Жоспар:
1.Эстраданың әр жанрлары.
2.Репертуарға эстрадалық әндер алу.
3.Вокалдық жаттығулар мен вокализдер.
Дауыс күшейткіш аппараттарды қолданып ән орындау.
Жоспары:
1.Микрофонмен ән айтуды меңгеру.
2.Минусовкамен ән айтуды үйрену.
3.Плюсовкамен ән айтуды үйрену.
Эстрада өнердің шағын түрі деп те аталады. Эстрада артистері жасаған
сахналық бейнелер психол. жағынан күрделі болмағанымен, олар ашық та
жарқын бояуға, гротескіге толы болады. Эстрада өнерінің қайнар көзі еуроп.
елдерде жонглерлер (Франция), шпильмандар (Германия), скоморохтар
(Ресей), даршылар мен масқарапаздар (Орт. Азия), қулар (Қазақстан) сияқты
кезбе өнерпаздардың сауығына саяды. Олардың ойын-сауығы сатиралық
көріністер мен машықтандыруды, акробатика мен жонглерлік өнерді, ән мен
билерді қамтыды.
Эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады. Кейде жалғыз артистің өнер көрсетуіне құрылған жеке – соло концерт те болуы ықтимал. Әрбір ойын-сауық нөмірінің ұтымды әрі шапшаң (10 – 15 мин) орындалуымен байланысты.16 – 17 ғ-ларда Эстрадалық өнердің мұндай түрлері халық сейілдерінде, балағандар мен жәрмеңке алаңдарында одан әрі өркендеу өрісін тапты. 18 ғ-дың басында Англияда ойын-сауықтары ән-билерден, шағын пьеса мен буффонадалық интермедиялардан тұратын мюзик-холлдар пайда болды. Лондон қ-нда “Альгамбра” (1890), “Колизей” (1904) атты мюзик-холл құрылып, жұмыс істей бастады. Эстраданың осы сияқты түрлері дүние жүзінің көптеген елдерінде бой көрсетіп, кеңінен тарады. 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында Францияның жәрмеңке театрлары сахнасында көбіне фольклорға негізделген сатиралық өлеңдер мен тақпақтар зор табыспен орындалды. Эстрадасы бар мейрамханалар кафе-шантандар деп аталды. Бұлардың артистері кейде өз ойын-сауықтарымен әлеум. мәселелерді қозғады. Бірақ олар көбіне көңіл көтеруден аспайтын, ой-мазмұны таяз ойын-сауық нөмірлерін орындаумен шектелді. Тыңдаушы-тамашалаушыларға әннің сөзін жеткізу, әннен гөрі сөзге, яғни мелодекломацияға еркін ауысып отыру Эстрада өнерінің ерекшелігі болып табылады. 19 ғ-дың 80-жылдары Францияда импровизац. ойын-сауықтар қоятын кабарелер ашылды. Бұлардың ойын-сауықтарына ақындар мен музыканттар, орындаушы актерлер, өмірдің көкейтесті мәселелерін қозғайтын өлеңдер мен әндер, сатиралық көріністер мен би нөмірлерін және пародия орындаушылар қатысты. Осы жылдары ойын-сауыққа қатысушы орындаушы-өнерпаздардың аты-жөнін хабарлап тұратын және көрермендермен қызғылықты әңгіме-дүкен құрып отырушы конферансье өнері де өмірге келді.
Сұрақтар:
1.Эстрадалық әндер және эстрада жанрының тарихы туралы түсініктеме бер?
2.Қазақстан эстрадасының тарихы туралы не білесің?
3.Эстрадалық әндерді орындағанда аппараттарды қолдану тәсілдері туралы айтып бер?
Қолданған әдебиеттер:
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005