АЛЕКСАНДР ДЮМА, ЖОРЖ САНД ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РОМАНТИКАЛЫҚ ЭСТЕТИКА

 

Дәрістің мақсаты: А.Дюма мен Ж.Санд туындыларының романтикалық жүйесімен таныстыру.
Тірек сөздер: «Граф Монте-Кристо», роман-фельетон, Фигаро, Консуэло, реформа, Орас.
Дәрістің жоспары:
1. А.Дюманың тарихи-шытырман оқиғалы романдары.
2. Жазушының суреткерлік шеберлігі.
3. Дюманың 40-шы жылдарда жазған туындылары.
4. Дюманың гуманистік идеялары.
5. Ж.Санд туындыларындағы басты тақырып.
6. «Орас», «Консуэло» романдарының тәрбиелік мәні.
7. А.Дюма, Ж.Санд шығармаларының әлем әдебиетіндегі орны.

Александр Дюма(1802-1870). Француз романтизмі тарихындағы ең кесек тұлғалардың бірі. Алғашында Дюманың жазушылық дарыны мойындалмай келді. Алайда, уақыт өте келе оның шығармалары өз замандастарының арасында орасан зор табысқа ие болды. Француз, тіпті барша әлем оқырмандарының өзі Франция тарихымен алғаш осы Дюманың романдары арқылы танысты. Жазушы туындыларын әр кезеңдегі әлем әдебиетінің ірі классиктерінің барлығы сүйіп оқыған. Қазір де жер жүзіндегі оқырман қауымның аса бір қадір тұтып, құмарта оқитын кітаптарының санатынан шыққан емес.
Александар Дюма – республика генералының ұлы. Жас кезінен әр түрлі қызметтер атқарып, Парижге келгенде классицизмге қарсы романтикалық күрестің қайнаған ортасына түседі. Әдебиет әлеміне құрдасы Виктор Гюгоның әдеби үйірмесінің мүшесі ретінде араласады.
Жас талантқа оның алғашқы «Геннрих ІІІ және оның ауласы» («Генрих ІІІ и его двор») атты тарихи драмасы бірден атақ әкеледі. Бұл туынды өз ортасында алғашқы романтикалық драма тұрғысында қабылданып, жаңа бағыттың басы ретінде бағаланды.
Бұл туындының әр минуты шым-шытырық оқиғаларға толы. Көрермендерге король мен герцогиня, астролог Руджери, герцог Гизолардың арасындағы қым-қиғаш қарым-қатынастар сахна төрінен өзгеше әсер тудырды.
Одан соң «Антони» /1931/, «Нельдік мұнара» («Нельская башня») /1832/, тағы басқа көптеген шығармаларын жазды. Отызыншы жылдардың ортасынан бастап, бірінен соң бірі жарық көрген тарихи романдарының талайы әлем оқырмандарына танылып, оның есімін елге танытты. Ал, ең атақты туындылары қырқыншы жылдармен сәйкес келеді: «Үш ноян» (Три мушкатера») /1844/, «Жиырма жылдан соң» («Двадцать лет спустя») /1845/, «Марго ханшайым» («Королева Марго») /1845/, «Граф Монте-Кристо» /1845-1846/ т.б.
Дюма шығарамашылығы алғашында демократиялық тынысты қосымша жанрлар – жеңіл мелодрамалар мен әлеуметтік-шытырман оқиғалы роман-фельетондармен байланысты болды. Көптеген туындылары, соның ішінде «Граф Монте-Кристо» ең алдымен газет беттерінде жеке-жеке фельетон түрінде басылып, көпшілікке танылды. Оның романдарының көркемдік-эстетикалық табиғатына көбінесе қарапайымдылық, тіпті жеңіл мінезділік, қызу да асқан құмарлылық, мелодраматикалық әсерлілік, тартымды фабула, авторлық көзқарастар мен көркемдік қолданыстардың жалпыға бірдей жетімділігі тән болып келеді.
