АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ

АМИН ҚЫШҚЫЛДАРЫ — құрамында бір немесе бірнеше карбоксил (СООН) және амин (NH2) тобы бар органикалық қосылыстар. Түссіз, суда жақсы еритін, көбіне, тәтті дәмі бар кристалды зат. Балқу t 220 — 315°С. Ол негіздікте, қышқылдық та қасиет көрсетеді. Ол өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдер клеткаларының, барлық белоктардың, сондай-ақ ферменттердің, гормондардың, антибиотиктердің және түрлі пептидтердің құрамына кіреді. Бос күйінде А. к. барлық тіндерде, дененің сұйық заттарында болады және клетканың метаболдык процесіне қатысады. Белок құрамындағы ең маңызды 20 ὰ А. к-ның жалпы формуласы: RCH (NH2) COOH. Бұлардан басқа өсімдіктерде бос түрінде кездесетін 100-ден астам А. қ. белгілі. Организмде белок тузілгенде, оның молекуласына қандай А. к. кіретіні, олардың орналасу тәртібі ДНҚ-ның хим. құрылымындағы генетикалық код арқылы анықталады. Көптеген өсімдіктер мен бактериялар өздеріне қажет А. қ-н қарапайым органик. емес қосылыстардан синтездеп алады. Адам мен жануарлар денесінде де бірқатар А. қ. синтезделінеді. Бірақ организм 8 А. к- н (валин, изолейцин, лейцин, лизин, метионин, треонин, триптофан, фенилаланин) тек қоректен, дайын күйінде алады. Осы аталған А.қ-ның біреуі жетіспесе, белоктың және организмге өте қажетті гормон, пигмент, т.б. заттардың синтезі жүрмейді. Сөйтіп адам да, жануарлар да түрлі кеселге шалдығады. Сондықтан тағамның, мал жемінің құнарлылығын арттыру үшін пайдаланылатын бірқатар А. қ-н хим. және микробиол. жолмен өндірістік синтездеу тәсілі игерілген. Физ.-хим. қасиеттерінің алуан түрлілігіне байланысты А. қ. көптеген салаларда (мыс., метионин және аминомай қышқылдары — медицинада, лизин — мал ш-нда, капрон қышқылы — полиамид өндірісінде, ароматтық. А. к. — бояу және дәрілік заттар өндірісінде) қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *