Жоспары:
1.Репертуарға романс таңдау.
2.Романс мәтінімен жұмыс.
3.Вокалдық жаттығулар және вокализбен жұмыс.
Шетел және Қазақстан композиторларының романстары туралы.
Жоспары:
1. Қазақстан композиторларының романстары.
2.Батыс композиторларының романстары.
3.Орыс романстарын талдау.
«Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді.
Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, коватина, баллада және т.б.
Романс(исп. romance) — белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма. Испанияда пайда болған романс алғашында испан (“роман”) тіліндегі ән деген ұғымды білдірген. Бүгінде романс лирико-эпикалық немесе лирико-драмалық мазмұнға толы бір дауысқа арналған ән жанры. Романс көбіне лирикалық поэзия мәтініне құрылып, аспаптық музыкада вокалдық негізде жазылады. Романстың әннен айырмашылығы — әуеннің сөзбен тығыз байланыстылығы мен аспаптық сүйемелдеудің маңыздылығында. Романстың баллада, элегия, т.б. жанрлық түрлері бар. Романс синтетикалық, музыко-поэтикалық жанр ретінде 18 ғасырдың 2-жартысында неміс композиторларының мектебінен басталып, кейін Франция мен Ресейде жалғасын тапты. 19 ғасырдағы романтизм кезеңінде жетекші жанр рөлін атқарып, адамның ішкі дүниесінің сезімталдығын жан-жақты көрсету мен оны музыка арқылы бейнелеуді негізге алды.
Сұрақтар:
1.Романс жанры туралы түсініктеме бер?
2.Романстың түрлері туралы не білесің?
3.Қазақстан композиторларының романстары туралы түсініктеме бер?
Қолданған әдебиеттер:
1.Қазақ энциклопедиясы, 7 – том
2.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
3. И.Кочнева, А.Яковлева «Вокальный словарь» Ленинград «Музыка» 1986г.