Жазушының тарихи романдары романтизмінің бәсеңсіп бара жатқан кезеңінде жазылды. Соған қарамастан Дюма романтикалық көркемдік ойларға басқа қырынан келіп, оған оқырман жеңіл де жылы қабылдайтын, көңіл жадыратарлық рең мен өзгеше леп бере білді. Сөйтіп, тарихи жанрды романтизмнің барша әлем жұртшылығы ең бір сүйіп оқитын саласына айналдырды.
Дюма да Вальтер Скоттай, тарихи оқиғалардың тереңіне бойлай бермейді. Оның романдары – авантюрияға құрылып, көбіне тарихтың жарқан беттерінен алынған драматизм мен шым-шытырық, қызық оқиғаларға толы. Кейіпкерлерінің ара қатынасы мен шынай жайыттарға өз қиялы да астаса келе, өзгеше бір әсер тудырады. Шығарма материалы ретінде автор мемуарлар мен құжаттардағы тіпті ақпарат құралдарындағы хроникалық материалдарды алып зерттеп, зерделей отырып көркем туындыға айналдырған. Бұл да жазушы шеберлігінің бір қыры болса керек. Бір жағынан автор тарихи фон мен қоғамдағы жергілікті колоритті әдемі де әсерлі етіп суреттегенімен, алдына сол жайыттардың қыр-сырын толықтай ашып көрсетудің мақсатын қоймаған.
Басты тарихи оқиғалар: соғыс, саяси төңкерістер – Дюмада өзінің жеке көзқарасы тұрғысында беріледі. Олар: қоғамдағы ұсақ-түйек кемшіліктер, билеушілердің машақаты мен мінез-құлықтары, өзімшілдік пен жеке бастың қамы, сарай маңындағы абыр-сабыр оқиғалар төңірегінде өрбіп отырады.
Бұл әсіресе атақты «Үш ноян»(«Три мушкатера») туындысынан анық аңғарылады. Ришелье мен герцог Бекингемнің арасындағы келіспеушілік кардинал мен король Людовиктің теке-тіресіне ұласады. Тарихи оқыс оқиға Англиямен соғыстың туындау-туындамауы түкке тұрмайтын болымсыз дүниеге байланысты өрбиді. Ол кезейсоқ уақиға ноян Дартаньянның жақұт алқаны ханымға уақытында жеткізуіне қатысты еді. Дюма өзінің осындай ойдан алынған кейіпкерлерін тарихи жайыттарға белсенді түрде араластырып қана қоймай, оны қалауы бойынша бұрмалап та отырған. Мысалы, Дартаньян мен Атос Карл ІІ-нің Англияның королі болуына ықпал жасаса; король Людовик ХІV-ші Арамиспен арасындағы шиеленіске байланысты Бастилия қамауындағы ағасымен ауысып кете жаздайды. Қысқасы, Дюманың тарихи романдарының сюжеті көбінесе мелодрамалық дәстүрге сай келеді.
Дегенмен, автор тарихи шындықтан мүлдем алшақ кетпей, осындай шегіністер мен қызықты оқиғалар, тосын кейіпкерлердің іс-әрекетері арқылы өз шығармаларына айрықша рең беріп, оқырмандарына ерекше әсер силауды мақсат тұтқан. Оның бұл көркемдік әдісі романтизм әлеміне жаңа бір леп әкелді. Дюма қашанда прогрессивтік күштер мен халық жағында болып, зұлымдық әлемімен күресте көрінеді. Оған жазушының демократиялық ойлары мен республикандың түсініктерінің әсері мол болды.
Дюманың тарихи романдарының басты жетістігі, оның өткенді қазіргі өмірге мейілінше жақындатуында. Оқырман назарына тарихты жай ғана хроникалық түрде емес, өзгеше бояудағы, әдемі де әсерлі, тартымды да қызықты оқиғалар мен тарихи персонаждардың іс-әрекеттері арқылы өз заманынымен сәйкестендіре алып келеді. Суреткер-жазушы туындыларының сюжеті көбінесе шым-шытырық оқиғаларға құрылған. Аяқ асты туындайтын шиеленістер мен оның шешімін шебер тауып, әдемі суреттер арқылы, тапқыр ойлармен өрнектейді.
