Үй тапсырмасын тексеру
1, 2 — сыныпта «Дыбыс пен әріп» тақырыбы бойынша өткізілген оқу материалдарын еске түсіру.
а) Сұрақтарға жауап беру:
1. Дыбыс дегеніміз не?
2. Әріп дегеніміз не?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Әліпбиде әріптер қалай беріледі?
ә) Сурет бойынша жұмыс
Ауызы жабық баланың реті
Аузын О сияқты ашып тұрған баланың суреті
Аузын керіп ашып тұрған баланың суреті
Езуін керіп ашып тұрған баланың суреті
Сұрақтар:
1. Бірінші суреттегі бала қандай дыбысты айтып тұр? (Аузы жабық. Ешқандай дыбыс шығара алмайды).
2. Екінші (үшінші, төртінші) суреттегі балақандай дыбысты айтып тұр?
3. Дыбысты айтуға адамның қандай мүшелері қатысады?
Оқушылар дыбысты айтуға өкпе, өңеш, мұрын, ауыз, ерін, тіл, тіс, таңдай қатысатынын, дыбыстарды құлақпен, еститінімізді айтады.
Әр мүшенің дыбыс шығарудағы қызметі түсіндіріледі.
4. Кесте арқылы дыбыстар туралы алған білімдері бекітіледі.
Дауысты дыбыстар: а, ә, е, о, ө, ү, ұ, ы, і, и,(у), э, ё, ю, я.
Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы.
Жіңішке дауысты дыбыстар ә, ө, і,
ү, е.
Э, ё (йо) әріптері орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде кездеседі. Мысалы: эстетика, электр, Серёжа, Алёша. т. б.
Ю әрпі мынадай сөздерде жазылады. Мысалы: ою, тою, қою, жаю т. б.
Ю әрпі орыс және шет тілдерінен енген мынадай сөздерде қолданылады: люкс, полюс т. б.
Я әрпі мынадай сөздерде кездеседі.
Мысалы: мия, сия, қияқ, қияр, т. б.
Я әрпі орыс және шет тілдерінен енген мынадай сөздерде қолданылады: Яша, янтаръ, т. б.
Сөздің бір дыбысы өзгерсе,
оның мағынасы өзгереді.
Мысалы:
Жол — сол, тол, мол, қол, бол.
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Ә — ріп — тер (3 буын),
эт — кен — шек (3 буын),
орын — дық (3 буын),
ба — уыр — сақ (3 буын).
Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп, тасымалданады (келесі жолға жазылады).
Мысалы: Оқушылар мектеп ауласына неше түрлі ағаш отырғызды. Қыздар отырғызылған көшеттерді суарды.
Жаңа сабақ
— Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айтыңдар?
Оқулықтағы жаттығулар орындалады. 1 — жаттығуда берілген сөздердің әрбірінде неше дыбыс, неше әріп бар екенін тауып, сосын оның алғашқы үш сөзіне дыбыстық талдау жасауға тапсырма беріледі.
Мысалы:
Асқабақ — 7 дыбыс, 7 әріп, 3 буын.
А — жуан дауысты дыбыс.
С — қатаң дауыссыз дыбыс.
Б — ұяң дауыссыз дыбыс.
Жемістерді бір бөлек, көгөністерді бір бөлек көшіріп жазады.
2 — жаттығу. Алдымен жуан дауысты дыбыстары бар сөз, сосын бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздер, одан кейін құрамында жуан да, жіңішке де дауысты дыбыстары бар сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрауға тапсырма беру керек.
— Осы сөздердің ішінде тасымалдауға келмейтін сөз бар ма?
Бар. Ол — қант сөзі. Себебі бұл сөз бір ғана буыннан тұрады.
3 — 4 — жаттығу да осындай ретпен орындалады. Ал 5 — жаттығуда сөздің бір дыбысы өзгерсе, оның мағынасы өзгеретіні еске түсіріледі.
Ақ — түстің белгісі.
Шақ — кез, уақыт.
Ұшақ — көлік түрі.
Құшақ — алға созылған екі қолдың арасы.
Сабақты қорытындылау
1. «Сөз құра, көп құра» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға әріптер жазылады. Оқушылар осы әріптерді қатыстырып бірнеше сөз құрайды.
Б а қ ж ш т д
А о ы у і л е к қ
Мысалы: бақыт, дауыл, т. б.
— Құрастырған сөзде неше дыбыс, неше әріп бар?
— Бір сөзге дыбыстық талдау жаса.
2. Осы тақырып бойынша дидактикалық материалдарда немесе «Қызықты грамматикада» берілген тапсырмаларды орындауға тапсырма беріледі.
Осылайша оқушылардың дыбыс пен әріп туралы алған
білімдері пысықталады.
Үйге тапсырма мұғалімнің өз қалауынша беріледі.