Пәні Қазақ тілі
Мұғалімі Каиргузина Г.К.
Сыныбы 5 – сынып
Бөлім ІІ бөлім Киім. Сән. Талғам
Тақырыбы Сұлулық сыны. Буын оның түрлері
Оқу мақсаттары 5.О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
Сабақ мақсаттары
Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады, мәтін мазмұнын түсінеді.
Тірек сөздер арқылы ойды дәлелдейді, сұрақтар құрастыра алады.
Негізгі ойды анықтай отырып, бүгінгі өмірмен байланысты түйінді ой айтады.
Бағалау критерийі Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды
Тірек сөздер арқылы өз ойларын дәлелдейді, түйінді ой айта алады
Алдыңғы оқу Ұлттық талғам
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы
8 минут Амандасу
Ширату жаттығуы «Подиум»
Шарты: Оқушылар 2 қатарға тұрады.
Сабақ мақсатын түрткі сұрақтар арқылы оқушылармен бірге анықтаймыз.
Ортасы Тыңдалым әрекеті
Оқушыларға «Қыз Жібек» тақырыбында аудиоматериал тыңдату
Оқушыларға аудиоматериалға қатысты негізгі ойды анықтауға бағытталған жетекші сұрақтар қойылады.
«Ашық микрафон» әдісі. Оқушылар аудиоматериалды тыңдай отырып, сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар: 1. Мәтіндегі негізгі ой қандай?
2. Сұлулық дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Буын дегеніміз не?
4. Буынның түрлері ата.
Топтық жұмыс «Сүзгі» органайзері арылы негізгі ойды анықтайды.
Ақпаратты сүзу
Мәтінді оқып, тірек сөздері арқылы негізгі
ойды анықтап, дәлелдеңіз. Маңызды емес сөздер құбырға ағып кетіп, тек маңызды сөздер ғана «сүзгіде» қалады.
ҚБ Топтардың өзара бағалауы
Мадақтау сэндвичі
Дескриптор
1. Жетекші сұрақтарды ескеріп, негізгі ақпараттарды сүзгіде қалдырады.
2. Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.
Топтар бір – бірін критерийге сай бағалайды.
ЖЖ. Тыңдалымнан кейінгі әрекет
Сұрақ: Сән неге өзгеріп отырады деп ойлайсыңдар?
ПОПС формуласы
1. Бірінші сөйлем: «Біздің ойымызша…»
2. Екінші сөйлем: «Себебі, біз оны былай түсіндіреміз…»
3. Үшінші сөйлем: «Оны біз мына мысалдармен дәлелдей аламыз..»
4. Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты біз мынадай қорытынды шешімге келдік…»
ҚБ «Ақша маркалары»
5000 т, 2000т, 1000т , 500 т
Дескрипторы:
-дәлелдерін сенімді көрсетеді.
-түйінді ойын сенімді жеткізеді.
Оқулық «Арман ПВ»
www.kyzdar alemi.kz
Соңы
10 минут «Ең, ең, ең…» кері байланыс
Ең қызықты болғаны…..
Ең маңызды ақпарат….
Ең қиын болғаны…..
Үйге: «Сән үлгісі — 2017» туралы қосымша материалдар қарау
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында жеке, жұптық, топтық жұмыс ұсынылды. Тапсырмалар жоспарлау кезінде оның қолжетіміділігі қарастырылды. Тапсырма жеңілден (негізгі ойды анықтау) күрделіге ( Қабілетті оқушыларға бүгінгі өмірмен байланысты дәлелдемелер келтіру) қарай жүйелі беріліп отырды. Оқушылардың барлығы «Ашық микрафон» арқылы тыңдалым кезінде жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. «Сүзгі» органайзерімен тірек сөздер арқылы ойды дәлелдейді. Кейбіреулері «ПОПС» формуласы арқылы креативті ойлай отырып, өзіндік түйінді ойын айтады.
Оқу мақсатына жету үшін жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында оқушыны жетелеу үшін қалыптастырушы және критериалды бағалау өлшемдерін пайлануды жоспарлады. Мұғалім оқушылардың іс – әрекетін бақылап, топтар, жұптар арасындағы өзара ынтымақтастықты бағамдайды. Сабақ соңында кері байланыс арқылы қалыптастырушы бағалау жасайды. Кабинет ішінде оқушылардың еркін қозғалуына және бір – бірімен жақын байланыс жасауына жағдай жасалады. Мұғалім сабақта оқушылардың бір – бірінің пікіріне сыйластықпен қарауын қадағалайды, уақытты тиімді қолдануға үйретеді.