Суреткер романдарындағы басты кейіпкерлердің бейнесі тарихи персонаждардан кем сомдалмаған, керісінше, кей жерлерде өмірдегі болмысынан өзгеше, асыра суреттелген. Гаскондық Дартаньян мен оның достарының бойындағы күш-қуат пен батылдық, тапқырлық пен өмірге деген құштарлықтары, әлсіздер мен қорлық көргендерге әр уақ көмек беру үшін, жамандық пен зұлымдыққа қарсы бағытталған.
Нақты айтқанда, Дюма шығармашылығы гумманистік тамаша ойлармен сусындай келе, халық өмірімен тығыз байланыста болды. Сондықтан, жазушы мұрасы әлем мәдениетіндегі мәңгілік тұғырын сақтай бермек.
Жорж Санд. Аврора Дюдеван(1804-1876), әлем жұртшылы-ғына Жорж Санд деген есімімен танымал. Француз әйелдерінің ішінен шыққан жазушы Люсиль Аврора Дюпен (күйеуінің тегі бойынша Дюдеван) ХІХ ғасырдағы психологиялық және тұрмыстық романтикалық романдарға қалам тартқан белгілі тұлғалардың бірі. «Адамзаттың жаңғырығы болмай, ақын немесе суреткер атану мүмкін емес» деген өз ұстанымындай, Аврора өз ғасырының тыныс-тіршілігінің «сыңғырлы жаңғырығындай» бола білді. Ол сол кездің атақты әдебиетші-романтиктері – Жермен де Сталь, Гюго, Мюссе, реалист-суреткерлері – Стендаль, Бальзак, Флоберлермен шығармашылық қарым-қатынасын үзбеді. Сондай-ақ композиторлар – Лист пен Шопен, ақын Мицкеевич, қыл қалам шебері Делакурлар жазушы талантына бас ие, дос болады. Ресейге де аты танылып, Белинский Аврораны «Біздің заманымыздың Жанна Д’Аркы» деп бағалаған.
Аврора Дюпен 1804 жылы Париж қаласында дүниеге келеді. Оның әкесі дворяндар династиясынан шыққан әскери шенді адам еді. Әкесінің өлімінен кейін Аврора Берри провинциясының Ноанд атты елді мекендегі аристократ әжесінің қолында тәрбиеленеді. Болашақ жазушы алғаш білімін католиктер пансионатында оқып алады. Әдебиетке жақын әкесінің кітапханасында жас Аврора Руссо, Байрон, Шатобариандардың шығармаларымен танысады.
Он сегіз жасында ол көңіл қызығушылығы болмаса да, барон Дюдеванға күйеуге шығады. 1831 жылы ол күйеуін қалдырып, ешкімге тәуелсіз еңбек жолын қуу үшін Парижге келеді. Сол уақытта мұндай батыл қадам жасау екінің біріне жазбаған болатын. Астанада ол жас журналистер мен жазушылар қоғамына бірден сіңісіп кетеді. Шығармашылық және бас бостандығына қуанған Аврора, Париждің интеллектуалды, қайнап жатқан мәдени ортасына аса бір ынтамен араласады. Ең алдымен париждік озық ойлы әдеби-демократиялық интеллигенция жиналатын барлық жерлерге – кітапхана, клуб, театр, дәрістерге үзбей барып жүреді.
Алғашында жас жазушы саяси күрестен алшақ болады. 1831 жылы ол аты елге белгісіз жазушы Жюль Сандпен бірігіп «Роза мен Бланш» атты романды «Жюль Санд» деген лақап атпен бастырады. Бірі – актриса, бірі – монохиния, әпкелі-сіңілі екі қыз туралы бұл роман өте табысты болады. Кейінірек ол өзін әлемге әйгілі еткен ер есімі Жорж Санд деген атты иеленіп, жеке жаза бастайды.
Отызыншы жылдардың екінші жартысынан бастап Жорж Санд утопиялық социалистермен жақынырақ араласқаннан соң, сол кездегі солшыл республикалық оппозицияның жақтаушысы болады.
Оның әдеби, қоғамдық-саяси мүмкіндігінің жоғарылау жылдары келесі онжылдықпен сәйкес. 1841 жылы ол социалист-утопистер қоғамының құрылуына, «Тәуелсіз көзқарас» («Независимое обозрение») журналының және «Эндрлік ағартушы» («Эндрский просветитель») газетінің шығуына қатысады. Ал, 1844 жылдан бастап солшыл-республикалық газет «Реформада» жұмыс істейді. Жорж Санд өмірінің маңызды қырларының бірі – оның күрескер ақындарға жасаған әдеби ықпалы. 1848 жылғы «Ақпан төңкерісін» жазушы жалынды мемлекет қайраткерлерінше қарсы алады. «Халық ісі»(«Дело народа») газетін шығарып, төңкерілісші-лердің нұсқауы бойынша «Революция бюллетеньдерінің» редакторы болады. Бұл бюллетеньдер көшелерге жапсырылып, халықтың революциялық рухын оятты. Ол қоғамдық өрлеу мен ұлы өзгерістер тек халықпен бірге ғана болатындығына сеніммен қарап, өз ғұмырын әйел бостандығы үшін күреске арнады. Бұл жолға тек халықтық революция ғана бастай алады деп тұжырымдады.
Алайда, революциядан кейінгі «қанды маусым» күндерінен соң қуғындалған Жорж Санд саясаттан мүлден алыстап, өмірінің соңғы жылдарын өскен жері Наондта өткізеді.
Жорж Санд әдебиет әлеміне келгенінен бастап, көп еңбектеніп, барлық ғұмырын осы жолға арнады. Мысалы, отызыншы жылдары «Фигаро» газетінің қызметкері бола жүріп, күнделікті жазуға тиісті жиырма бет сөзді ойдан құрастыра салу, оған түк те емес болатын. Сондықтан оның соңына қалдырған әдеби мұрасы өте қомақты. Жазушының бізге белгілі 100-ден астам романдары мен повестері, 18 драмасы, көптеген публицистикалық мақалалары, бірнеше автобиографиялық көптомдығы, 18 мың хаты мен басқа жазбалары бар. Дегенмен, ол ешбір әдеби мектепке арнай араласқан емес, бірақ оның басты шығармашылық концепсиясы романтизм идеялары болды.
Алғашқы «Индиана»(1832) атты романынан бастап Жорж Санд әйелдердің бас бостандығына баса назар аударып, осы тақырыпты басқа да «Жак», «Лилия», «Валентина» т.б. туындыларында одан әрі өрбітті. Өйткені бұл келеңсіздікті өз басынан да өткерген автор, деспотизм, қанушылық пен бас пайдаға құрылған буржуазиялық некеге ашық қарсы шыға отырып, отбасындағы әйел тәуелсіздігін қалады. Сондықтан жазушының аталмыш туындыларында әйел бақыты үшін күрестің қайнаған ортасында әр уақ тәкаппар, жалғызбасты қыздар көрінеді. Оның басты кейіпкерлері – Индиана, Валентина, Лелия т.б. нәзік жандардың адамгершілік құқықтары үшін күресіп, сезім бостандығын талап етеді. Жорж Сандтың өзіндік стилін көрсететін бұл шығармалардағы көркемдік ойлардың жиынтығы, романтикалық тебіреніс пен лиризмге құрылған.
Қырқыншы жылдары жазушы өзінің саяси көзқарасының кеңейуіне байланысты өз кейіпкерлерін енді жеке бастың, отбасы ортасынан қоғам өмірінің үлкен әлеміне әкеледі. Енді өзінің жеке басының жағдайлары мен қасиеттері арқылы ғана көрінетін романтикалық кейіпкерлерінің орнына, Санд шығармашылығына жаңа образ келді. Ол – жазушы болашағын байланыстырған халықтан шыққан адамдар образы. Суреткердің сол кезеңдегі тамаша романдары ……
1848 жылдары Жорж Санд бірнеше әлеуметтік романдар жазды.
«Осыған дейінгі шығармаларының кейіпкері» корольдер мен ханзадалардың орнын қазір өмірі мен тағдыры, қуанышы мен қайғысы романның мазмұнын құрайтын кедей қауымы алды… Жорж Санд, Эжен Сю және Боз (Диккенс) жататын бұл бағыт сол заманның бір белгісі»,-деп жазды Энгельс 1844 жылы жазды.
Осы кезеңнің ең бір ірі әлеуметтік романдарында, «Грех господина Антуана», «Странствуюленші подмастеры», «Мельник из Анжибо» романдарында, Жорж Санд буржуаздық қоғамды қатты сынға алды. «Мельник из Анжибо» ауыл байы, кулак Бриколен өзінің үлкен қызының бақытты өмір сүруіне кедергі жасады, қызын сүйгенінен айырады. Кіші қызына да тура осындай жағдай туады. Романдағы басты кейіпкер Бриколен образының шыншылдығын ерекше атай отырып, Белинский былай деп жазды: «Бұл романда бір типтік образ бар – ол Бриколен образы, сол кезгі Франциядағы жағдайды көрсететін сараңдық, ақылдың қысқалығы, ойдың шолақтығы, сезімнің төмендігі т.б.»
«Грех господина Антуана» романында Жорж Санд ірі өндіріс өнімдерін шығарушы Карданнені ерекше көрсетеді. Ол өз фабрикасының ұсақ мекемелерді құртады, барлық аймағындағы тұрғындарға аштық пен өлім әкеледі.
Бұл екі романда да Жорж Санд екі қарама-қайшылықтан байлық пен кедейлікпен, еңбек пен капиталдан шығуды ұсынады. «Мельник из Анжибода» бай дворян қызы Марсель де Бланшеман ғашығы қарапайым жұмысшы Анри Лемормен бірдей болу үшін бар байлығынан айрылуға бар. «Грех госпадина Антуана» романында фабриканттың ұлы әлеуметтік көзқарасы бар жас Эмиль Нардонне өз қалыңдығының қалың малының орнына еңбектің барлық нәрсесі ортақ болатын еркін коммунистік колония салуды армандайды.
«Орас». Жорж Сандтың әлеуметтік романдарға да жатқызуға болатын романының бірі – Орас.
Провинциалды чиновник семьясынан шыққан жас судент Орас Париж қаласына оқуға келді. Өзін ғана сүйетін ерке не ең таза сезімге бейім емес. Жұмысшы Әрсен Орасқа қарама-қарсы қойылған, кішіпейіл, қарапайым адам, бірақ нағыз игі, батыл, ер жүрек. Жорж Санд халықтың бақыты мен бостандығына бейбітшілікпен қол жеткізуге шақырады.
«Консуэло». Бұл көп жоспарлы романда оқиға ХҮІІІ ғасырда болған. Бұнда Жорж Санд өнердің есебі туралы, суретшінің дәрежесі мен міндеті туралы өз ойларын белдіреді.
Консуэло – көше әншісі қарапайым сыған қызы, халық арасынан шыққан талантты қыз, табиғатынан ғажап артист. Қызықты оқиғаларға толы өмір кейіпкерді шындықты тануға әкеледі. «Графиня Рудолнитадская» романында («Консуэлоның» жалғасы болып табылады, бірақ одан да гөрі әлсіз) Консуэло мен оның күйеуі Альберт Рудолнитадский ел аралап, музыканы халыққа таратып және одан үйренеді. Крестьяндарға скрипкада ойнай отырып, граф Рудолнитадский ұлттар туыстығын уағыздайды.
1848 жылы революциядан кейін Жорж Санд саяси өмірден алыстап кетеді. Оның шығармаларындағы әлеуметтік тақырып та жоғалып кетті. Тіпті революцияға дейін жазушы ауыл өмірін жазған. Крестьян өмірінен алынған повесіне «Чертова мужа», «Маленькая Фадетте», «Франсуа» т.б.
Жорж Санд 40-50 жылдары Ресейде әйгілі болды. Оның романдары туралы Блинский, Чернышевский, Герцен жазған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *