«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының негізгі мақсаты пәннің
мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру, сонымен қатар, басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық
құндылықтардың, ұлттық әдебиет пен мәдениеттің үздік дәстүрлерінің негізінде
оқушылардың шығармашылық және зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің маңыздылығы. Қазақ тілі – өзара қарым-қатынас
жасаудың негізі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оқушылар қазақ тілін
үйрене отырып, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларымен қатар түсіну
және жауап беру, анализ, салыстыру және бағалау дағдыларын дамытады, сонымен бірге,
оларды қоғамда тиімді қолдана білуді үйренеді. Тілді меңгеру әлемдік деңгейде жаңа
өзгерістерге бейім, жаңашыл, ұлттық құндылықтарды түсінетін жеке тұлға қалыптастыруға
ықпал етеді.
Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы, өйткені ол барлық Қазақстан
азаматтарын біріктіреді. Қазақ тілі қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан
тәжірибесін, құндылықтарын, үмітін, өмір сүру стилін, қиындықтар мен жеңістерін,
сонымен бірге халық шығармашылығын көрсетеді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәніне арналған оқу бағдарламасының мақсаты – білім
деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді
шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу. Мемлекеттік тілді
құрметтеу және өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынасты нығайту – Қазақстандағы ұлтаралық
келісім кепілі.
Пәннің негізгі мақсаты оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын
тұрғысынан ойлауға дағдыландыру болғандықтан, оқушылар әңгіме, поэзия, драма, сондайақ ғылыми және бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын (газет-журналдар т.б.)
сын тұрғысынан оқи отырып, өз түсініктерін дамытады, оқу арқылы танымдық дағдыларын
арттырып, білім әлеміне жол ашады. Оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту арқылы
қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сонымен қатар, тіл
нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету іске
асырылады.
Оқу бағдарламасының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар, кең
ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталу оның ерекше өзгешелігі болып табылады.
Оқу мақсаттарының құрылымдалған жүйесі: білімін функционалдық тұрғыдан және
шығармашылықпен қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу,
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың
түрлі тәсілдерін қолдану, топпен және өз бетінше жұмыс істей алу, проблемаларды шешу
және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең
ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті
бітіргеннен кейін де жетістікке жетуінің кепілі болып табылады.
Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттерді дамыту білім беруде
«қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық»,
«еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты
құндылықтарды оқушыларға дарытудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар
оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық
бағдары болуы тиіс.
Бағдарлама өзге тілде білім алатын негізгі мектеп оқушыларын қазақ тіліндегі
сөйлесім әрекетін мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді. Бағдарламада тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық
дәстүрлер үйлестіріле отырып, өзге тілді мектептің негізгі деңгейінде пәнді оқытудың жаңа
бағыттары белгіленді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бағдарламасының ерекшелігі функционалды сауатты,
патриот, жауапты, көптілді, жасампаз және сыни ойлайтын, салауатты өмір салтын
ұстанатын, өмір бойы оқуға қабілетті оқушылардың танымдық дағдыларын, олардың сыни
және шығармашылық ойлауын, өз білімін өз бетінше үйлестіре білуін дамыту болып
табылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілдік
дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру,
тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:
— шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
— білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;
— туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ
тәрбиелеу;
— оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
— оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
— оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, тілі мен әдебиетімен, ұлттық салт дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге
деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқушылардың білім, білік және
дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті»
(CEFR) деңгейлерін (А1, A2, B1, B2, С1) негізге ала отырып айқындалған және әр деңгейдің
соңындағы күтілетін нәтижелер түрінде берілген.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқу арқылы оқушылар:
— сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытады;
— тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді;
— ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады;
— коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана біледі;
— өзгелермен еркін қарым-қатынас жасауды үйренеді;
-қазақ халқы мен мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастырады,
қызығушылығын арттырады.
«Қазақ тілімен әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны мен
құрылымы оқу мақсаттарына негізделіп құрылған. Пәндік білімнің мазмұны
коммуникативтік әрекеттер мен тілдік дағдыларға негізделген. Тілдік дағдылар бойынша
оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған. Пән
бойынша оқу мақсаттары мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой
бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты
көрсетеді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу мазмұны 5 бөлімге бөлінеді. Бөлімдерді
құрайтын бөлімшелер сыныптар бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттарынан
тұрады.
1-бөлім. Тыңдалым.
2-бөлім. Оқылым.
3-бөлім. Жазылым.
4-бөлім. Айтылым.
5-бөлім. Тілдік бағдар.
Одан әрі негізгі бөлімдер дағды немесе тақырып, білім немесе түсінік деңгейіне қарай
бөлімшелерге бөлінеді. Сынып аясында күтілетін нәтижеге қатысты айтқан кезде
бөлімшелер оқу мақсаттарын айқындайды. Оқу мақсаттары әрбір бөлімше бойынша
ілгерілеуді білдіріп, мұғалімдердің жоспарлауына және бағалауына, оқушылармен алдағы
қадамдары туралы ойларымен бөлісуіне мүмкіндік береді.
Оқу мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын – тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың
жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді.
«Тыңдалым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды
үйренуіне мүмкіндік береді:
— болжау;
— назарын шоғырландырып тыңдау;
— сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;
— көркем шығармаларды тыңдау;
— негізгі ойды анықтау;
— тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.
«Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
— сөздік қорының алуандығы;
— сөз мәнері мен сөйлеу этикеті;
— орфоэпиялық нормаларды сақтау;
— мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау;
— сенімді және еркін жауап беру;
— визуалды материалдар арқылы тілді дамыту.
«Оқылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды
үйренуіне мүмкіндік береді:
— мәтіндегі ақпаратты анықтау;
— стильдік ерекшеліктерді анықтау;
— көркем шығармаларды оқу;
— мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;
— қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу;
— өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау.
«Жазылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды
үйренуіне мүмкіндік береді:
— әртүрлі стильде мәтіндер құрастыру;
— эссе жазу;
— көркемдегіш құралдарды қолданып жазу;
— мәліметтерді жинақтау;
— орфография және пунктуация.
«Тілдік бағдар» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды
үйренуіне мүмкіндік береді:
— сөз таптары;
— сөйлем.
Сонымен қатар, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті»
пәндері бойынша әзірленген оқу бағдарламаларына негіз болған маңызды қағидат оқу
бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады.
Спиральді оқу бағдарламасы
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің
«Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді.
Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын
болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне
баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға
танымал жақын нәрседен басталғаны» абзал (Ж.Аймауытұлы, 1929).
Джером Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан
тұрады деп тұжырымдайды: