ауызша толығырақ таныстыру.
Бейнежазба
Сабақтың ортасы
30 мин


6 минут

4 минут


4 минут

6 минут

5минут

5 минут 1-тапсырма. Оқылым. Айтылым. Топтық жұмыс. Мәтінді топқа бөліп беремін. Әр топ жыл мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарын оқып, толық танысады.
1.Мәтінді түсініп оқиды.
1-топ. Қыс мезгіліндегі табиғаттың құпия сырлары.
2-топ. Көктем мезгіліндегі табиғат таңғажайыптары.
3-топ. Жаз маусымындағы аспан әлемі.

«Фрайер моделі» әдісі бойынша мәтінді талдайды.
Мазмұны
Сын есімдерді жаз

Тірек сөздер

Осы мезг. өзің білетін таб. құбылыс

Әр топ тақтаға шығып өз жұмыстарын қорғайды.
ҚБ: «Бас бармақ» арқылы бағалайды.
Кері байланыс: Мәтін несімен қызықты?
2-тапсырма. Айтылым. Топтық жұмыс. «Шеңбердегі доп» әдісі бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру.
1-топ:
1. Есепші деген кім және ол немен айналысқан?
2. Үркер жұлдызы қай маусымда “жерге түседі” және ол кезде табиғатта қандай өзгеріс болады?
2-топ:
1. “Қылау” амалы қашан болады және оның белгілері қандай?
2. “Қызыл жұмыртқа” деген тіркес қалай пайда болған?
3-топ:
1. Көктем маусымына тән амал неге “Құралайдың салқыны” деп аталады?
2. Амал деген не және оған қандай белгілер тән?
ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Кері байланыс: «3,2,1» арқылы жүргізіледі.
3-маңызды ақпарат,
2- туындаған қиындық,
1-ұсыныс жасайды.
Грамматикалық тапсырма бойынша мұғалім түсіндірмесі.
Ой қозғау.
— Түнде аспаннан жұлдыздарды бақылаған кезің болды ма?
— Түнгі аспанда жұлдыздар қалай көрінеді?
— Түнгі аспандағы жұлдыздар неге ұқсайды? Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Жұлдыздардың нүктеге ұқсайтыны туралы тұжырыммен келіседі. Оқушылардан өз жұмыс парақтарында нүктелерді бейнелеуін өтінемін. Осы нүктелерді бір-бірімен қосу арқылы жұлдыздардың кескінін салады. Енді осы бейнеге қарап, құрамында сын есімі бар сөз тіркестерін құрайды. Мысалы:
Жұлдызды аспан, түнгі аспан, сәулелі жұлдыз; ашық аспан, жарық жұлдыз, көк аспан, кіші жұлдыз, т.б.
Осы сөз тіркестеріндегі сын есімдердің сапалық және қатыстық сын есім болып бөлінетініне назар аудартамын. Оқушыларға осы сөз тіркестерінен сапалық және қатыстық сын есім ережесін шығартамын.
Сын есімдер сапалық (негізгі) және қатыстық (туынды) деп екіге бөлінеді. Сапалық сын есімдер негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын тікелей анықтайтын сөздер болып табылады.
Мысалы: жақсы, үлкен, тәтті, жеңіл т.б. Қатыстық сын есімдер дегеніміз – заттың белгісін, сыр-сипатын басқа бір заттың немесе іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздер.

3-тапсырма. .Жазылым. Жұптық жұмыс.
1-тапсырма. Ерекшеленіп берілген сөздердің синонимдерін табыңдар.

Ә тапсырма.
Қазақ халқы аспан әлемінің құпиясын жақсы білген. Жұмбағын/жауабын
Жалпы амалдардың саны жиырма төрт. Құбылыстардың/есептердің
«Тоқырау» бес күнге жалғасатын қатты аязымен ерекшеленеді. Қосылатын/созылатын
Кеш батқанша қар қылаулайды. Жұқалаң қар ұшқындайды/Қар құйып жауып тұр.
Халқымызда «Үркер жерге түспей, жер қызбайды» деген сөз бар. Жылынбайды/көктемейді
ҚБ: «Мадақтау сэндвичі» әдісі
Кері байланыс: «Ашық микрофон» әдісі арқылы сұрақтар қоямын.
Ерекшеленіп берілген сөздердің синонимдерін табу қиын болды ма?
Жеке жұмыс. Кеңейтілген тапсырмалар.
1-тапсырма. Сапалық, қатыстық сын есімдерді қолдана отырып, сөйлемді толықтыр.
1. Қазақ халқы аспан әлемінің жұмбағын … .
2.Тоқырау бес күнге жалғасатын … .
3. Қазақ халқының аспан денелеріне қатысты болжамдары …
4. Аспан әлемі құпия сырларымен … .
2-тапсырма. Сұрақтарға нақты жауап жаз.
Сұрақтар Сіздің жауабыңыз
Амалдарды іштей қалай бөлуге болады?
Аспан әлеміндегі құпияларды халық қалай анықтаған?
Аспан әлеміндегі құбылыстар неліктен қызықты?
Сен үшін тақырыптың ең қызықты тұсы қайсы?

3-тапсырма. «Үркер жерге түспей, жер қызбайды» сөзінің мағынасын ашып, 30 сөзден тұратын мәтін құра.
ҚБ: Мұғалім мадақтауы.


Плакат, стикер, маркер

Оқулық

АКТ, слайд


Оқулық


Оқулық


Тапсырмалар жинағы


Сабақтың соңы
3 мин

2 минут Кері байланыс:
«Қалам ортада» әдісі
«Бүгінгі сабақтан нені білдім, нені танимын, нені ажырата аламын, не ұнады және нені әлі де білуім керек?» деген сұрақтарға бір сөйлеммен қаламды жүгірте отырып, сабақты қорытындылау.

Стикер, қалам

1 минут

Үйге тапсырма:
Барлық оқушылар:
Сапалық және қатыстық сын есімдерге 5 сөйлемнен жазып келу.
Кейбір оқушыларға:
Аспан денелері туралы айтылған шығармалардың аттарын жазу.
Аспан денелері туралы мәліметтерді кесте түрінде жинақтау.


Қосымша ақпарат:
Саралау.Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз? Бағалау Қауіпсіздік және еңбекті қорғау Ережелері.
АКТ-мен байланыс.
1.Қолдауды қажет ететін оқушыларға:
 Белсенділікке жетелейтін, қиындық тудырмайтын тапсырмаларды міндеттеп, қолдау жасаймын;
 Жауапты тапсырма беріп, сенім білдіремін;
2.Қабілетті оқушыларға тапсырма беремін.
3.Оқушылардың барлығына әр кезеңде қолдау жасай отырып аспан денелері туралы мәліметтерді кесте түрінде жинақтайды.
1. «Екі жұлдыз,бір тілек» бағалау әдісі арқылы оқушы өзіне ұнаған жауапты таңдай алуға және өз ұсынысын білдіруге көмектесті.
2. «Фрайер моделі» әдісі бойынша мәтінді талдап,мазмұнын қысқаша жазуға, өздері білетін құбылыстарды еске түсіруге, тірек сөздерді қолдана білуге көмектесті.
3.Кері байланыс беру арқылы өзін және өзгені шынайы бағалауға, бір- бірін мұқият тыңдауға, жауаптарына сын көзбен қарауға дағдыланды. АКТ- мен жұмыс жүргізу кезінде адам өмірінің қауіпсіздігі басшылыққа алынады.
Рефлексия
1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Менің ойымша, сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Себебі, мақсатқа сай берілген тапсырмаларды оқушылар белсенді орындап отырды. Мәтіндердегі негізгі тақырыпты дұрыс анықтады, сапалық және қатыстық сын есімдерді түсінді.
2.Бүгін оқушылар не үйренді? Сын тұрғысынан ойлауды, өзара болжам мен тұжырым жасауды, дұрыс сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін, бірін-бірі әділ бағалауды үйренді.
3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Сабақ жоспарланған оқу мақсатына сәйкес,
белгіленген уақыт деңгейінде өтті. Белсенді оқу ортасы қалыптасты. Жеке және топпен жұмыс істеу қабілеті, сын тұрғысынан ойлау дағдылары қалыптасты.
4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Тақырыпты оқушыға меңгертуге арналған тапсырмалар нақты және жүйелі болды. Жұптық, топтық жұмыстарды орындау барысында түсіну және жауап беру әрекетінің дағдылары қалыптасты, тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойға тұжырым жасады.
5.Уақытты қалай пайдаландым? Уақытты тиімді пайдалану. Уақыт бөлінісінің тиімділігі сақталды: топтық, жұптық жұмыстар тиімді жүзеге асырылды.
6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты (оқытуды да,оқуды да есепке алыңыз)
1. «Фрайер моделі»әдісі.
2«Бес жолды өлең» әдісі.
Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)
1.Дағдыға немесе теориялық мәселелерге байланысты нені ұсынасыз?
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1. Қалыптастырушы бағалауды тиімді қолдану;
2.Дәптермен жұмысты көбірек жүргізу керек.
Бағалау парағы

Бағалау критерийлері
Дескрипторлар
1. Мәтіндегі ақпараттарды анықтай отырып, қазақ халқының табиғатқа қатысты болжамдары мен түсініктерін талдайды. 1. Мәтін тақырыбын ашатын тірек сөздерді табады.
2.Сұрақтарға жауап бере отырып, мәтін мазмұнын баяндайды.
2.Сапалық және қатыстық сын есімдерді ажыратады және дұрыс қолданады. 3.Сапалық және қатыстық сын есімдерге мысалдар келтіре алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *