ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТА
«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың
әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі
мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды,
көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне
қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып,
бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде,
адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын
әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. ХХІ ғасырдың мектептері
оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен
ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір
алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін
дамытуға көмектесуі керек».
Андреас Шлейхер, Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы
директорының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша
арнайы кеңесшісі міндетін атқарушы (2014)
Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы
Технология, коммуникация мен ғылым салалардағы елеулі өзгерістер әлемдік
экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу
үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Сонымен қатар, қарқынды жаһандану
ұлттық экономикаға да ықпал етуде, оның үстіне қазіргі уақытта экономикалық дамуды
қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артып отыр. Женевадағы
Халықаралық еңбек ұйымының (2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін
маңыздылығын көрсетті: «… көлік және коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен
қатар, сауда мен капитал ағымын ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік
нарықта өзара бәсекелестіктегі жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге
артып келе жатқандығын көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп
қана қоймай, сонымен қатар, оның қолжетімді жұмыс түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс
табу үшін қажетті білім мен дағдыға да әсері артып келеді.
Гриффин және басқа авторлардың (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) айтуы
бойынша: «…экономикасы дамыған елдерде өнеркәсіптік өндірістен ақпараттық қызмет
көрсету және байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-
б.). Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі
жиырма бірінші ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру;
әлеуметтік өзгерістер; ауа райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі
халық санының қарқынды өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың
барлығы мектеп оқушылары қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін
бұрынғыға қарағанда анағұрлым көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.
Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ
мерзімді стратегия. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (Willem te Velde,
2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз
пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін
білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. Муршед және басқа
авторлар (Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс
енгізу үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді
реформалаудың қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы
мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені
үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар
туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда
қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Оқушылар оқу арқылы мәдени, эмоциялық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани
жағынан дамуға мүмкіндік алады. Оқу оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне де, сондайақ алған білімін әрі қарай дамытуына да мүмкіндік береді. Қоғамның толыққанды мүшесі
болу үшін адамдарға барлық тілдік дағдылар айтарлықтай маңызды болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жаһандық
проблемаларға жауап бере алатындай жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде. Оқу
бағдарламасындағы стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты
білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы
үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін
дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске
асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.
Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін
қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасы осы үдерістің
құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында болашақта қазақ тілі кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналатынын
айтып, тілдің қоғам өміріндегі маңызына тоқталды. Демек, көпшілік ортада қазақ тілін
қатысымға енгізуге әрбір азамат жауапты, мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін
білдіреді. Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі.
Қазақ тілін жүйелі әрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ әдебиеті
шығармаларымен кіріктіріле беріліп отыр.
Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту аясында тыңдалым, айтылым,
оқылым, жазылым дағдыларын дамыту нәтижесінде оқушылар алған білімдері мен
үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында бәсекеге қабілетті болуға, қарымқатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Оқушылар көпұлтты
қоғамдағы әртүрлі жағдайларда табысты ынтымақтастық пен өзара түсіністікте өздерінің
коммуникативтік қарым-қатынас жасау құзыреттіліктері мен тілдік дағдыларын жетілдіре
алады.
Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті бойынша оқу бағдарламасы осы
талаптарға сәйкес тілдік бірліктерді және олардың тіркесімділігі мен қолданылу
ерекшеліктері туралы білімді меңгеруде қолдау көрсетеді. Осының нәтижесінде оқушылар
сөздік қорларын тақырып аясында меңгерілетін сөздермен және фразеологиялық
тіркестермен толықтырып, оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым дағдыларын
жетілдіреді, нақты тақырыптар бойынша рөлдік ойындардың көмегімен тұлғааралық
қарым-қатынас дағдыларын жетілдіріп, қазақ және орыс мәдениетін, сондай-ақ басқа да
халықтардың мәдениетін түсініп, құндылықтарын бағалауды үйренед