Балдырлар

Балдырлар (лат. Algae) — төменгі сатыдағы су өсімдіктеріТеңізкөлөзендерде, ағынсыз да және су қоймаларындарда өседі. Балдырдың жасушалық құрылымы болмайды, бір жасушалы, колониялы, көп жасушалы түрлері бар. Көп жасушалы өкілдерінің денесін таллом деп атайды. Жасуша қабығы гемицеллюлозадан және пектинді заттардан тұрады. Жасушасы негізінен бір ядролы. Цитоплазмасында митохондриядиктиосомарибосомахромотофора сияқты органоидтары және вакуолясы (бос қуысы) болады. Балдыр биохимикалық қасиеттеріне және жасушалық құрылымына қарай 12 типке бөлінеді: көкжасыл Балдыр (Cyanophyta), прохлорофитті Балдыр (Prochlorophyta), қызыл Балдыр (Rhodophyta), жалтырауық Балдыр (Chrysophyta), диатомды Балдыр (Dіatomeae), криптофитті Балдыр (Cryptophyta), динофитті Балдыр (Dіnophyta), қоңыр Балдыр (Phaeophyta), сарыжасыл Балдыр (Xanthophyta), эвгленді Балдыр (Euglenophyta), жасыл Балдыр (Chlorophyta), хара Балдыры (Charophyta). Бұлардың 30 мыңға жуық түрі белгілі, Қазақстанда 1 мыңнан астам түрі кездеседі.

Жасушасында Балдырға түс беріп тұратын хромотофораларының саны әртүрлі (біреу, екеу, көп) болады. Олардың пішіндері тақтаастаубілезікдәнлентажұлдыз тәрізді болып келеді. Балдыр өсімді (вегетативті), жыныссыз және жынысты (гологамияизогамияанизогамияоогамия) жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдары бір жасушалы (бұған тек хара Балдыры жатпайды). Балдырдың көпшілігінің хлорофилі болғандықтан көмірқышқыл газын сіңіріп, фотосинтез процесіне қатысады. Сондай-ақ, дайын органикалық заттарды пайдаланатын паразит түрлері де бар, бірақ бұлардың хлорофилі болмайды.

Дарвин ілімі бойынша, тіршілік бір жасушалы организмдерден пайда болған, ал құрлықтағы барлық өсімдіктер Балдырдан шыққан деп есептеледі. Көптеген Балдырлар саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етіп, қыналарды құрайды. Ал, Балдырдың табиғаттағы геохимикалық рөлі кальций мен кремний айналымымен тығыз байланысты. Олардың көптеген түрі ақаба суларды биология жолмен тазартуда және бөгендердің ластануының биоиндикаторы ретінде қолданылады. Теңізмұхит жағалауындағы

Балдыр — жан-жануарлардың мекені, тіршілік-терінің көзі. Бентосты Балдырға (теңіз, мұхит түбінде тіршілік етеді) қарағанда планктонды Балдырдың (суда қалқып жүретіндер) саны анағұрлым басым, сондықтан олар көптеген организмдердің қорегі болып табылады. Ағынсыз суларда өсетін Балдыр шіріп, сапропельге айналады. Сапропельден смолабензинкеросин, техника майлар, лактар алынады. Балдырдың қалдығы балшыққа емдік қасиет береді. Қызыл Балдырдан өндірілетін агар тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады, оларды мата бұйымдарының және қағаздың құрамына беріктік беру үшін қосады. Қоңыр Балдырдан алынатын альгин мата тоқуда желім есебінде жасанды талшықтар, пластмасса өндіруде және табиғи тыңайтқыш, малға жем ретінде пайдаланылады, сондай-ақ, күлінен калий, натрий тұздары, иод өндіріледі. Шығыс Азия елдерінде ламинария қоңыр Балдыры “теңіз капустасы” деген атпен, ал жасыл Балдыр (ульва) “теңіз салаты” деген атпен тамаққа пайдаланылады. Балдырды зоб, атеросклероз ауруларын емдеу үшін медицинада қолданады.[1]

  1. Жасыл балдырлар (Chlorophyta)
  2. Әртүрлі шыбыртқылы балдырлар (Heterocontae)
  3. Диатомды балдырлар (Diatomeae)
  4. Қоңыр балдырлар (Рһаеорһусеае)
  5. Қызыл балдырлар (Rhodoрһусеае)
  6. Цианобактериялар немесе Көк-жасыл балдырлар (Cyanobacteriae)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *