Қан мен тер» — толық метражды көркем фильм. 1978 ж. Қазақфильм студиясы шығарған.
Сюжеті
Фильм ХХ ғасырдың алғашқы шегінде болған оқиғаларды кейіпкерлердің тағдыры арқылы баян етеді. Революциялық дәуірдің дүмпуі, сілкіне де бұлқына бастаған Арал өңірі, таптық күреске аттанған қазақ халқы — осының бәрі туындыда көрініс табады[1].
Рөлдерде
- Еламан — Әнуар Молдабеков
- Тәңірберген — Тұңғышбай Жаманқұлов
- Ақбала — Гүлмира Шайбекова
- Қален — Ыдырыс Ноғайбаев
- Сүйеу — Нәби Рахимов
- Рай — Жексен Қайырлиев
- Генерал Чернов — Евгений Евстигнеев
- Федоров/оның ұлы — Владимир Сошальский
- Поручик Рошаль — Олег Видов
- Мөңке — Мұхамедқали Тәуанов
- Дос — Ақыл Құланбаев
- Қарақатын — Римма Қабдыәлиева
- Ақбаланың анасы — Айша Абдуллина
- Құдайменді — Әбілқасым Жаңбырбаев
- Алдаберген — Кененбай Қожабеков