Г.У.ЛОНГФЕЛЛО ЖӘНЕ Э.А.ПО МҰРАЛАРЫНЫҢ АҚШ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ОРНЫ

 

Дәрістің мақсаты: АҚШ романтикалық әдебиетіне Г.Лонгфелло мен Э.Поның қосқан үлесін айқындау.
Тірек сөздер: гаявата, фолькорлық бейнелілік, эшер, детектив, ғылыми-фантастика.
Дәрістің жоспары:
1. Лонгфеллоның құлиеленушілікке қарсы өлеңдері.
2. Лонгфелло шығармашылығындағы үндістер тақырыбы.
3. Э.Поның поэтикалық жаңашылдығы.
4. Новеллалық еңбектері және детектив жанрын қалыптастыруы.
5. Ғылыми-фантастиканы қалыптастыруы.

Генри Уотсуорт Лонгфелло (1807-1882). Лонгфелло 1807 жыл Портландияға Мэн штатына белгілі заңгер жанұясында дүниеге келген. Белгілі Боудойнрік колледжді тамамдап, Европада 3 жыл сапарда болады. Бұдан соң 20 жыл бойы Кембридж, Горворд Боудойнг оқу орындарында сабақ беріп кейін өзін шығармашылық жолға арнайды. Оның шығармашылық жолы өте сәтті болады. 1839 жыл “Голоса ночи” өлеңдер жинағы оның атын әйгілі етеді. Бұдан кейін де “Баллады и другие стихотворения” (1841) “Башня в брюге” 1845 “На берегу моря и камина” 1850 т.б секілді ақынға атақ пен бақ әкелген өлеңдер жинағы жарық көрді.
Ақынның өлеңдерінің тілі таза, қарапайым түрде келіп, ойға жер тез сақталады.
Лонгфеллоның көптеген өлеңдері американ поэзиясы антологиясының ажырамас бөлігіне айналып тіпті кей өлең жолдары қанатты сөздерге де айналған. Бұл өлеңдерінің хрестоматияға енгендері “Псалом жизни” “Excelsior” “Зодачие” “Стрела и песня” “Постройка карабля” т.б.
“Псалом жизни” өлеңінде “Өмір қиял мұң елесі-ол ерлік, батырлық” деп көрсетіледі.
“Стихи о рабстве” 1842 жыл құлиеленушілікке қарсы болған. Бұл шығармада нәсілдік езушілік, плантациядағы ауыр жұмыстармен, құлдарды сату секілді ауыр жағдайлар шындықпен суреттеледі.
Герен филологиялық білімі бар ақын 1845 ж көптеген шет тілдерден аударған шығармалардан тұратын.
“Поэты и поэзия Европы” анталогиясын шығарады.
1870 жыл бүкіл әлемдік поэзия кіргізілген 31 томдық антологиясы шықты. Оның ішінде “Дантенің” Божественнал комедиясы толығымен аударылып берілген.
1940 жылдары соңынан бастап ұлттың ақындық дәстүрлерді қайта қарастыра бастайды. Ақын өз елінің тарихының беттерін эпикалық түрде көрсету жолын іздейді. Осы жолды іздеудегі талпынысының көрсеткіші “Эванджелина” 1847 поэмасы болды. Онда XVII ғасырдағы Солт Алирихадоғы Англо-француз қарсыласуы көрсетілген.
Лонгфелло өлеңдері 1847 жылдары бастап Ресейде таныла бастады. “Стихи о рабстве” өлеңін М.Л Михайлов аударып “Современник” журналында жарияланды.
Ал Л.Н.Толстой Лонгфеллоны, Бичер – Стоу, Эмирсонды қаламдарының күшімен құлдықтың тамырына балта шапқан оқындар деген.
Лонгфеллоның соңғы лирикасы философиялық түрде болады. Осы кезде Лонгфеллоның ұлттық ақын деген атын әлемге паш еткен “Песни о Гайовате” поэмасы болды. Поэмада романтикалық қаһарман Гайоватаның туғанан ер жетіп үйленгені, халқы үшін жоғары ерліктері жөнінде жырланады.
Қаһарманның шешесі Венона, жұлдыздық қызы тастап кеткен күйеуіне деген махаббат қайғысынан ерте қайтыс болады. Жастайынан Жетім қалған Гайоватаны әжесі Накомис асырап алады. Әжесі немересін қайырымды, мықты, яғни бар жақсы қасиетті бойына қорытып тәрбиелейді, Гайовата ақ-құс тілін жақсы біледі.
Ол шешесінің өлімі үшін әкесі Мэджекивиспен ұрысқа шығып, оны жеңеді. Қаһарманға ең қиын түскен Мондамин, балық патшасы Мише-Налю секілді құбыжықтарды жеңу еді. Гайовата индейцтерге үй салуды, егін егіп оны іске жаратуды аң аулауды, киім тігуді үйретеді. Осы бір қасиетімен ол көз алдымызға Промомейді елестейді.
Қаһарманның басты мақсаты адамдарды ынтымақ пен бейбіт өмір сүруге үйрету.
Қазір әлем әдебиетінде Гайовата бейнесі ең жағымды да жарқын индейц бейнесі болып табылады.
Зерттеушілер поэманы – эпосты романтикалық тұрғыдан баяндаудың әлем әдебиетіндегі бірден бір озық үлгісі деп таныды.
Ресейде поэманы Бунин аударып, орыстың классикалық аудармаларының қорына енгізген.
Эдгар Аллан По (1809-1849). Өзінің бойына суретші, математик, табиғат зерттеуші дарындылығын сіңірген Эдгар По өз заманының білімді адамдарының бірі болды. Бірақ тағдыр тауқыметі оны өлімнен кейін де аңдыды. По өзінің шығармаларының редакторы қылып тағайындаған Р.Грисаулд оның өмірбаянының текстін де өзгертіп отырды. Грисаулдық Эдгар По туралы өтірігін ашу үшін зерттеушілердің көптеген жылдар бойы тер төгуі қажет болды. Оңтүстіктегі құл иеленуші штат Виргинилда өскен ақын көбінесе оңтүстік аристократтардың көзқарасын бөліп көрсетті.
Басқа қырынан қарағанда өмір бойы қайыршылық қасіретін тартқан По буржуазияның қыспағын, адам тұлғасын бағаламаушы-лықты, өнерді бұрмалаушылықты көріп өтті. Сондықтан По бойында ойшыл-рационалист және романтик қасиеті қалыптасты. Ол өзінің шығармаларында қатал өмірдің зұлым жақтарын, сатушылық прессасын көрсете білді. Ақын қостаған Р.Купер, Н.Готорн, Г.Монгрелло шығармашылығы дүние жүзілік әдеби процесінің бөлігі ретінде санаған ұлттық әдебиет дамуында үлкен роль ойнады. Европа әдебиетінің шығармаларына дұрыс баға беру қабілетін Б.Шоу жоғары бағалады. Ағылшын әдебиетінен По Шекспирді, Мильтонды, Дероны ерекше бағалады.
Поэтикалық шығармалары. Эдгар По – талантты лирик, поэтикалық тілді қолдану мүмкіндіктерін кеңейткен күшті экспериментар. Өлеңнің аяқталған теориясын құрастырушы американ әдебиетінің алғашқыларының бірі болды. Поның ерте поэзиясы жетістіктерге ие болмаса да, онда ақынды өмір бойы алаңдатқан басты сұрақтар орын алды. Ол кейінгі лирикасының (1845-1849) мазмұнында жоғары әдеби баға алды. Оның «Ворон», «Улалюм», «Эннабел Ли», «Эльдорадо», «Қоңырау» атты шығармалары үлкен атақ әкелді. По өлеңге қысқалың, жаңалылық және шындық тән болу керек деп санады. Ақынға үлкен атақ әкелген өлеңі «Ворон» (1845) деп аталады. В.Брюсов «Воронды» «қорқыныш» шынайлықтан табылған Эдгар Поның ерекше шеберлігі деп таныды. Поэманың қысқаша мазмұны мынандай: «Жоғалған Леонара туралы» қайғырып отырған жалғыз қиялшыл адамның бөлмесіне құйын кіріп кетеді. Леонора дегеніміз, біреу «ешқашан» деген сөзді үйретіп қойған қарға Ақынның өзі «Қарға» деген тақырыпты «әдемі жас келіншектің өлімі» ретінде анықтайды. По әдемі әйелдің өлімін әлемдегі поэтикалық сюжет ретінде қараған По поэзиядағы музыканың ролін әдейілеп оқып үйренді. Мәселен, «Қоңырау» өлеңінде әрбір бөлім әуенділікті иеленеді. Оқырманның алдында туу, үйлену, қайғы, өлім сияқты адамзат тағдырының кезеңдері ашылады. По лирикасының әуенділігіне ырза болған Морис Равель мен Клод Дебюсси ақын сюжетіне музыка ойлап шығарды. Фольклор балладасының жанрын пайдалана отырып, По махаббаттың шексіздігі туралы «Эннабел Ли» өлеңін жазды. Поның әйелінің анасы Марии Клеммге арнаған «Менің анама» атты сонеті адам баласын шынайлығы және қарапайымдылығымен қозғайды. По прозаикалық өмірге эмоцияналдықты, руханилықты, идеялдылықты кіргізбекші болған романтиктерге жатады.
Эдгар По – новеллашы. Ирвинг және Готорнмен бірге Эдгар По новелла ұлттық жанран құрушылардың бірі болды. Американ және әлемдік әңгімеге ықпалын тигізген 70 әңгіменің иесі болды. Райнов «Эдгар Поны толық негізбен үш жанрдың: детективтік, ғылыми-фантастикалық және қорқыныш әдебиетінің бастаушысы деп санауға болады деп атап көрсетті. По шығармашылығы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңге фантастикалық сипатқа ие болған 30 жылдары жазылған әңгімелері жатады. Оның «Қорқынышты» және «құпия» әңгімелерінің астарында өмірге деген терең қанағатсыздық, оның философиялық және эстетикалық қайыршылығы көрініс табады. По өмірінің соңына шейін әлеуметтік зұлымдықтың себебін білмейді. «Ашерлер үйінің құлауы» (1839) — жалғыздық тақырыбына құрылған әңгімесі. Шығармашылығының бірінші кезең бұл әңгімемен аяқталады. Родерик Ашер – нәзік сезімді суретші, қайғылы музыкалық әуендердің дарыны, жалғыздық қасіретін тартып, аса жақсы көретін апайын Мэдиллейннің ауруына түңілген жан ретінде суреттеледі. Ол өзінің жақын арадағы қазасын сезініп, мәңгілік қорқынышпен өмір сүреді. Қатты талып қалған ауру апайын Родерик жерлейді. Өзіне келегн апайы зираттан шығады. Ол өзімен бірге бүкіл қорқынышты алып келді. Мэдиллин мен Родерик нәзік сөзімді жандар өзін қоршаған ортаға сай бейімделмеген еді. Бауыры мен апайы – бір бүтін, біреуінің өлімі екіншісінің өліміне алып келеді. 40 жылдары Эдгар По американ және европалық детективтік әдебиетке зор ықпал еткен детективтік әңгімелерін өмірге әкеледі. Олар: «Морг көшесіндегі өлім» (1841), «Мари Роже құпиясы» (1842), «Алтын қоңыз» (1843), «Ұрланған хат» (1845) және т.б. По новеллаларының кейіпкері, тергеуші Дюпенің құпия өлімді ашуы туралы «Морг көшесіндегі өлім» новелласында айтылады. Оны өлімнің хайуандық сипаты таң қалдырады; ол кісі өлтірушінің ерекше даусына назар аударады, себебі көргендердің бәрі бір сөз немесе адамға тән дыбыс естілмеген. Өлген адамның жарақатына қарағанда қылмыскер алып күштің иесі болғанын да Дюпен байқады. Бойында ерекше жеңілдік бар қылмыскер терезеден секіргенін де Дюпен түсінеді. Кенет Дюпенге ой келеді. Оның шешімі шындыққа айналды. Булан орманыннан иесінен қашқан орангутан табылады. Артынан теңізші иесі де өлім туралы айтып келеді. «Алтын қоңыз» әңгімесінде По ауыз әдебиетіндегі қарақшылар жаулап алған қазына туралы аңыз негізінде жазылған. Аналитикалық ақылды меңгерген Легран ерекше әдемі қоңызды тауып алады. Жұмысшы негр Юпитер оны пергаминтке орайды. Пергаменттегі бас сүйек Легранға пергамент бір кездері қарақшылардыкі болғанын байқатады және де пергамент алдында қазынаның тұрақты жері туралы жазылған. Жылудың әсерімен пергамент «сөйледі»: онда бас сүйек бастырмасы. Шифр және қарақшы Киддтің қолы анықталады. Поның детективтік әңгімелерінде шынайшылық ізі байқалады. По шығармашылығынан сонымен бірге біз ғылыми – фонтастикалық әңгімелер байқаймыз. По өз замнының ғылыми ойшыл әдебиетшісі болған, ол атақты Ньютонның, Лапластың, Фергюсонның, Гумбольдтың теориясын оқиды, астрономияны жақсы білді, Айды зерттеді. Дыбыс және түс туралы зерттеулер жазады. Бұл тақырыпта «Бутылкадан табылған қолжазба», «Низвержение в Мальстрем», «Шехеразаданың мың екінші ертегісі» атты еңбектері бар. Онда ол әдебиетпен ғылымды біріктіреді. По сонымен қатар юмористикалық, сатиралық әңгімелер қатарын жазады. Ол «Черт на колькольне» (1839), «Челове дела» (1840), «Эксвайдердің Томның әдеби өмірі» (1844) деген әңгімелерінде алаяқтық өмірін кертартпа суреттейді.
М.Горький Поны «форманың өе жақсышебері», шынайы суретші ретінде таниды. Жазушы ағылшын тілінің аса құдіретті стилистерінің бірі болады. Поның ойынша әңгіменің бірі болады. Поның ойынша әңгіменің басы оқырманды еліктіретіндей бояу керек. Сондықтан әңгіменің басына көп көңіл бөлді. Эдгар По және Ж.Гонкуралар 1856 жылы қолжазбаларында былай деп жазады: «Поны оқығаннан кейін бізге ерекше бір жаңалық ашылды. Оны халық, я оқырман байқамайтын сияқты. По- бұл жаңа әдебиет, ХХ ғасыр әдебиеті.» Змандастары жазушыны түсінбеген. Тек кейінгі ағым өкілдері Бадлер, Валери, Ремболар Поның жаңа қоғамға әйгілеген шығармашылығының мәнін ашты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *