Цианобактериялар (гр. kyanos — көк және бактерия) немесе көкжасыл балдырлар — фототрофты прокариотты организмдер тобы; бұларды дәстүрлі түрде көк жасыл балдырлар деп атайды.
Цианобактериялар трихом түзетін, бір не көп жасушалы организмдер. Көлдерде, ылғалы мол топырақта, тұщы сулар мен теңіздерде кездеседі. Жасуша құрылымдарының басқа бактериялар жасуша құрылымдарымен ұқсас болуы; бірдей жалпы қосылыстар түзетіні (мыс., жасуша қабырғаларында муреиннің болуы) және генетикалық қасиеттеріндегі жақындық цианобактерияларды көк жасыл балдырларға жатқызуға негіз болған. Бөліну арқылы көбейеді. Цианобактериялар жасыл және көк сәуле түскенде фотоэритрин, ал қызыл сәуледе — фикоцианин пигменттерін түзеді; органик. қышқылдарды (ацетат, пируват) және молек. азотты сіңіреді. Бұлар жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар сияқты молек. оттекті бөліп шығарып, фотосинтез процесін жүзеге асырады. Қазіргі заманға сай жүйелеу бойынша бір класы — Oxyphotobacterіa бар.[3]
Цианобактериялардың жасушаларының пішіні цилиндр, шар тәрізді. Сыртын қалың сілемейлі қабық жабады. Жасуша қабығы үш қабаттан тұрады. Сыртын және ішін цитоплазмалық жарға жабады. Сыртқы боялған бөлігі — хроматоплазма, ішкі түссіз бөлігі орталық плазма деп аталады. Хроматоплазмасында цитоплазманың тығыздалуынан пайда болған жарғақшаларды қоршай орналасқан хлорофилл және көк, қызыл пигменттері болады. Орталық плазмасының нағыз ядродан айырмашылығы-сыртын қорщаған екі қабат жарғақшасы, хромосома жіпшелері, ядрошығы болмайды. Орталық плазма қатарласа орналасқан жіпшелер күйінде болады. Нағыз ядросы болмағандықтан,цианобактериялар жасушалары қарапайым екіге бөліну арқылы көбейеді.
Цианобактериялардың бес тобы бар:
- хроококкалар (Chroococcales) — шар тәрізді жеке жасушалар. Олар бөлініп ажырамай,сілемеймен қапталады.Балшықты жерлерде,жерасты ыстық суларда,тастың бетінде тоқтау суда өседі;
- плеврокапсалар (Pleurocapsales)
- осциллаторлар (Oscillatoriales)
- ностоктар (Nostocales)
- стигонемалар (Stigoneomatales)
Хроококкалар және плеврокапсалар шар тәрізді жеке жасушалар. Олар бөлініп ажырамай, сілемеймен қапталады. Балшықты жерлерде, жер асты ыстық суларда, тастың бетінде тоқтау суда өседі. Осциллаторлар, ностоктар және стигонемалар жіп тәрізді,көк-жасыл балдырлардың көбею әдісімен, өсімді жолмен көбейетін түрлер